Емдеу мекемелерінде пайдалануға арналған
маңызды сақтық шаралары/ескертулер
1. Бұл құрылғыға қосылатын барлық жабдықтар
жабдықтарға қолданылатын IEC 60601-1,
IEC 60950-1, IEC 60065 немесе басқа IEC/ISO
стандарттарына сəйкес сертификатталуы тиіс.
2. Сонымен қатар барлық конфигурациялар
IEC 60601-1 жүйе стандартына сəйкес болуы
тиіс.
Сигнал кірісі бөлігіне немесе сигнал шығысы
бөлігіне қосымша жабдықты қосатын кісі
медициналық жүйені конфигурациялайды,
сондықтан ол жүйенің IEC 60601-1 жүйе
стандартының талаптарына сəйкестігіне жауап
береді.
Егер сенімді болмасаңыз, білікті мамандарға
хабарласыңыз.
3. Басқа жабдыққа қосылған кезде жылыстау тогы
артуы мүмкін.
4. Нақты осы жабдық үшін, жоғарыда айтылғанға
сəйкес қосылған барлық қосымша жабдықтар
электр желісіне IEC 60601-1 құрылым
талаптарына сəйкес келетін жəне кемінде негізгі
изоляцияны қамтамасыз ететін қосымша
изоляциялық трансформатор арқылы қосылуы
тиіс.
5. Бұл жабдық радио жиілігіндегі энергияны
өндіреді, пайдаланады жəне шығара алады. Егер
нұсқаулыққа сəйкес орнатылмаса жəне
пайдаланылмаса, ол басқа жабдыққа кедергі
жасауы мүмкін. Егер бұл құрылғы кедергі жасаса
(оны қуат кабелін құрылғыдан ажырату арқылы
анықтауға болады), келесі шараларды
қолданыңыз: сезгіш жабдыққа байланысты
құрылғының орнын өзгертіңіз. Осы құрылғы мен
сезгіш жабдықты басқа параллель тізбекке
қосыңыз.
Дилерге хабарласыңыз. (IEC 60601-1-2 жəне
CISPR11 стандарттарына сəйкес, класс B, топ 1)
4
KZ