Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Redmond RMC-PM4506 Bedienungsanleitung Seite 68

Electric pressure cooker
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für RMC-PM4506:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 25
1. Табаққа 300-350 мл су құйыңыз.
2. Ингредиенттерді рецептке сәйкес дайындаңыз, буда әзірлеу контейнеріне біркелкі
етіп салыңыз. Табаққа торды орнатыңыз, үстіне контейнерді қойыңыз.
3. Табақты аспап қорпусына салыңыз, біраз бұрыңыз, ол қыздыру элементіне тығыз тиіп
тұрғанына көз жеткізіңіз.
4. «Аспап пайдаланылғанда әрекеттердің жалпы бірізділігі» тарауы нұсқауларын ұста-
ныңыз.
«СУП/ВАРКА» бағдарламасы
Сорпа, көже, компот әзірлеуге, сонымен қатар сосискі, тұшпара мен басқа мұздатылған
жартылай фабрикатты пісіруге арналған. Әзірлеу уақытын 20 минуттан 50 минутқа дей-
ін диапазонда 1 минут қадамымен реттеуге болады. Бағдарлама жоғары қысымда жұмыс
істейді (әзірлеу кезінде бу шығаратын клапан жабық болуы керек).
«МОЛОЧНАЯ КАША / КРУПЫ» бағдарламасы
Сүтте немесе суда әртүрлі ботқа әзірлеуге арналған. Әзірлеу уақытын 8 минуттан 20
минутқа дейін диапазонда 1 минут қадамымен реттеуге болады. Бағдарлама жоғары
қысымда жұмыс істейді (әзірлеу кезінде бу шығаратын клапан жабық болуы керек).
Сүт ботқасын мультипісіргіш-жылдам пісіргіште әзірлеу бойынша кеңестер
Майы аз пастерленген сүтті пайдалану. Тасытпау үшін:
барлық тұтас дәнді жарманы (күріш, қарақұмық, тары және т.б.) мұқият жуыңыз;
мультипісіргіш табағына әзірлеудің алдында сары май жағыңыз;
ингредиенттерді қоса келетін аспаздық кітаптағы рецепттерге сәйкес өлшеп, шама-
ластықты қатаң ұстаныңыз, ингредиенттер мөлшерін тек пропорциалды азайтуға
немесе көбейтуге болады;
майлы сүтті пайдаланғанда оған 1:1 шамаластықпен ауыз су қосыңыз.
«ВЫПЕЧКА/ЗАПЕКАНИЕ» бағдарламасы
Кекс, бисквит, пирог пісіруге, сонымен қатар фольгада ет пен балықты пісіруге, буженина
әзірлеуге арналған.
5 минуттық қадамы бар 10 минуттан 4 сағатқа дейінгі аралықта әірлеу уақытын реттеу мүмкін.
Бағдарлама әдеттегі қысымда жұмыс істейді (әзірлеу кезінде бу шығаратын клапан ашық
болуы керек).
Осы бағдарламада «Отложенный старт» функциясы қол жетімсіз.
«ТУШЕНИЕ/ПЛОВ» бағдарламасы
Ет, балық, көкөніс бұқтыруға, сонымен қатар палау әзірлеуге арналған. Әзірлеу уақытын
15 минуттан 1 сағатқа дейін диапазонда 1 минут қадамымен реттеуге болады. Бағдарла-
ма жоғары қысымда жұмыс істейді (әзірлеу кезінде бу шығаратын клапан жабық болуы
керек).
68
III. АСПАПТЫ КҮТУ
Аспапты тазалауға кірісудің алдында ол электр желіден ажыратылғанына және толық
суығанына көз жеткізіңіз. Алғашқы пайдаланудың алдында немесе әзірлеген соң бөтен
иістерді кетіру үшін аспаптың ішкі қақпағын 9-пайыздық сірке суының ерітіндісімен
сүртуге және 15 минут ішінде жарты лимонды «СУП/ВАРКА» бағдарламасында (жылдам
пісіргіш режимі) қайнатуға кеңес береміз.
Аспапты жуу үшін жұмсақ мата мен ыдыс жууға арналған құралды пайдаланыңыз. Бұй-
ымды пайдаланған соң бірден тазалауға кеңес береміз.
Тазалаған кезде акбразивті заттарды, жабындысы абразивті губкаларды және химиялық
агрессивті заттарды пайдалануға тыйым салынады. Аспап корпусын суға батыруға
немесе су ағыны астына қоюға тыйым салынады.
Аспап корпусы қажет болғанда тазаланады. Табақты пайдаланған сайын тазалауға кеңес
беріледі, оны ыдыс жуатын машинада жууға болады. Тазалау аяқталған соң табақтың
сыртқы бетін құрғатып сүртіңіз.
Аспап пайдаланылған сайын сыртқы және ішкі бөліктерден тұратын бу клапанын, тығы-
здайтын резинаны және конденсат контейнерін тазалауға кеңес беріледі:
1. Қакқпақтың сыртқы жағындағы бу шығару клапаны ажыратпа-қосқышын жоғары
тартып, шешіп алыңыз және тазалаңыз.
2. Қақпақтың ішкі жағындағы бу шығаратын клапанның қорғаныс қабығын бұрап алыңыз,
соны және бу шығаратын клапанның тесігін тазалаңыз және жылы ағынды сумен жуыңыз.
3. Клапанның ішкі қабығын бұрап қойыңыз, клапанның ажыратпа-қосқышын орнына
орнатыңыз және жеңіл басып, бекітіңіз.
4. Қақпақтың ішкі жағындағы тығыздайтын резинаны абайлап шешіңіз. Оны жылы
ағынды сумен жуыңыз. Резинаны орнына орнатыңыз. Тығыздайтын резина тегіс және
қисаймай орнатылуы керек.
5. Сонымен қатар, қақпақтың ішкі жағында жабылатын қысымды реттеу клапаны ор-
наласқан. Клапанның өзі мен тығыздайтын резинадан кірді сулы губка немесе асха-
налық майлықтың көмегімен мұқият кетіріңіз.
Бу шығару клапаны мен бітеуіш клапанды құрылғыны әр пайдаланған сайын тазалауға
кеңес беріледі.
Конденсатқа арналған контейнерді төмен тартып, абайлап ажыратыңыз, жуыңыз және
орнына орнатыңыз.
Сақтау және тасымалдау
Сақтау және қайта пайдаланудың алдында құралдың барлық бөліктерін тазалап, түгел
құрғатыңыз. Құралды құрғақ желденетін жерде жылыту аспаптарынан алыс және тікелей
күн сәулелерден алыс сақтаңыз.
Тасымалдау және сақтау кезінде құралдың зақымдануына және/немесе ораманың бүтін-
дігіне әкелуі мүмкін құралды механикалық әсерлерге ұшарытуға тыйым салынады.
Құралдың орамасын су мен басқа да сұйықтықтардан сақтау қажет.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis