• Қорғау тақтасының бетін/монитордың бетін 50 -
70 к/к% изопропил спиртінің концентратымен
немесе 76,9 - 81,4 к/к% этанол концентратымен
сүртіп тазалаңыз. Қорғау тақтасының бетін
ақырын сүртіңіз (1 Н күштен аз күш жұмсап
сүртіңіз).
• Тұрып қалған дақтар жұмсақ еріткішпен
ылғалдандырыла отырып, тазартқыш шүберекпен
ысқылап, содан кейін үстінен пайдаланылатын
химиялық еріткішті пайдалану арқылы кетіріледі.
Тазалау немесе дизинфекция үшін бензин,
еріткіш, қышқыл, сілті, қырғыш құрал немесе
химиялық тазарту шүберектері сияқты
құралдарды ешқашан пайдаланбаңыз, себебі олар
қорғау тақтасының/монитордың бетін
зақымдайды.
• Қорғау тақтасының/монитордың бетін бүлінген
шүберекпен сүрткен кезде артық күш
пайдаланбаңыз. Қорғау тақтасының/монитордың
беті сызылуы мүмкін.
• Қорғау тақтасының/монитордың бетін резеңкеге
немесе винил резеңкеге ұзақ уақыт бойы тигізіп
ұстамаңыз. Беттің жылтыры нашарлауы немесе
қабаты түсіп қалуы мүмкін.
Құрылғыны тастау
Құрылғыны басқа қалдықтармен бірге тастамаңыз.
Мониторды тұрмыстық қалдықтарға қоспаңыз.
Бірнеше құрылғыларды
пайдалануға арналған кеңес
Монитор қызметкерлердің, мүліктердің қауіпсіздігін
бақылау немесе тұрақты суреттер алу немесе шұғыл
жағдайлар үшін пайдаланылса, бірнеше құрылғыны
немесе қосымша құрылығыны пайдалануға кеңес
береміз.
Қайта орауға қатысты
Картон немесе орайтын материалдарды тастамаңыз.
Олар құрылғыны тасымалдауға ыңғайлы болады.
Құрылғы туралы сұрақтарыңыз болса, өкілетті Sony
дилеріне хабарласыңыз.
Желдеткіш қатесіне қатысты
Құрылғыны суытатын желдеткіш ендірілген.
Желдеткіш тоқтаған кезде алдыңғы панельдегі
RETURN (Қайтару) түймесі желдеткіш қатесін
көрсетіп жыпылықтайды, қуаттан ажыратып,
өкілетті Sony дилеріне хабарласыңыз.
Ылғал конденсацияға қатысты
Егер құрылғы суық жерден жылы жерге
ауыстырылса немесе құрылғы ыстық кезде
қоршаған орта температурасы күрт төмендесе
(мысалы, ауаны салқындату арқылы), ылғалдық
құрылғының бетінде немесе ішінде булануы не
қорғау тақтасының ішінде булану пайда болуы
мүмкін.
Бул ылғалдықтың булануы деп аталады жəне
өнімнің ақауы болып табылмайды, бірақ ол
құрылғының бұзылуын əкелуі мүмкін.
Құрылғыны буланбайтын жерге қалдырыңыз.
Егер ылғалдықтың булануы болса, құрылғыны
өшіріп, ылғалдықтың булануы кетпегенше оны
қоспаңыз.
Құрылғыны қауіпсіз пайдалануға
қатысты ескертулер
• Кейбір адамдарда бейне суреттер көрген кезде
ыңғайсыз жағдай (көздің шаршауы, қалжырау
немесе лоқсу) болуы мүмкін. Sony корпорациясы
бейне суреттер көрген кезде барлық көрушілерге
үзіліс жасап тұруға кеңес береді. Қажетті
үзілістердің ұзақтығы мен жиілігі адамдарға
байланысты əр түрлі болады. Қайсысы ыңғайлы
екенін өзіңіз шешуіңіз керек. Егер қандай да бір
ыңғайсыз жағдай сезінсеңіз, ол аяқталғанша бейне
суреттерді көруді тоқтатыңыз, қажет десеңіз,
дəрігерге қаралыңыз.
• Бейнелерді бас айналатын жерлерде, серуендеген
немесе жаттығу жасаған кезде көрмеңіз, себебі,
өзіңізді ыңғайсыз сезіну мүмкіндігі жоғары.
11
KZ
Ескерту