Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti DPC 20 Handbuch Seite 251

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für DPC 20:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
▶ Пайдалану үшін салқындату сұйықтықтары қажет алмалы-салмалы аспаптарды қолданбаңыз.
Суды немесе басқа салқындату сұйықтықтарын қолдану электр тогының соғу қаупіне әкелуі мүмкін.
Қайтарым және тиiстi нұсқаулар
Қайтарым айналып жатқан аспап (тегістеу дискісі, тегістеу тарелкасы, сым қылшақ және т.б.) іліну
немесе бұғатталу кезінде пайда болатын күтпеген реакция болып табылады. Іліну немесе бұғатталу
айналып жатқан жұмыс аспабының кенет тоқтауына әкеледі. Бұғатталу орнында жұмыс аспабының
қарама-қарсы бағытта айналуына байланысты электр құралдың басқарылмайтын қозғалысы орын
алады.
Өңдеп жатқан бөлшекте тегістеу дискісі ілінгенде немесе бұғатталғанда, бөлшекке салынатын тегістеу
дискісінің жиегі тұрып қалуы мүмкін. Бұл дискінің сынуына әкеледі немесе қайтарымды тудырады.
Бұл кезде тегістеу дискісі оператор бағытында немесе оған кері қозғалады (бұғатталу сәтінде дискінің
айналу бағытына байланысты). Сонымен бірге, бұл тегістеу дискісінің құртылуына әкеп соқтыра алады.
Қайтарым электр құралды дұрыс емес немесе қате қолданудың салдары болып табылады. Төменде
берілген сақтық шараларын орындаған жағдайда мұны болдырмауға болады.
▶ Аспаптың қайтарымын амортизациялау алатын қалыпты қабылдап, электр құралды берік
ұстаңыз. Электр қозғалтқышы тездегенде пайда болатын қайтарымды немесе реактивті
моментті максималды басқару үшін әрқашан қосымша тұтқышты (бар болса) қолданыңыз.
Тиісті сақтық шараларын қолданған жағдайда оператор қайтарымды және реактивті моментті
басқара алады.
▶ Қол буынын айналатын алмалы-салмалы аспапқа ешқашан жақындатпаңыз. Қайтарым кезінде
жұмыс аспабы оларға ілінуі мүмкін.
▶ Қайтарым кезінде электр құралдың жылжитын аймаққа түсуін болдырмаңыз. Қайтарым электр
құралды бұғатталу орнынан жұмыс аспабының айналуына қарама-қарсы бағытта жылжытады.
▶ Бұрыштарды, үшкір жиектерді және т.б.
құралдардың ыршып кетуін және өңделетін бөлшектерде сыналануын болдырмаңыз.
Айналатын жұмыс аспабы бұрыштарды, үшкір жиектерді өңдеу кезінде немесе ыршып кеткенде
сыналануы мүмкін. Бұл аспапты басқаруды жоғалтудың немесе қайтарымның пайда болуының
себебі болады.
▶ Шынжырлық немесе тісті ілінісі бар төсемді қолданбаңыз. Мұндай жұмыс аспаптарын қолдану
жиі қайтарымды тудырады немесе электр құралды басқаруды жоғалтуға әкеледі.
DG 150
Дискімен тегістеу және кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар:
▶ Тек пайдалануға рұқсат етілген абразивті аспаптарды және оларға сай қорғауыш
қаптамаларды қолданыңыз. Бұл электр құралға арналмаған абразивті дискілер жеткілікті
дәрежеде экрандалмайды және тұрақсыз жұмыс істейді.
▶ Қисық тегістеу дискілерін тегістеу аймақтары қорғауыш қаптама шетінен шықпайтын
етіп орнату керек. Қате орнатылған тегістеу дискісі қорғауыш қаптама шетінен шығып тұрса
жетерлік ретте қапталмайды.
▶ Қорғауыш қаптаманы электр құралға берік орнату керек және ешбір ең майда абразивті
бөлшек операторға тимейтіндей ең жоғары қорғау дәрежесіне реттелуі керек. Қорғауыш
қаптама операторды сынықтардан, киімді тұтандыруы мүмкін ұшқындар сияқты тегістеу
нысандарына кездейсоқ тиюден қорғауға көмектеседі.
▶ Абразивті аспаптарды тек мақсатына сай қолдану керек.
дискісінің бүйірлік бетімен орындауға тыйым салынады. Кесу дискілері материалды диск
жиегімен алуға арналған. Дискіге бүйірінен жасалатын әсер оның бұзылуының себебіне айналуы
мүмкін.
▶ Тегістеу дискісін орнату үшін әрқашан зақымдалмаған, өлшемі мен пішіні дұрыс қыспа
фланецті қолданыңыз. Пішіні мен өлшемі жарайтын фланецтер тегістеу дискісін бекітеді және
оның сыну қаупінің дәрежесін азайтады. Кесу дискілерінің қыспа фланецтері басқа тегістеу
дискілерінің қыспа фланецтерінен ерекшеленуі мүмкін.
▶ Өлшемі үлкенірек электр құралдардың тозған тегістеу дискілерін қолданбаңыз. Өлшемі
үлкенірек электр құралдар үшін жасалған тегістеу дискілері шағын өлшемді электр құралдардың
жоғары айналу жиілігіне арналмаған және осы себепті бұзылуы мүмкін.
2.1.3 Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша ережелер
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Аспап конструкциясына өзгертулер енгізуге және оны модификациялауға тыйым салынады.
▶ Майланған тұтқыштарды дереу тазалаңыз, олар құрғақ және таза болуы керек.
Printed: 28.11.2017 | Doc-Nr: PUB / 5069653 / 000 / 04
өңдеу кезінде өте мұқият болыңыз.
Мысалы: тегістеуді кесу
Электр
Қазақ
247

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Dg 150

Inhaltsverzeichnis