Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Ескерту - Ток Соғу Қаупі Бар - Viking LE 240 Gebrauchsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Құрылғы тұрмыстық мақсаттарға
арналған.
Назар аударыңыз – жазатайым
оқиғаның қаупі бар!
Пайдаланушының денсаулығына қауіп
төнетіндігіне байланысты құрылғыны
төмендегі жұмыстар үшін қолдануға
болмайды (тізім толық емес):
– бұталарды, тірі қоршамдарды, тал-
шілікті кесу үшін,
– шырмалағыш өсімдіктерді бұтау
үшін,
– үй төбесіндегі жəне балкон
жəшіктеріндегі гүлзарды күту үшін,
– ағаштар мен бұта кесіктерін ұсақтау
жəне бұтау үшін,
– жаяу жүргінші жолдарын тазарту
үшін (шаңсорғыш арқылы немесе
үрлеу əдісімен),
– топырақтың кедір-бұдыр жерлерін,
мысалы, ін көртышқанының қазған
жерлерін тегістеу.
– арнайы шөп жинағышта болмаса,
қопсытудан пайда болған
материалды тасымалдау үшін.
Қауіпсіздік мақсатында VIKING
компаниясымен рұқсат етілген,
қосымша құрылғыны монтаждаудан
басқа – құралдың құрылымына кез
келген өзгерістер енгізуге тыйым
салынады, сонымен қатар мұндай
əрекеттер кепілдіктің жойылуына
əкеледі. Рұқсат етілген қосымша
жабдықтау туралы ақпаратты VIKING
компаниясының делдалынан білуге
болады.
474
Əсіресе электр қозғалтқыштың
қуаттылығы мен айналу жылдамдығына
əсер ететін құрылғыны кез келген
басқару əрекеттерін жасауға тыйым
салынады.
Құрылғыны зат, жануарлар мен
адамдарды, əсіресе балаларды
тасымалдау үшін пайдалануға тыйым
салынады.
Қоғамдық орындар, парктер, спорт
алаңшаларында, жолда, ауыл жəне
орман шаруашылығында пайдаланған
кезде өте сақ болу қажет.
Назар аударыңыз! Діріл
денсаулыққа қауіп
төндіреді! Дірілге
байланысты тым артық
жүктеменің түсуіне орай, əсіресе қан
айналымының сырқаттарынан зардап
шегетін адамдарда қан айналымының
сырқаттары немесе жүйке жүйесінің
ауруы пайда болуы мүмкін. Діріл
жүктемесінен пайда болуы мүмкін
симптомдар анықталған жағдайда
дəрігерге қаралыңыз.
Көбінесе тіс, алақан немесе білек
тұсында пайда болатын симптомдар
мынадай (тізімі толық емес):
– апатия,
– аурулар,
– бұлшық ет əлсіздігі,
– терінің пигменттенуі,
– жағымсыз қышыма.
Жұмыс барысында бас тұтқаны екі
қолмен жəне арнайы жерлерінен берік,
бірақ тым қатты емес ұстаңыз.
Жұмыс уақытын ұзақ мерзімді жоғары
жүктемелерге жол бермейтіндей етіп
жоспарлаңыз.
4.2 Ескерту – ток соғу қаупі бар
Назар аударыңыз –
ток соғу қаупі бар!
Электрлік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін,
қуат көзін қамтамасыз ететін
барлық бөліктер (желілік кабель,
желілік аша, қосқыш ажыратқыш,
ұзартқыш кабель)
зақымдалмаған күйде жəне
нұсқауларға сай болуы тиіс.
Зақым келген кабельдерді, ағытпалар
мен штекерлерді немесе нұсқауларға
сəйкес келмейтін қосатын немесе
ұзартқыш кабельдерді пайдалануға
тыйым салынады. Сондықтан қуат
көзінде жəне қосатын немесе ұзартқыш
кабельде əр қолдану алдында
зақымдар не ескіру (сынғыштық)
белгілерін тексеріңіз.
Зақымдалған ұзартқыш кабельді
пайдалануға тыйым салынады.
Зақымдалған ұзартқыш кабельді
жаңасына ауыстыру керек, ұзартқыш
кабельді жөндеуге тыйым салынады.
Кабель барабанын пайдаланған кезде,
оны пайдалану алдында толықтай жазу
керек.
Құрылғыны сымдары зақымданған
немесе тозған болса пайдалануға
болмайды. Қосатын сымда зақым келу
мен тозу белгілерінің болмауына
ерекше назар аударып тексеріңіз.
Электр сымдарын жөндеу мен
айырбастауды тек арнай оқытылған
қызметкерлер ғана жүзеге асыру керек.
Ток соғу қаупі бар!
Зақымдалған кабельді ток желісіне
қосуға жəне ток желісінен ажыратылмас
бұрын тиюге тыйым салынады.
0478 670 9905 A - KK

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis