Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Kärcher RC 3.000 Originalbetriebsanleitung Seite 369

Robocleaner
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für RC 3.000:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Робот станцияға қайту уақытын қашан
біледі?
Аккумулятор кернеуі белгілі бір деңгейге жеткен
кезде немесе кір жинағыш толып кеткен кезде робот
станцияға оралады.
Станциядағы роботтың сору жұмысы
қанша уақыт алады?
Сору процесі 30 секунд уақыт алады.
Робот қайта бағдарламаланған? Нені
тексеру керек?
Роботты тек қосуға не өшіруге болады. Станцияда
тазалау ұзақтығын таңдау мүмкіндігі бар. Оған қоса,
оның станцияға соңғы рет қайтқаннан кейін осы
əрекеттерге тыйым салуды да орнатуға болады
(тұрақ функциясы).
Робот қандай тəсілмен қозғалады?
Робот бөлме ішінде кездейсоқ тəсілмен қозғалады.
Бөгет пайда болған жағдайда, ол қалаулы
бұрышпен бағытын өзгертеді жəне содан кейін басқа
бөгетке жетпегенше тіке қозғалады.
Роботта бөгеттерден өту үшін қандай
көмекші құралдар бар?
Датчиктердің көмегімен робот сатыны анықтайды
жəне құламайды.
Арнайы қысқа кілемше анықтау бағдарламасымен
ол қысқа кілемшелерге жақындамайды.
Əртүрлі айналдыру жəне қозғалыс бұрыштары
арқылы робот шығыңқы жерлерді анықтайды.
Робот қай жерде ең тиімді жұмы істейді
(бөлме, қабат)?
Робот ең тиімді түрде бөлме еденінде жұмыс істейді,
яғни станция мен робот бір бөлмеде болған кезде.
Осылайша қайту кезіндегі іздеу уақыты қысқа уақыт
алады, тиімді тазалау уақытының үлесі ең үлкен
болады.
Кең қабаттарды тазалау кезінде станцияны
бөлменің орталық жеріне орналастыру керек,
осылайша ол роботтан сəл алшақ орналасады.
Бұрыштарды тазалау оңай ма (робот
домалақ)?
Жоқ, алайда үздіксіз тазалау арқылы кір жиналуы
қатты азаяды. Осылайша кірдің бұрыштарда
жиналуына нəтижелі түрде жол берілмейді.
Саты/баспалдақта не болады?
Саты: Робот саты алаңын тіркейтін жəне роботқа
бағытты өзгерту туралы сигнал беретін оптикалық
датчиктермен бірге жұмыс істейді.
Баспалдақтар: Робот 10 мм баспалдақтардан өте
алады жəне екі бағыттағы 20 мм-ге дейін жұмсақ
шығыңқы жерлерден өте алады.
Назар аударыңыз:
Саты не баспалдақтарға ешқандай бөгде
заттарды (мысалы, газеттер, киімдер) қоймаңыз
немесе жаймаңыз, себебі датчиктердің
функциясына кедергі келтіріледі. – Құлау қаупі!
Жиһазға зақым келтіру мүмкіндігі бар ма?
Жоқ, үйдегі жабдыққа ешқандай зақымдар
келтірілмейді.
Роботтан жеңіл, сынғыш заттардың алшақ қою жəне
жылжыту немесе кабельдің көмегімен жиһаздан
ажырату қажеттігі сөзсіз (мысалы, телефон). Мұнда
бөлмені "робот үшін жарамды" ету маңызды.
Үй жануарлары роботқа қалай əрекет
Робот тыныш жəне ультрадыбыссыз жұмыс
істейтіндіктен, үй жануарларына ешқандай мəселе
туындамайды. Өз бетімен қозғалысы тек
сенімсіздігін тудырады.
Балалармен қандай шара қолдану керек?
Бөлмеде балалар болған кезде роботты
бақылаусыз қалдыруға болмайды. Балалар робот
үстіне мінген жағдайда механикалық зақымдар
пайда болуы мүмкін.
Робот не ол, не бұл жағдайда неліктен
Робот тек белгілі бір жағдайларда қиын
жағдайлардан босатылуы мүмкін, мысалы, биік
кабельдер жиыны оның күрделі бұрылыстар іздеу
əрекетіне апаруы мүмкін. Мұндай жағдай орын алса,
робот біраз уақыттан кейін тоқтайды. "Жылдам
қызыл" сигнал роботта жана бастайды.
Роботты бос жерге қою жəне өшіріп қайтадан қосу
пайдалы болады. Содан кейін ол тазалау əрекетін
еркін жалғастырады.
Роботымды қалайша дұрыс тасымалдай
Роботты екі қолыңызбен еденнен көтеруге немесе
бір қолыңызбен қылшақтың қуысынан ұстауға
болады.
Робот ылғалды кір жинаған кезде не
Бұл сүзгінің жабысып қалуына əкеледі. Мұндай
жағдайда сүзгіні роботтан шығару жəне тазалау
маңызды болады ("Тегіс сүзгіні тазалау" бөлімін
қараңыз).
Робот мен болмағанда тұрып қалса, не
Ештеме болмайды. Робот сол жерде тұра береді
жəне тұрып қалу туралы сигнал көрсетіледі. Егер
шам өшсе, бұл аккумулятордың таусылғанын жəне
қайта зарядтау қажеттілігін білдіреді.
– 17
KK
етеді?
тұрып қалады?
аламын?
болады?
болады?
369

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis