Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch 0 607 595 100 Originalbetriebsanleitung

Druckluft-stichsäge
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für 0 607 595 100:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 5
OBJ_BUCH-2097-001.book Page 122 Thursday, December 19, 2013 2:19 PM
122 | Қaзақша
Пайдалану нұсқаулары
Тосыннан пайда болатын жүктеулер қатты айналымдар
санының төменделуіне немесе тоқтауына әсер етеді бірақ
қозғалтқышқа зиян жеткізбейді.
Сырғанақ роликті тіреу тақтасы
Пенопласт арасын тіреу тақтасыз пайдалануға болады.
Сырғанақ роликтері бар тіреу тақтасы араны жәй және тік
бұрышта апаруға мүмкіндік береді.
Кез келген пішіндерді аралау және тесіктер тесу үшін ең
жақсысы тіреу тақтасынсыз жұмыс істеңіз.
Пенопластты өңдеу
Дәл кесіктерді жасау үшін, әсіресе жұмсақ пенопласт
немесе ұқсас материалдарда, орташа күшпен басып
істеңіз. Материалды өңдеуде оны тым қатты баспаңыз
немесе созбаңыз.
Кіші кесіктерді жасау үшін тіреу тақтасын шешіңіз. Пышақ
немесе қайшыны материалға тығып, сосын тесікке ара
полотносының бағыттауышын салып, кесікті өңдеңіз.
Үлкен кесіктерді жасау үшін тығу тесігінің үлкендігін ара
полотносының бағыттауышы орнатылған тіреу тақтамен
кіретін етіп жасаңыз. Түбі кедергісіз болуына көз
жеткізіңіз. Пневматикалық құралды орташа басып кесік
сызығымен апарыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек
маман оқыған қызметкерлер орындасын. Сол
арқылы пневматикалық құрал қауіпсіздігін сақтайсыз.
Әрбір қызмет көрсетуден соң айналымдар санын
айналымдар санын өлшейтін аспаппен тексеріп
пневматикалық құралды қатырақ дірілдеуін тексеріңіз.
Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды
жылдам және сенімді ретте орындайды.
Тек Bosch түпнұсқалық қосалқы бөлшектерін
пайдаланыңыз.
Жүйелік түрдегі тазалау
– Ара полотносының бағыттауышы мен ара
полотноларын жүйелік түрде тазалаңыз, шам. әр 8
жұмыс сағатынан соң. Ол үшін ара полтноларын
пневматикалық құралдан шешіп ара полотноларын ең
жақсысы бензінбен жуыңыз. Керек болса ара
полотносының бағыттауышын тазалау үшін қырғыш
пайдаланыңыз. Жаңа немесе өткірленген ара
полотносын орнатудан алдын ара полотносының
бағыттауышын майлаңыз.
– Пневматикалық құралдың ауа кірісіндегі торын жүйелік
түрде тазалаңыз. Бұл үшін шлангтық келте құбырды 1
шешіп торды шаңдан және ластан тазалаңыз. Сосын
шлангтық келте құбырды қайта орнатыңыз.
– Сығылған ауа ішіндегі су мен лас бөлшектері зеңдеу
себебі болып қатпар, клапан т.б. тозуына алып келуі
мүмкін. Алдын алу үшін ауа кірісіне 10 бірнеше тамшы
мотор майын тамызу керек. Пневматикалық құралды
3 609 929 C90 | (19.12.13)
қайта ауа жетістіруіне қосып ( „Ауа жетістіруге қосылу",
121 бетін қараңыз) оны 5 –10 с істетіп, шығатып
майын шүберекпен сүртіңіз. Егер пневматикалық
құрал ұзақ уақыт пайдаланылмаса бқл әдісті
әрдайым орындау керек.
Мерзімді қызмет көрсету
– Бірінші 150 пайдалану сағатынан соң беріліс қорабын
жеңіл еріткішпен тазалаңыз. Еріткіш өндірушінің
пайдалану және кәдеге жарату нұсқаулықтарын
орындаңыз. Беріліс қорабын арнайы Bosch беріліс
қорабы майымен майлаңыз. Бірінші тазалаудан бастап
таалау әдісін әр 300 пайдалану сағатынан соң
қайталаңыз.
Арнайы беріліс қорабы майы (225 мл)
Өнім нөмірі 3 605 430 009
– Қозғалтқыш қатпарларын мерзімді ретте маман
қызметкерлер тексеріп керек болса алмастыруы қажет.
CLEAN-нұсқаларына тиісті болмаған пневматикалық
құралдарды майлау
CLEAN-қатарына тиісті болмаған барлық Bosch
пневматикалық құралдарында (майсыз сығылған ауамен
жұмыс істейтін пневматикалық қозғалтқыштың арнайы
түрі), ағып тұрған сығылған ауаға әрдайым майлы тұманды
қосу керек болады. Талап етілетін сығылған ауа майлары
сығылған ауа пневматикалық құралға қосылған қызмет
көрсету құрылғысында бар (қосымша мәліметтер
компрессор өндірушісінен алу мүмкін).
Пневматикалық құралды тікелей малай үшін немесе
қызмет көрсету құрылғысында қосу үшін SAE 10 немесе
SAE 20 мотор майларын пайдалану керек.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
кеңестері
Барлық сұраулар мен қосалқы бөлшектерге тапсырыс
беру кезінде міндетті түрде пневматикалық құрал
зауыттық тақтайшасындағы 10-орынды өнім нөмірін
жазыңыз.
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту,
сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап
береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы
ақпаратты мына мекенжайдан табасыз:
www.bosch-pt.com
Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және
олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға
тиянақты жауап береді.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен
электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету
барлық мемлекеттер аумағында тек „Роберт Бош"
фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету
орталықтарында орындалады.
ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану
қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық
тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis