Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Redmond RMC-PM4506 Bedienungsanleitung Seite 66

Electric pressure cooker
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für RMC-PM4506:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 25
Бұйым корпусын ылғал матамен сүртіңіз және кептіріңіз. Аспапты алғашқы пайдала-
нылғанда бөтен иіс шықпау үшін оны тазалаңыз («Аспапты күтуді» қараңыз).
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау қажет.
Аспапты бу клапанынан шығатын ыстық бу түсқағаз, декоративті жабындылар, электрон-
дық аспаптар мен жоғары ылғалдылық пен температурадан зардап шегуі мүмкін басқа
заттарға немесе материалдарға тимейтіндей қатты тегіс көлденең бетке орнатыңыз.
Әзірлеудің алдында мультипісіргіштің сыртқы және көзге көрінетін ішкі бөліктерінде
зақым, жарық және басқа ақау жоқтығына көз жеткізіңіз. Табақ пен қыздыру элементі
арасында бөтен зат болмауы керек.
II. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Қақпақты орнату
Құрылғы жабық күйінде корпусқа саңылаусыз қосылатын шешілмелі қақпақпен жаб-
дықталған. Бұл аспаптың дұрыс жұмысына қажет.
1. Қақпақты тұтқасынан ұстап, аспап корпусына бу шығаратын клапан дисплейдің қа-
рама-қарсы жағында болатындай орнатыңыз.
2. Тұтқасын ұстап және қақпақты баспай, оны сағат тіліне қарсы қақпақ пен корпусын-
дағы қуыстар бірі-біріне келгіненше бұрыңыз (шамамен 20-30°). Қақпақ тегіс және
қисаймай корпусқа түсуі керек.
3. Қақпақты сағат тіліне қарсы тірелгенінше бұрап, бекітіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қақпақты ашқандща көп күш салмаңыз. Аспапта үлкен қысым
болғанда қақпақ автоматты түрде құрсауланады. Егер қақпақ күш салынбай ашылма-
са, бу клапанын ашыңыз және аспаптың ішіндегі қысым түскенін күтіңіз.
Азық-түлікті қақпақ ашық тұрғанда қуыруға кеңес беріледі. Егер әзірлеу рецепті
қақпақты жабуды талап етсе, қақпақты аспапқа бекітпей, жай ғана орнатыңыз.
Бу клапаны
Аспап қақпағында таңдалған әзірлеу әдісіне байланысты жұмыс күйлердің біріне орнату
керек бу шығаратын клапан орналасқан. Егер клапанның ажыратпа-қосқыш көрсеткіші
келесі күйде болса:
• «ЗАКРЫТ» («ЖА»БЫҚ») күйінде – жұмыс камерада үлкен қысым ұсталады (жылдам
пісіргіш режимі);
• «ОТКРЫТ» («АШЫҚ») күйінде – кәдімгі қысымда әзірленеді ультипісіргіш режимі).
Аспапты жылдам пісіргіш режимінде пайдалану
Бу шығаратын клапан жабық тұрғанда жұмыс камера саңылаусызданады, мұнда аспап
жұмыс істеген кезде жоғары қысым жасалып ұстанады. Қақпақ бұл кезде құрсаула-
нады.
REDMOND RMC-PM4506 мультипісіргіш-жылдам пісіргіші көп деңгейлі қорғаныс жүй-
66
есімен жабдықталған. Егер камерада температура немесе қысым көрсеткіштері қажет-
ті параметрлерге сәйкес келмесе, жүйе әзірлеу үдерісін тоқтатады. Көрсеткіштер нормаға
келгенде әзірлеу үдерісі қайта басталады. Егер бұл белгілі уақытта болмаса, арнайы
құрылғы электр қоректену шеңберін үзеді және мультипісіргіш-жалдымпісіргіш жұмысын
толық тоқтатады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жылдам пісіргіш режимінде кем дегенде 2 өлшейтін стақан көлемін-
дегі сусыз немесе басқа сұйықтықсыз әзірлеуге тыйым салынады.
Жылдам пісіргіш режмін азықты қысыммен майда қуыру үшін пайдалануға тыйым са-
лынады. ҚАҚПАҚ АШЫҚТ ТҰРҒАНДА туралған көкөністі біраз мөлшер майда немесе
сорпада қуыруға болады.
Табақты азық-түлікпен және сумен көлемінің 2/3 бөлігінен көп толтыруға тыйым
салынады. Пісірген кезде ісінетін немесе көбік бөлетін азық үшін (шпинат, күріш, бұршақ,
макарон, мәнті және т.б.) — 1/2 көлемінен аспайды.
Шегерілген старт функциясы
Осы функция әзірлеу үдерісін 30 минуттан 24 сағатқа дейін мерзімге 30 минут орнату
қадамымен шегеруге мүмкіндік береді. Егер тағам құрамында тез бұзылатын азық-түлік
пайдаланылса, стартты шегеру функциясын пайдалануға кеңес берілмейді (жұмыртқа,
жаңа сауылған сүт, ет, ірімшік және т.б.).
1. Әзірлеу бағдарламасын таңдаған соң «Отложенный старт» түймешігін басыңыз. «+»
және «–» түймешігін басып, бағдарлама стартын шегеру уақытын орнатыңыз. Мәнді
тез өзгерту үшін тиісті түймешікті басып, ұстаңыз.
2. Орнату аяқталған соң бірнеше секундтан кейін бағдарлама стартына дейін уақыттың
керісінше есебі басталады.
3. Орнатылымдарды болдырмау үшін «Подогрев/Отмена» түймешігін басыңыз. Бұдан
кейін бағдарлама параметрлерін қайта енгізіңіз.
«Шегерілген старт» функциясы «ЖАРКА/ФРИТЮР» және «ВЫПЕЧКА/ЗАПЕКАНИЕ»
бағдарламаларында қол жетімсіз.
Шегерілген старт уақытын орнатқанда таңдалған бағдарлама жұмысы және әзірлеу
уақытының керісінше есебі тек аспап қажетті температура мен қысымға жеткенде
ғана басталатынын есепке алу керек.
Дайын ас температурасын ұстау функциясы (автоысыту)
Дайын тағам температурасын 60-80°С диапазонында 8 сағаттың ішінде ұстауға мүмкін-
дік береді. Әзірлеу бағдарламасы аяқталысымен дыбыс сигналынан кейін автоматты
түрде қосылады, бұл кезде «Подогрев/Отмена» түймешігінің индикаторы жанады, ди-
сплейде осы режимде жұмыс уақытының тікелей минуттық есебі көқрінеді. Автоысытуды
қосу үшін «Подогрев/Отмена» түймешігін басыңыз. Түймешік индикаторы өшеді, аспап
күту режиміне ауысады.
Тағамды ысыту функциясы
Суық тағамды 60-80°С температурасына дейін ысытуға мүмкіндік береді.

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis