Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GKS 160 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 151

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GKS 160 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-185-005.book Page 151 Wednesday, March 5, 2014 9:54 AM
Қысқыш тұтқышты 25 босатып, араны 14 тірек тақтадан
тартып, 25 қысқыш тұтқышты қайта тартып бекітіңіз.
24 бұрандасын босатып, сынаны 13 суретте көрсетілген
көлемге реттеп 24 бұрандасын 8–9 Нм бұрау моментімен
тартып қойыңыз.
Сынаны шешу/орнату
Сынаны 13 шешу үшін 24 бұрандасын босатып 13
сынасын алып қойыңыз.
Орнату үшін 13 сынасын орнатып 24 бұрандасымен
бекітіңіз. Сосын алдын сипатталғандай сынаның реттелуін
тексеріңіз.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Сору адаптерін орнату (F суретін қараңыз)
Сору адаптерін 28 жоңқаны сору келте құбырына 16
орнатыңыз. Сору адаптеріне 28 диаметрі 35 мм сору
шлангысын жалғауға болады.
 Сору адаптерін сору құрылғысын жалғамай қосуға
болмайды. Әйтпесе сору арнасы бітеліп қалуы мүмкін.
 Сору адаптеріне шаң жинау қабын кигізуге
болмайды. Әйтпесе сору жүйесі бітеліп қалуы мүмкін.
Оңтайлы соруды қамтамасыз ету үшін сору адаптерін 28
жүйелі түрде тазалап тұру керек.
Сыртқы сорғыш
Сорғыш шлангін 32 шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар).
Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Bosch Power Tools
Пайдалану
Пайдалану түрлері
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау тереңдігін орнату (C суретін қараңыз)
 Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Цангалық қысқышты 25 тартыңыз. Аз аралау тереңдігі
үшін араны тірек тақтадан 14 ары тартыңыз, үлкен
тереңдік үшін араны тірек тақтаға 14 басыңыз. Аралау
тереңдігінің шкаласы бойынша қажет өлшемді орнатыңыз.
Цангалық қысқышты 25 берік бекемдеңіз.
Қысқыш тұтқыштың 25 қысу күшін реттеу мүмкін. Ол үшін
25 қысқыш тұтқышты шешіп кемінде сағат тіліне қарсы
30°-ке жылжытып қайта бекітіңіз.
Бағыт бұрышын реттеу
Электр құралды қорғағыш қаптаманың 17 бүйірлік
бөлігіне қойыңыз.
Қатпарлы бұрандаларды 7 мен 15 босатыңыз. Араны
бұраңыз. Қажетті өлшемді 5 шкаласында қажет мәнді
орнатыңыз. 7 мен 15 қатпарлы бұрандаларын қайта
бекітіңіз.
Ескертпе: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында 26 көрсетілген саннан азырақ.
Аралау бұрышының белгілері
45
0
0° аралау бұрышының белгісі 10 тік бұрышпен аралау
кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. 45° 9 аралау
бұрышының белгісі 45° ара полотносының күйін
көрсетеді.
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Электр құралды іске қосудан алдын сынаның реттелуін
тексеріңіз.
Қaзақша | 151
45
0
2 609 932 923 | (5.3.14)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis