Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Көгалшапқышты Пайдалану Жолы - Viking ME 339 Gebrauchsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für ME 339:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
4.4 Көгалшапқышты пайдалану жолы
Үшіншіден, басқа адамдар,
əсіресе балалар мен
жануарлар қауіпті аймақтан
ары орналасуы керек. Қауіпті жағдайды
қадағалау арқылы болдырмаңыз.
Қоршаған орта температурасы +5°C-
ден төмен болғанда көгал шаппаңыз.
Ылғалды шөпті шабуға жəне жаңбыр
жауып тұрғанда шабуға болмайды.
Ылғалды шөпке бола сəтсіз жағдай
қаупі артады (пайдаланушының
жауапкершілік деңгейі төмен).
Тек күндізгі жарықта жəне жақсы
жарықтандыру бар кезде шабыңыз.
Қосу алдында құрылғыны тегіс бетке
қойыңыз. Қозғалтқыш іске қосылғанда
құрылғыны еңкейтпеңіз.
Қозғалтқышты абайлап іске қосыңыз,
«Құрылғыны іске қосу» (
11.)
тарауындағы нұсқауларды орындаңыз.
Аяқтарыңыз кескіш құралдан едəуір
қашықтықта болғанын байқап тұрыңыз.
Құрылғының қолданысы жүрістің
жылдамдығына негізделген –
құрылғының жұмыс уақытында жүгіруге
болмайды. Жылдам басқару
жылдамдығында құрылғыны өшіргенде,
сырғығанда жəне т.б. кезде жарақат алу
қаупі артады.
Қозғалтқышты өшіріңіз,
– егер тасымалдау барысында
көгалшапқыш шөп өспеген жерге
тиетін болса,
– егер сіз мезгіл-мезгіл
көгалшапқышты шабыс ауданынан
алып кетіп тұрсаңыз,
– шөп жинағышты шығару алдында.
0478 121 9917 E - KK
Əрқашан еңіс жерлердегі қалпыңызды
бақылаңыз. Құрылғыны бақылауды
жоғалтып алмау үшін ешқашан өте еңіс
жерлерде шаппаңыз.
Құрылғыны бақылауды жоғалтып алмау
үшін еңіс жерлерде қозғалыс бағытын
өзгерткенде сақ болыңыз.
Құрылғыны бақылауды жоғалту
ықтималдығы болмауы үшін еңіс
жерлердің көлденеңінен шабыңыз,
ешқашан жоғары да, төмен де
шаппаңыз, бұған қоса, бұлай шапқанда
жұмыс істеп тұрған көгалшапқышқа
шамадан тыс жүктеме түседі.
Назар аударыңыз – Шалыну қаупі
бар!
Артқа қозғалғанда жəне
көгалшапқышты өзіңізге тартқанда аса
сақ болыңыз.
Құрылғының бағытын өзгертіп жатқан
кезде немесе оны өзіңізге қарай тартқан
кезде өте абай болыңыз.
Қауіпсіздік мақсаттарында құрылғыны
ілмектерге 25° (46,6%) жоғары еңіске
орнатуға болмайды.
Жарақат алу қаупі бар!
25° Ылди тіктігі 46,6 см тік еңіске 100 см
көлденең ұзындықта сəйкес келеді.
Тоқтауы үшін бірнеше секунд
қажет жұмыс құралдарының
жүрісіне назар аударыңыз.
Көгалшапқыш
қосылмайынша, пышақты
тексеруге əрекеттенбеңіз.
Лақтырманың қақпағын ешқашан
ашпаңыз жəне/немесе жұмыс істеп
тұрған көгалшапқыштың шөп
жинағышын шығармаңыз. Айналып
жатқан пышақтар жарақаттануға əкелуі
мүмкін.
Ешбір жағдайда заттарды бас тұтқаға
қыстырмаңыз (мысалы , жұмыс киімін).
Ұзартқышты бас тұтқаға орауға
болмайды.
Пышақты тұрақты түрде бекіткіштің
қауіпсіздігіне, зақым келуін жəне тозуын
тексеріп отырыңыз (
12.5).
Назар аударыңыз – жарақат
алу қаупі бар!
Ешқашан қолыңызды немесе
аяғыңызды айналатын
бөлшектер аумағына апармаңыз.
Айналмалы пышақты ешқашан
ұстамаңыз. Лақтырманың тесігінен
əрқашан алшақ тұрыңыз. Жұмыс істеп
тұрған шапқыштан əркез қауіпсіз
қашықтықта тұрыңыз.
Əсіресе қысқа уақыт ішінде жиі қосуды
жəне іске қосу тұтқасымен «ойнауды»
болдырмау керек. Қозғалтқыш қызып
кетуі мүмкін!
Ұсақтағышты қосу салдарынан болған
қуаттың тұрақсыздығы үшін желінің
белгілі бір параметрлерінде осы электр
желісіне қосылған басқа құрылғылар
істен шығуы мүмкін. Бұл жағдайда
сəйкес əрекеттерді орындау қажет
(мысалы , құрылғыны басқа электр
желісіне немесе кедергісі ең төмен
желіге қосуға болады).
435

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Me 339 c

Inhaltsverzeichnis