Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch PCM 800 SD Originalbetriebsanleitung Seite 198

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für PCM 800 SD:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 13
OBJ_BUCH-2765-002.book Page 198 Tuesday, July 25, 2017 2:28 PM
198 | Қaзақша
 Үстелден үлкен дайындамалар үшін үстел
кеңейткіші, аралау сандалы, т.б. сияқты көмекші
аспаптар арқылы дұрыс ұстауды қамтамасыз
етіңіз. Бұрыштық ара үстелінен ұзын немесе кең
дайындамалар сенімді ұсталмаса аударылуы мүмкін.
Егер кесілген бөлшек немесе дайындама аударылса, ол
төменгі тіреуішті көтеруі немесе айналып тұрған
дискімен лақтырылуы мүмкін.
 Үстел кеңейткіші немесе қосымша тіреуі орнына
басқа адамды пайдаланбаңыз. Дайындама тұрақты
бекітілмесе дискі қысылуы немесе дайындама кесу
кезінде жылжып, сізді не көмекшіңізді айналып тұрған
дискіге жақындатуы мүмкін.
 Кесілген бөлшек тұрып қалмауы немесе айналып
тұрған ара дискісіне басылмауы тиіс. Шектелген
болса, мысалы, ұзындық шектеулері арқылы, кесілген
бөлшек дискіге қысылып қатты лақтырылуы мүмкін.
 Шыбық немесе құбыр сияқты домалақ
материалдар үшін әрдайым қысқыш немесе
бекіткішті пайдаланыңыз. Шыбықтар кесілгеннен
соң домалап кетуі мүмкін, мұнда дискі "тістеп"
дайындаманы қолыңызбен бірге дискіге тартуы мүмкін.
 Дайындамаға тиюден алдын дискі толық
жылдамдығына жетуі керек. Бұл дайындама
лақтырылу қауіпін кемітеді.
 Егер дайындама немесе дискі тұрып қалса,
бұрыштық араны өшіріңіз. Барлық істеп тұрған
бөлшектердің тоқтағанын күтіп, ашаны қуат көзінен
шығарыңыз /немесе батарея жинағын шығарыңыз.
Сосын тұрып қалған материалды шығарыңыз.
Дайындама тұрып қалған кезде аралауды жалғастыру
бұрыштық араның бақылауы жоғалуына немесе
зақымдалуына алып келуі мүмкін.
 Аралауды аяқтағаннан соң өшіргішті жіберіп, ара
басын төмен ұстап, кесілген бөлшекті шығарар
алдын дискінің тоқтауын күтіңіз. Дискі айналып
тұрған кезде оған қолды жақындату өте қауіпті.
 Электр құралы ескерту тақтасымен жабдықталған
(электр құралының суретінде графика бетінде 3
нөмірімен белгіленген).
 Егер ескерту жапсырмасы сіздің еліңіз тіліде
болмаса, алғашқы пайдаланудан алдын оның
орнына сіздің еліңіз тілінде болған жапсырманы
жабыстрыңыз.
Лазер сәулесін адам немесе
жануарларға бағыттамаңыз және
өзіңіз де тікелей немесе шағылған
лазер сәулесіне қарамаңыз. Осылай
адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін,
сәтсіз оқиғаларға алып келуі және көзді зақымдауы
мүмкін.
 Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып
басты сәуледен ары қарату керек.
1 609 92A 3VU | (25.7.17)
 Лазер құрылығысында ешқандай өзгертуды
орындамаңыз.
 Электр құралындағы ескертулер анық көрінетін
болсын.
 Өтпес, жарылған, қисатылған немесе зақымдалған
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Аралау дискілері
немесе ауытқыған тістер енсіз кесуге, артық үйкеліске,
тұрып қалуға және кері соққыға әкелуі мүмкін.
 Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
 Әрқашан дұрыс өлшемдері және сәйкес орнату
тесіктері бар аралау дискілерін пайдаланыңыз
(мысалы, ромб түріндегі немесе дөңгелек). Араның
орнату бөлшектеріне сәйкес келмейтін аралау
дискілері эксцентрлі жұмыс істейді, бұл бақылауды
жоғалтуға әкеледі.
 Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз.
Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды
болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын
жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр
құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
Белгілер мен олардың мағанасы
 Электр құралы айналып тұрғанда
қолды аралау аймағына әкемеңіз.
Ара дискісіне тию жарақаттану
қаупін тудырады.
 Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
 Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
 Құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл
әсерінен есту қабілетіңіз
зақымдануы мүмкін.
 Лазерлік сәуле
сәулеге тікелей қарамаңыз
2-сынып лазері
 Қауіпті аймақ! Мүмкіншілік
бойынша алақан, бармақ немесе
қолдарды осы аймақтан
алыстатыңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis