Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Жұмыс Уақытында - Viking LE 240 Gebrauchsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Электр қозғалтқышпен жабдықталған
бақ аспаптарын пайдалану бойынша
тұрмыстық ережелерді сақтаңыз.
Құрылғыны қабаттасқан немесе
қиыршық тастар төселген беттерде
пайдалануға тыйым салынған,
ұшқындайтын материалдан жарақат
алу қаупі туындауы мүмкін.
Жұмыс аумағын мұқият қарап шығыңыз
жəне одан барлық тастар, таяқтар, сым
кесектері, сүйектер жəне көгалшапқыш
үстіге лақтырып қалуы мүмкін басқа да
бөгде заттарды алып тастаңыз. Биік
шөпте ағаш түбірі мен ағаш
томары секілді кедергіні байқамай
кетуге де болады.
Сондықтан көгалшапқышпен жұмыс
бастамас бұрын шөп алаңында қалып
қойған барлық кетірілмейтін бөгде
заттарды (кедергілерді) белгілеп қою
керек.
Көгалшапқышты пайдаланар алдында
ақауларды жойып, барлық тозған жəне
зақым келген бөлшектерді айырбастау
керек. Өшіріліп қалған жəне дұрыс
көрінбейтін ескертетін белгілерді
жаңасына ауыстыру керек. Жаңа
белгілер мен басқа да қосалқы
бөлшектерді алу үшін VIKING
компаниясының делдалына жүгініңіз.
Тек қолданысқа жарамды күйдегі
құрылғыны қолданыңыз. Жұмысты
бастау алдында төмендегілерді тексеру
керек:
– құрылғының дұрыс орнатылғанын,
– аэратор блогы/аэратор білігі (кесетін
десте, пышақ/серіппелі тістер,
ұстағыш пен бұрандалы
қосылымдар) мінсіз күйде екендігін –
əсіресе берік орнатылғандығын,
зақымдар (жарықтар немесе
сызаттар) жəне тозудың бар-жоғын,
476
– сақтандырғыш құрылғылардың
(мысалы, лақтырманың қақпағы,
корпус, бас тұтқа, қозғалтқышты
тоқтату тұтқасы) ақаусыз күйінде
жəне тиісінше жұмыс істеп тұрғанын,
– шөп жинағыштың зақымдалмағанын
жəне толық орнатылғандығын –
зақымдалған шөп жинағышты
қолдануға болмайды.
Қажет болса, барлық қажетті
жұмыстарды орындаңыз немесе
делдалға хабарласыңыз. VIKING
компаниясы VIKING делдалдарын
ұсынады.
4.6 Жұмыс уақытында
Жануарлар немесе құстар,
əсіресе балалар қауіпті
аумақта болғанда, ешбір
жағдайда жұмыс істемеңіз.
Құралдағы орнатылған алмастырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды. Атап айтқанда,
қозғалтқышты тоқтату тұтқасын
меңгерікке ешқашан бекітпеңіз
(мысалы, байлау арқылы).
Тұтқасы тиісті тұрпатта монтаждалуға
тиіс, құрылымына еш өзгеріс енгізуге
болмайды. Тұтқасы жиналып қойылған
көгалшапқышты ешқашан
қолданбаңыз.
Ешбір жағдайда заттарды меңгерікке
қыстырмаңыз (мысалы, жұмыс киімін).
Ұзартқыш кабель меңгерікке оратылып
қалмауын қадағалаңыз.
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дəрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
жəне əсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Бұйымды жаңбырдың астына
қалдырмаңыз.
Құрылғыны қосу:
«Құрылғыны іске қосу» бөліміндегі
нұсқауларды сақтай отырып,
құрылғыны абайлап қосыңыз. (
Аяғыңыздың аэратор блогынан/аэратор
білігінен əрқашан жеткілікті
арақашықтықта болуын қадағалаңыз.
Қосқан кезде құрылғы тегіс жерде тұруы
тиіс.
Сөндірер алдында жəне қосу
процессінде құрылғы аударулы күйде
болмауы тиіс.
Лақтырманың науасы лақтырманың
қақпағымен немесе шөп жинағышпен
жабылмаған болса, электр
қозғалтқышты қоспаңыз.
Қысқа уақыт аралығында, жиі қосуды,
атап айтсақ қосу түймешігін қайта-қайта
басып «ойнамаған» жөн. Электр
қозғалтқышының қызып кету қаупі!
Ұсақтағышты қосу салдарынан болған
қуаттың тұрақсыздығы үшін желінің
белгілі бір параметрлерінде осы электр
желісіне қосылған басқа құрылғылар
істен шығуы мүмкін. Бұл жағдайда
сəйкес əрекеттерді орындау қажет
(мысалы, құрылғыны басқа электр
желісіне немесе кедергісі ең төмен
желіге қосуға болады).
0478 670 9905 A - KK
10.)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis