Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GCM 10 MX Professional Originalbetriebsanleitung Seite 199

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GCM 10 MX Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 10
OBJ_BUCH-2583-002.book Page 199 Monday, July 13, 2015 12:56 PM
Шаң-/жоңқа сору шаң, жоңқа немесе дайындама
сынықтары арқылы тығыздануы мүмкін.
– Электр құралын өшіріп желі айырын розеткадан тартып
қойыңыз.
– Аралау дискісі толық тоқтағаныша күте тұрыңыз.
– Тығыздану себебін айқындап оны жойыңыз.
Жеке шаңсору (D суретін қараңыз)
Жоңқаларды ұстау үшін жинақтағы шаң қабын 19
пайдаланыңыз.
– Шаң қабын 19 жоңқаларды шығаруға арналған келте
құбырға 25 салыңыз.
Шаң қабы аралау кезінде әрекет жасап тұрған апсап
бөліктерін тимеуі тиіс.
Шаң қабын уақтылы босатыңыз.
 Шаң қабын әрбір пайдаланудан соң тексеріп
тазалаңыз.
 Өрт қауіпін алдын алу үшін алюминийді аралауда
шаң қабын алып қойыңыз.
Сыртқы сорғыш
Шаңсору үшін жоңқа шығатын жерге 25 шаңсорғыш
шлангін (Ø 36 мм) қосу мүмкін.
– Шаңсорғыш шлангін жоңқа шығатын жерге 25
қосыңыз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Аралау дискісін алмастыру
(E1–E3 суреттерін қараңыз)
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Аралау дискісін орнату кезінде қорғағыш қолғап
киіңіз. Аралау дискісіне тигенде жарақат алу қаупі бар.
Максималды рұқсат етілген жылдамдығы электр
құралыңыздың бос айналу моментіне жоғары болған
аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы пайдалану нұсқаулығында берілген деректерге
сәй және EN 847-1 бойынша тексерілген болып тиісті
ретте белгіленген аралау дискілерін пайдаланыңыз.
Тек осы электр құралының өндірушісі ұсынған және сіз
өңдейтін материалға сәй аралау дискілерін
пайдаланыңыз. Бұл аралауда ара тістерінің қызып кетуіне
жол бермейді.
Аралау дискісін шешу
– Электр құралын жұмыс күйіне келтіріңіз.
– Тұтқышты 2 басып, тербелуден сақтайтын қаптаманы 5
тірелгенше артқа қайырыңыз.
Тербелуден сақтайтын қаптаманы осы күйде ұстаңыз.
– Бұранданы 38 жинақтағы крест тәрізді бұрауышпен 22
тербелуден сақтау қаптамасының бекіткіші тірелгенше
қайыратындай болғанша босатыңыз.
– Алы қырлы бұранданы 39 жинақтағы алты қырлы
торцтық кілтпен 22 бұрап шпиндель бекіткішін 29
тірелгеніше бірдей басыңыз.
Bosch Power Tools
– Шпиндель бұғаттауын 29 басып ұстап бұранданы 39
сағат тілімен бұрап шығарыңыз (сол жақтық бұранда!).
– Қысқыш фланецты 40 шешіңіз.
– Аралау дискісін 41 шешіңіз.
Аралау дискісін орнату
Керек болса барлық орнатылатын бөліктерді тазалаңыз.
– Жаңа аралау дискісін қысқыш флнецке 42 орнатыңыз.
 Орнатуда тістер кесу бағыты (аралау дискісінде
көрсеткі бағыты) қорғағыш қаптама көрсеткі
бағытымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз!
– Қысқыш фланец 40 пен ішкі алты қырлы сомынды 39
орнатыңыз. Шпиндель бұғаттаушын 29 тірелгенше
басып, бұранданы сағат тіліне қарсы бұрап бекітіңіз.
– Тербелуден сақтау қаптамасын 5 алға 38 бұрандасы
тиісті тесігіне кіргенше басыңыз.
Ол үшін тербелуден қорғау қаптамасын алдын ала тарту
үшін манипуляторды қолтұтқасынан ұстап тұру керек.
– Тербелуден сақтау қаптамасын 5 қайта бекітіңіз (38
бұрандасын тартып қойыңыз).
– Тұтқышты 2 басып тербелуден сақтайтын қаптаманы
төменге қайта апарыңыз.
Пайдалану
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тасымалдау қорғауышы (F суретін қараңыз)
Тасымалдау қорғауышы 27 сізге түрлі жұмыс жайларына
тасымалдау кезінде электр құралын қолай пайдалануға
көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасында 3 аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын 27 босатыңыз.
– Тасымалдау қорғаышын 27 толық сыртқа тартыңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Ескертпе: Тасымалдау қорғауышы ішке басылмағанына
көз жеткізіңіз, әйтпесе манипулятор керекті тереңдікке
бұралуы мүмкін болмайды.
Электр құралын қорғауышын орнату
(тасымалдау күйі)
– Дәлдеу бұрандасының 30 биктігіні манипулятор
қолтұтқасында 3 толығымен төменге қайырылатын етіп
реттеңіз (және "Тереңдікті шектеу тірегін реттеу" 201
бетінде қараңыз).
– Тұтқышқа 2 басып бір уақытта манипуляторды
қолтұтқасынан 3 төменге тасымалдау бекіткіші 27
толық ішіне басылғанша қайырыңыз.
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып бұғатталған.
Тіреуіш планканы ұзарту (G суретін қараңыз)
Вертикалды еңіс бұрышын аралауда жылжымалы тіреуіш
планканы 17 жылжыту керек.
– Қатпарлы бұранданы 21 босатыңыз.
– Тіреуіш планканы 17 толық сыртқа тартыңыз.
– Қатпарлы бұранданы 21 қайта берік бекітіңіз.
Қaзақша | 199
1 609 92A 1FF | (13.7.15)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis