Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GCM 10 MX Professional Originalbetriebsanleitung Seite 198

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GCM 10 MX Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 10
OBJ_BUCH-2583-002.book Page 198 Monday, July 13, 2015 12:56 PM
198 | Қaзақша
Шуыл бойынша ақпарат
Шу эмиссиясының мәндері EN 61029-2-9 бойынша
есептелген.
A-мен белгіленген электр құралын шуыл деңгейі әдетте
төмендегіге тең: дыбыс күші 92 дБ(A); дыбыс қуаты
105 дБ(A). Өлшеу дәлсіздігі K=3 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын киіңіз!
Жинау
 Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол
бермеңіз. Орнату кезінде және электр
құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры
тоққа қосылмауы керек.
Жеткізу көлемі
Электр құралын алғашқы рет іске қосудан алдын төменде
жазылған бөліктердің жинақта барлығын тексеріңіз:
– Торцтык және бұрышты ара орнатылған ара дискісімен
– Аударылудан сақтау қапсырмасы 24 бекіткіш жинақпен
35 (2 бұранда, 2 салынатын шайба, 2 төрт қырлы
сомындар)
– Шаң қабы 19
– Бұрандалы қысқыш 18
– Алты қырлы торцтық кілт/крест тәрізді бұрауыш 22
Ескертпе: Электр құралын зақымданулар барлығына
тексеріңіз.
Электр құралын пайдаланудан алдын қорғағыш аспаптар
немесе аз зақымдалған бөліктерді әбден мінсіз және
дұрыс істеуін тексеріңіз. Жылжымалы бөлектер кедергісіз
істеуін және қысылмауын немесе бөліктер
зақымдалмағанын тексеріңіз. Барлық бөліктер дұрыс
орнатылған және кедергісіз жұмыс істеуді қамтамасыз
ететін пайдалану шарттарына сәй болуы керек.
Зақымдалған қорғағыш аспаптар мен бөліктер өкілетті
шеберханада жөндеу немесе алмастыру керек.
Бөліктерін орнату
– Жинақтағы бөліктерді абайлап орамаңыздан алып
қойыңыз.
Бүтін орама материалын электр аспап пен жинақтағы
жабдықтардан алып қойыңыз.
Құлаудан сақтау дөңесін орнату (А суретін қараңыз)
Электр құралын алғашқы рет пайдаланудан алдын
аударылудан сақтайтын тоғынды 24 орнату керек.
Орнату үшін "Аударылудан сақтау жинағы" бекіткіш
жинағын 35 пайдаланыңыз.
– Төрт қырлы сомындарды 35 тиісті тесіктеріне 34
тіреуіш плитада салыңыз.
– Салынатын шайбаларды 35 беіткіш бұрандаларға 35
қойып аударылудан сақтау қапсырмасын 24 осымен
орнатылған сомындарға бұрап бекітіңіз.
 Құлаудан сақтайтын қысқышты алып қоймаңыз.
Құлаудан сақталмаған электр құралы тұрақты тұрмай,
максималды қисайту бұрышындағы аралау кезінде
құлауы мүмкін.
1 609 92A 1FF | (13.7.15)
Ұзартқыш тұтқаны орнату (В суретін қараңыз)
Ұзын дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
Аралау үстелін қосымша ұзарту үшін электр құралының
сол немесе оң жағында ұзарту тұтқаларын орнату мүмкін.
– Ұзарту тұтқасын 36 электр құралының екі жағында
тірелгенше тиісті тесіктерге 16 жылжытыңыз.
– Бекіткіш бұрандаларды 37 ұзартқышты бекіту үшін
бұрап қойыңыз.
Қатты немесе икемді орнату
 Тұрақты пайдалануды қамтамасыз ету үшін электр
құралын пайдаланудан алдын тегіс бекем жұмыс
аймағына (мысалы верстак) орнату керек.
Жұмыс аймағында орнату
(C1–C2 суреттерін қараңыз)
– Электр құралын сәйкес бұрандалармен жұмыс
аймағында бекітіңіз. Ол үшін 14 ойықтары көмектеседі.
немесе
– Электр құралының аяқтарын стандартты бұрандалы
қысқышпен жұмыс аймағында бекітіңіз.
Bosch жұмыс үстелінде орнату
Bosch фирмасының GTA жұмыс үстелдері электр
құралдарын биіктігі реттелетін аяқтары арқылы кез келген
табанда бекітеді. Жұмыс үстеліндегі дайындама
тіреуіштері ұзын дайындамаларды тіреуге арналған.
 Жұмыс үстелі жинағындағы барлық ескертулер
мен нұсқаулықтарды оқыңыз. Ескертпелер мен
нұсқаулықтарды сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі
мүмкін.
 Электр құралын орнатудан алдын жұмыс үстелін
дұрыс құрыңыз. Бұзылу қауіпін болдырмау үшін
мінсіз құру маңызды болып қалады.
– Электр құралын тасымалдау күйінде жұмыс үстеліне
орнатыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының
шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат,
ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Әрдайым шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis