Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GCM 10 MX Professional Originalbetriebsanleitung Seite 196

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GCM 10 MX Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 10
OBJ_BUCH-2583-002.book Page 196 Monday, July 13, 2015 12:56 PM
196 | Қaзақша
 Өтпес, жарылған, қисатылған немесе зақымдалған
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Аралау дискілері
немесе ауытқыған тістер енсіз кесуге, артық үйкеліске,
тұрып қалуға және кері соққыға әкелуі мүмкін.
 Аспапты ешқашан ішпексіз пайдаланбаңыз.
Ақаулы ішпекті алмастырыңыз. Ішпек мінсіз
болмаса ара дискісімен жарақаттану мүмкін.
 Тез кесетін болаттан жасалған, төзімділігі жоғары
аралау дискілерін пайдаланбаңыз. Мұндай аралау
дискілері оңай сынуы мүмкін.
 Әрқашан дұрыс өлшемдері және сәйкес орнату
тесіктері бар аралау дискілерін пайдаланыңыз
(мысалы, ромб түріндегі немесе дөңгелек). Араның
орнату бөлшектеріне сәйкес келмейтін аралау
дискілері эксцентрлі жұмыс істейді, бұл бақылауды
жоғалтуға әкеледі.
 Қорғағыш қаптама дұрыс істеп бос жылжуын
қамтамасыз етіңіз. Қорғағыш қаптаманы ешқашан
ашық жағдайында қыспаңыз.
 Электр құралын тек жұмыс аймағы өңделетін
дайындамаға дейін реттеу құралдарынан, ағаш
жоңқадан т.б. бос болғанда пайдаланыңыз. Айналып
тұрған аралау дискінде жатқан ағаш бөліктері немесе
басқа заттар пайдаланушыға қатты жылдамдықта тиюі
мүмкін.
 Еденді ағаш жоңқалары мен қалдықтарынан бос
ұстаңыз. Сырғануыңыз немесе сүрінуіңіз мүмкін.
 Электр құралы істеп тұрғанда кесу қалдықтарын,
ағаш жоңқаларын т.б. кесу аймағынан
алыстатпаңыз. Манипуляторды әрдайым алдымен
тоқтау күйіне келтіріп, электр құралын өшіріңіз.
 Жұмыстан соң аралау дискісіне суығанша тимеңіз.
Аралау дискісі жұмыс істеген кезде қатты қызады.
 Егер аралау дискісі қысылса электр құралын
өшіріп, дайындамаға аралау дискісі тоқтағанша
тимеңіз. Кері соққыға жол бермеу үшін
дайындаманы тек аралау дискісі тоқтағанда
жылжыту қажет. Электр құралын қайта қосудан алдын
аралау дискісіның қысылу себебін жойыңыз.
 Құрал толық тоқтағаныша оне ешқашан
қалдырмаңыз. Әлі айналып тұрған алмалы-салмалы
аспаптар жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
 Aралау дискісін дайындамаға тек қосулы күйде
апарыңыз. Әйтпесе аралау дискісі дайындамаға ілініп
кері соғу қаупі пайда болады.
 Ешқашан электр құрал үстіне тұрмаңыз. Электр
құралы түсіп сіз аралау дискісіне тисеңіз қатты
жарақаттанулар пайда болуы мүмкін.
Белгілер
Төмендегі белгілер электр құралды пайдалануда маңызды
болуы мүмкін. Белгілер менен олардың мағыналарын
жаттап алыңыз. Белгілерді дұрыс түсіну сізге электр
құралын дұрыс әрі сенімді пайдалануға көмектеседі.
1 609 92A 1FF | (13.7.15)
Белгілер мен олардың мағанасы
 Электр құралы айналып тұрғанда
қолды аралау аймағына әкемеңіз.
Ара дискісіне тию жарақаттану
қаупін тудырады.
 Шаңтұтқыш маскасын киіңіз.
 Қорғаныш көзілдірікті киіңіз.
 Құлақ сақтағышын киіңіз. Шуыл
әсерінен есту қабілетіңіз
зақымдануы мүмкін.
 Қауіпті аймақ! Мүмкіншілік
бойынша алақан, бармақ немесе
қолдарды осы аймақтан
алыстатыңыз.
30mm
Аралау дискісінің өлшемдеріне назар
аударыңыз. Тесік диаметрі аралықсыз
аспап шпинделіне сәй келуі керек.
Жалғастырғыш тетіктерді немесе
адаптерлерді пайдаланбаңыз.
Қисайтып аралауда реттелетін тіреу
сызғышты сыртқа тарту керек.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық
қауіпсіздік нұсқаулықтарын және
ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт
және/немесе ауыр жарақаттануларға
апаруы мүмкін.
Тағайындалу бойынша қолдану
Осы электр құралы қозғалмайтын тіректе бойлай және
көлденеңінен, кесудің түзу бағытымен жұмыс істеуге
арналған. Осында горизонталды еңіс бұрышы –47° мен
+52° дейін және вертикалды еңіс бұрышы 0° мен 45°
дейін болуы мүмкін.
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis