Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Redmond RMC-PM4506 Bedienungsanleitung Seite 67

Electric pressure cooker
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für RMC-PM4506:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 25
1. Азықты табаққа салыңыз. Табақты аспап қорпусына салыңыз, ол қыздыру элементіне
тығыз тиіп тұрғанына көз жеткізіңіз. Қақпақты жауып құрсаулаңыз.
2. Бу шығару клапаны ажыратпа-қосқышын «ЗАКРЫТ» күйіне орнатыңыз. Аспапты электр
желісіне қосыңыз.
3. «Подогрев/Отмена» түймешігін басыңыз. Түймешік индикаторы жанады, дисплейде
ысыту уақытының тікелей минуттық есебі басталады. Аспап тағамды ысытады және
оның температурасын 8 сағаттың ішінде ұстайды, содан кейін ысыту автоматты
түрде өшеді.
4. Ысытуды тоқтату үшін «Подогрев/Отмена» түймешігін басыңыз. Түймешік индикато-
ры өшеді, аспап күту режиміне ауысады.
Аспап пайдаланылғанда әрекеттердің жалпы бірізділігі
1. Қажетті ингредиенттерді рецептке сәйкес дайындап (өлшеп), табаққа салыңыз.
Сұйықтықты қоса, барлық ингредиент табақтың ішкі бетіндегі ең жоғары белгіден
төмен болғанын байқаңыз.
2. Табақты аспап қорпусына салыңыз. Ол қыздыру элементіне тығыз тиіп тұрғанына көз
жеткізіңіз.
3. Қақпақты тығыз жабыңыз және әзірлеу бағдарламасына байланысты бу клапанын
«ОТКРЫТ» немесе «ЗАКРЫТ» күйіне орнатыңыз («ЖАРКА/ФРИТЮР» бағдарлама-
сында ас ашық қақпақпен әзірленеді).
4. Аспапты электр желісіне қосыңыз.
5. Тиісті әзірлеу бағдарламасын таңдау түймешігін басыңыз. Түймешік индикаторы
жанады.
6. Әр бағдарлама үшін әдепкі орнатылған әзірлеу уақытын өзгерту үшін «+» және «–»
түймешігін басыңыз. Әзірлеу уақыты мәнін тез өзгерту үшін тиісті түймешікті басып
ұстаңыз.
7. Қажет болғанда стартты шегеру уақытын орнатыңыз.
8. Орнатылымдар аяқталған соң бірнеше секундтан кейін әзірлеу бағдарламасы авто-
матты түрде басталады. Аспаптың жұмыс істеу уақытының керісінше есебі табақта
қажетті температура мен қысым болғанда басталады. Егер әзірлеу немесе шегерілген
старт уақытын енгізуге үлгермесеңіз, «Подогрев/Отмена» түймешігін басып, орна-
тылымдарды енгізуді қайталаңыз.
9. Бағдарлама жұмысы аяқталысымен сигнал естіледі, автоысыту қосылып, аспаптың
бұл режимде жұмыс істеу уақытының тікелей есебі қосылады. Автоысытуды өшіру
үшін «ПОДОГРЕВ/ОТМЕНА» түймешігін басыңыз.
10. Жұмыс камераның ішінде қысымды азайту үшін аспапты өшірілген күйінде 5 минут
ішінде тұрғызыңыз.
11. Бу шығаратын клапанын абайлап ашыңыз және клапан тесіктерінен бу мен ыстық
ауа шығуын тоқтатқанша күтіңіз. Аспап қақпағын ашыңыз.
Егер әзірлеу аяқталысымен қақпақ құрсауланған болса, бу шығаратын клапан ашық
тұрғанына көз жеткізіңіз. Аспап бірнеше минут ішінде суысын және қақпақты тағы
бір ашып көріңіз.
«ЖАРКА/ФРИТЮР» бағдарламасы
Ет, көкөніс, теңіз өнімдерін қуыруға, сонымен бірге фритюрде қуыруға кеңес беріледі.
«Отложенный старт» функциясы мен осы бағдарламада әзірлеу уақытын реттеу мүмкін-
дігі қол жетімсіз (жұмыс уақыты — 20 минут). Бағдарлама әдеттегі қысымда жұмыс
істейді, әзірлеу кезінде аспап қақпағы шешілуі керек.
Егер Сіз қақпақты кездейсоқ жауып, бекітсеңіз, оның автоматты түрде құрсаулану
механизмі іске қосылуы мүмкін (сіз қуыру барысын қарап бақылай алмайсыз, азықты
араластырып, аудара алмайсыз). Бұл жағдайда әзірлеу үдерісін тоқтатыңыз, бу шыға-
ратын клапан ашық тұрғанына көз жеткізіңіз, аспап суығанын күтіп, қақпақты ашыңыз.
Бұдан кейін әзірлеу уақытын жалғастыруға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «ЖАРКА/ФРИТЮР» бағдарламасында әзірлеген кезде аспап ең үлкен
температурада жұмыс істейді. Осы бағдарламаны қайта пайдаланудың алдында ас-
папты шамамен 15 минут ішінде толық суыту керек.
Фритюрде қуырғанда:
1. Табаққа рецептке сәйкес қуыру үшін қажетті май мөлшерін құйыңыз, оны аспап
корпусына қойыңыз. Табақ қыздыру элементіне тығыз тиетініне көз жеткізіңіз.
2. Аспап қақпағын жаппай, оны электр желіге қосыңыз. «ЖАРКА/ФРИТЮР» түймешігін
басыңыз. Түймешік индикаторы жанады, одан кейін табақ қыза бастайды.
3. Қуыру себетіне тұтқаны орнатыңыз (REDMOND RAM-FB1 қуыру себеті пайдаланылған
жағдайда ол жеке сатып алынады). Бұл үшін тұтқа негізін қысып, себеттің арнайы
тесігіне тығыңыз. Тұтқаға салынған қысымды босатыңыз және ол арнайы тесікте
бекітіледі. Басқа өндірушілердің фритюрде қуыру себетін пайдалануға болады.
4. Дайындалған өнімді фритюрде қуыру себетке салыңыз. Бағдарлама жұмысы басталған
соң рецептте көрсетілген уақыттан кейін азық-түлік салынған себетті табаққа салыңыз.
Тұтқа негізін қысыңыз және себет тостағанда қалатындай оны ажыратыңыз. Абай
болыңыз: май өте ыстық!
5. Рецептте көрсетілген уақыттан кейін тұтқаны фритюрде қуыру себетіне тығыңыз (3
т. қараңыз), оны көтеріңіз және себеттегі арнайы ілгектің көмегімен табақ шетінде
бекітіңіз. Май ағып кетуі үшін бұл күйде біраз уақытқа қалдырыңыз.
«ПАР/ДЕСЕРТЫ» бағдарламасы
Буда көкөніс, балық, ет, теңіз өнімдері, диеталық және вегетариандық тағамды, бала
мәзірін, сонымен қатар әртүрлі десертті әзірлеуге арналған. Әзірлеу уақытын 5 минуттан
25 минутқа дейін диапазонда 1 минут қадамымен реттеуге болады.
Бағдарлама жоғары қысымда жұмыс істейді (әзірлеу кезінде бу шығаратын клапан жабық
болуы керек).
Буда әзірлеу үшін арнайы контейнерді пайдаланыңыз (жинаққа кіреді):
RMC-PM4506
KAZ
67

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis