Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GST 18V-125 B Professional Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GST 18V-125 B Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Қаптаманы (19), аспирациялық келте құбырды (20) және
жарылудан сақтайтын пластинаны (18) қиғаш кесік жасау
кезінде пайдалану мүмкін емес.
– Аспирациялық келте құбырды (20) сәл төмен басып,
оны тіреу тақтасынан (12) тартып шығарыңыз.
– Қаптаманы (19) және жарылудан сақтайтын
пластинаны (18) алып тастаңыз.
– Бұранданы (22) алты қырлы дөңбек кілтпен (11)
босатып, тіреу тақтасын (12) аккумуляторға қарай
азғантай жылжытыңыз.
– Еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасын (12)
шкала (23) бойынша қажетті күйге қисайтыңыз. Басқа
еңіс бұрыштарын бұрыш өлшегіші арқылы реттеуге
болады.
– Содан кейін тіреу тақтасын (12) ара дискісіне (17)
қарай тірелгенше жылжытыңыз.
– Бұранданы (22) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Тіреу тақтасын жылжыту (H суретін қараңыз)
Шетке жақын аралау үшін тіреуіш тақтаны (12) арқыға
жылжытуға болады.
Тіреу тақтасының (22) бұрандасын алты қырлы дөңбек
кілтпен (11) босатып, тіреу тақтасын (12)
аккумуляторға (8) қарай тірелгенше жылжытыңыз.
(22) бұрандамасын қайта берік бұрап қойыңыз.
Жылжытылған тіреу тақтасымен (12) аралау тек 0° еңіс
бұрышында орындалуы мүмкін. Оған қоса параллель
тіректі айналатын кескішпен (26) (керек-жарақ) және
жарылудан сақтайтын пластинамен (18) бірге
пайдалануға болмайды.
Жоңқа үрлеу құрылғысы
Жоңқа үрлеу жабдығыдан ауа ағынымен кесік сызығын
жоңқалардан бос сақтауға болады.
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын қосу:
ағаш, пластик және т.с.с. бойынша үлкен
шаң көлемін тудыратын жұмыстар үшін
қосқышты (14) аспирациялық келте құбырға қарай
жылжытыңыз.
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын өшіру:
металл бойынша және өшірулі
шаңсорғышпен жұмыс істеу үшін
қосқышты (14) ара төсеміне қарай жылжытыңыз.
Пайдалануға ендіру
Қосу/өшіру
Электр құралын қосу үшін алдымен 
жанындағы іске қосылудан қорғайтын құлыпты (5)
басыңыз және оны ажыратыңыз. Содан кейін
ажыратқышты (6) басып тұрыңыз.
Жұмыс шамы косқыш/өшіргішті (6) жай немесе толық
басылғанда жеткіліксіз болған жарық жағдайында жұмыс
аймағын жарықтандырады.
Жұмыс жарығына тікелей қарамаңыз, ол көзді
u
зақымдауы мүмкін.
Bosch Power Tools
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (6) жіберіңіз.
Іске қосылудан қорғайтын құлыпты (5) іске қосу үшін 
белгісінің жанындағы іске қосылудан қорғайтын құлыпты
басыңыз.
Жүріс санын басқару/алдын ала таңдау
Қосқышты/өшіргішті (6) басу күшін өзгерте отырып,
қосылған құралдың жүріс санын біртіндеп реттеуге
болады.
Қосқышты/өшіргішті (6) жай басқанда төменірек жүріс
санымен жұмыс істейді. Басу күші асқанда жүріс саны
асады.
Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған реттегіш
дөңгелек (7) көмегімен алдын ала таңдауға немесе
жұмыс кезінде өзгертуге болады.
Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау
жағдайына байланысты болып они тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Ара дискісін дайындамаға орнатуда және пластмасса мен
алюминийді өңдеуде аралау жылдамдығын төмендету
ұсынылады.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды
пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара
полотносын алып электр құралын салқындату үшін шам.
3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.
Температураға байланысты артық жүктеу қорғанысы
Тағайындалуына сәйкес пайдалансаңыз, электр құралы
артық жүктелмейді. Артық жүктелу немесе рұқсат етілген 
аккумулятор температурасы аралығы өтілсе айналымдар
саны қысқарып, электр құралы өшеді. Төменделген
айналымдар санында электр құралы аккумулятор рұқсат
етілген температураға жеткеннен соң немесе
төменделген жүктелуде толық айналымдар санымен
жұмыс істейді. Автоматты өшуде электр құралын
автоматты ретте өшіріп, аккумуляторды суытыңыз да,
электр құралын қайта қосыңыз.
Пайдалану нұсқаулары
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Қылышты ара тұрып қалса электр құралын бірден
u
өшіріңіз.
Кіші немесе жұқа дайындамаларды өңдеуде
u
белгісінің
әрдайым жылжымайтын тіреуішті пайдаланыңыз.
Ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдары және т.б. бойынша
аралау алдында ине, бұрандалар және т.с.с. сияқты бөгде
заттардың бар-жоғын тексеріп, қажетінше алып тастаңыз.
Жұқа аралар ең бастысы бүгілген кесіктер жасау үшін
жобаланған. Bosch сұрыпталымында тік кесіктер немесе
домалақ кесіктер жасауға мүмкіндік беретін керек-
жарақтар да бар (жұқа ара үлгісіне қарай, мысалы,
параллель тірек, бағыттауыш шина немесе айналмалы
кескіш).
Қазақ | 163
1 609 92A 7VS | (05.07.2022)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis