Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch C-EXACT 1 Originalbetriebsanleitung Seite 152

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für C-EXACT 1:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

OBJ_BUCH-1401-003.book Page 152 Tuesday, February 24, 2015 11:26 AM
152 | Қaзақша
Henk Becker
Helmut Heinzelmann
Executive Vice President
Head of Product Certification
Engineering
PT/ETM9
Robert Bosch GmbH, Power Tools Division
70764 Leinfelden-Echterdingen, GERMANY
Leinfelden, 24.02.2015
Жинау
 Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру
немесе электр құралын ажыратудан алдын тоқтан
шығарыңыз. Осы сақтық шарасы электр құралының
байқаусыз қосылуына жол бермейді.
Пайдалану және сақтау қоршауы
Электр құралы тек жабық жұмыс жайларында пайдалануға
ғана арналған.
Кедергісіз пайдалану үшін рұқсат етілген қоршау
температурасы –5 °C пен +50 °C (23 °F пен 122 °F)
арасында болуы керек, ал рұқсат етілген салыстырмалы
ауа ылғалдығы 20 мен 95 % арасында конденсациясыз
болуы керек.
Электр тік бұрауыш –20 °C (–4 °F) мен 70 °C (158 °F)
аралығындағы температурада сақталуы қажет, сонда
электроникасы зақымданбайды.
Ілгіш аспап
Ілгішпен 8 электр құралын ілгіш аспапта бекітуге болады.
 Жүйелік түрде ілгіш күйін және ілгіш аспаптың
ілгегін тексеріңіз.
Жұмыс құралын ауыстыру
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Жылдам алмастыру патронын 3 алға тартыңыз. Алмалы-
салмалы аспапты 1 аспап патронына 2 салып, жылдам
алмастыру патронын жіберіңіз.
Тек сайкес салынатын аяқпен (1/4"-алты қырлы) алмалы-
салмалы аспаптарды пайдаланыңыз.
 Алмалы-салмалы аспаптарды орнатуда олардың
аспап патронында сенімді тұруына көз жеткізіңіз.
Егер алмалы-салмалы аспаптар аспап патронымен
қатты біріктірілмесе, босап кетіп, басқару мүмкін
болмайды.
Алмалы-салмалы аспапты шығарыңыз
Жылдам алмастыру патронын 3 алға қарай тартыңыз.
Алмалы-салмалы аспапты 1 аспап патронынан 2
шығарып, жылдам алмастыру патронын жіберіңіз.
1 609 92A 136 | (24.2.15)
Энергия қорегіне қосылу (A–B суретін
қараңыз)
Электр құралы желілік аспапсыз жеткізіледі. Жұмысқа
қосу үшін PUC-EXACT желілік аспап қажет.
 PUC-EXACT желі аспабын тек соған арналған электр
құралдарымен пайдаланыңыз. Басқа электр
құралдарымен пайдалану PUC-EXACT және осы
аспаптардың бұзылуына алып келуі мүмкін.
 Электр құралын C-EXACT ешқашан тікелей тоқ
желісіне қоспаңыз. Кабель ұзартқышын
пайдаланбаңыз. Электр құралы C-EXACT бұзылуы
мүмкін.
 Тек қана түпнұсқалық кабельді пайдаланыңыз!
Әрбір пайдаланудан алдын аспапты, кабельді және
айырды зақымдануларға тексеріңіз. Кабельді
жөндеместен, бірден ауыстыру қажет.
 Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
мамандар мен дайындығы бар қызметкерлер
орындасын. Сол арқылы құрылғының қауіпсіздігін
сақтайсыз.
Желілік аспапты тоқ желісіне қосудан алдын электр
құралын PUC-EXACT желілік аспабына қосыңыз.
Аспаптық кабельді 7 қосу науасына 13 PUC-EXACT желілік
аспабында салыңыз. Аспаптық кабельдегі ойық 15 қосу
науасының тиектіріне сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
Төлкені 11 сағат тілімен қосу науасына бұраңыз.
Тұтқышпен іске қосуы бар электр тік бұрауышпен
жұмыс істегенде PUC-EXACT желілік аспабын тоқ желісіне
қоспағанша бұрауышты тұтқышқа қоймауға тырысыңыз.
Осылай бұрауыштың кездейсоқ іске қосылуының алдын
аласыз.
Тұтқышпен іске қосуы бар электр тік бұрауышпен
жұмыс істегенде PUC-EXACT желілік аспабын тоқ желісіне
қосқанда бұрауышқа осьтік қысымды жасамауға әрекет
жасаңыз. Осылай бұрауыштың кездейсоқ іске
қосылуының алдын аласыз.
Желілік кабелдің 19 қосу айырын 18 PUC-EXACT желілік
аспаптың қосу науасына 21 салыңыз. Енді PUC-EXACT
энергия көзіне қосу үшін желілік айырды 20 қорғаныс
контактысы бар розеткаға қосуға болады.
Әрдайым желілік кабельді PUC-EXACT желілік аспапқа
қосып, сосын желілік айырды 20 розеткаға салыңыз,
әйтпесе тоқ соғу қауіпі пайда болады.
Пайдалану
Жеке сақтайтын киімді және әрдайым
қорғаныш көзілдірікті киіңіз. Электр
құрал түріне немесе пайдалануына
байланысты шаңтұтқыш, сырғудан
сақтайтын бәтеңке, сақтайтын шлем немесе
құлақ сақтағышы сияқты жеке қорғаныс жабдықтарын кию
жарақаттану қаупін төмендетеді.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

C-exact 2C-exact 4C-exact 6

Inhaltsverzeichnis