Herunterladen Diese Seite drucken

Stihl RLE 540 Gebrauchsanleitung Seite 449

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
11.4 Бас тұтқаның жоғарғы бөлігі
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
Əр қолдану алдында
● Бас тұтқаның жоғарғы бөлігінің
зақымдалмағанын тексеріңіз – ол
оқшаулағыш қабатпен жабылған.
Егер ол зақымдалған болса,
аэраторды іске қоспаңыз жəне
делдалға бас тұтқаның жоғарғы
бөлігін ауыстыруға тапсырыс беріңіз.
STIHL компаниясы STIHL делдалын
ұсынады.
11.5 Аэратор блогы
Жарақат алу қаупі бар!
Тозған пышақ бөлініп кетіп, ауыр
жарақат алуға апарып соғуы
мүмкін. Сондықтан техникалық
қызмет көрсетуді міндетті түрде
сипатталғандай орындау керек.
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
Əр қолдану алдында
● Аэраторды тазалау күйіне көтеріңіз.
(
11.2)
● Аэратор блогында (құрамында
кесетін десте, пышақтар, гайкалар,
шайбалар жəне аралық қабаттар
бар) тозудың бар-жоғын, бекіту
беріктігін, сынықтардың жəне басқа
зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз.
Тозуды бақылау:
Топырақ жұмыс тереңдігінің жоғары
деңгейінде (6-деңгей) өңделген болса,
пышақтарды ауыстыру керек.
Пышақтарды əрқашан толық жинақпен
ауыстыру керек.
Пышақты ешқашан өткірлемеңіз!
0478 670 9906 B - KK
Ақаулы немесе тозған бөліктерді
жөндеу немесе ауыстыру үшін делдалға
тапсырыс беріңіз. STIHL компаниясы
STIHL делдалын ұсынады.
11.6 Сақтау жəне қысқы үзіліс
● Аэраторды құрғақ, жабық, шаңсыз
жəне таза бөлмеде сақтаңыз.
Құрылғы балалардың қолы жетпейтін
жерде екеніне көз жеткізіңіз.
● Аэраторды тек техникалық қауіпсіз
күйде ғана сақтаңыз, қажет болған
жағдайда бас тұтқаны қайырып
тастаңыз.
● Барлық гайкаларды, болттарды жəне
бұрандалдарды берік бұралған күйде
ұстаңыз, құрылғыдағы анық емес
қауіп немесе ескерту нұсқауларын
жаңартыңыз, бүкіл құрылғыда жəне
шөп жинағышта (керек-жарақ –
жеткізілім жинағына кірмейді) тозу
жəне зақымдардың бар-жоғын
тексеріңіз. Ақаулы жəне зақымдалған
бөлшектерді ауыстырыңыз.
● Құрылғыдағы кез келген ақауларды
сақтау алдында шешу маңызды.
Аэраторды ұзақ мерзімге қолданыстан
шығарған кезде (қысқы үзіліс)
төмендегілерге қосымша назар
аударыңыз:
● Құрылғының барлық сыртқы
бөлшектерін мұқият тазалап
шығыңыз.
● Барлық қозғалатын бөлшектерге май
не жағармай жағыңыз.
12. Тасымалдау
12.1 Тасымалдау
Жарақат алу қаупі!
Тасымалдаудан бұрын "Сіздің
қауіпсіздігіңіз" бөлімін оқып
шығыңыз. (
4.)
Тасымалдау кезінде əрқашан
қажетті арнайы киімді (қорғаныш
аяқ киімі, қорғаныш қолғаптары)
киіңіз.
Көтеруден немесе
тасымалдаудан бұрын əрқашан
желілік сымды ажыратыңыз.
Құрылғыны тасымалдау:
● Аэраторды əрдайым екі адам тасуы
тиіс. Пышақ пен дененің, əсіресе, аяқ
пен табан арасындағы қашықтықты
қатаң қадағалаңыз.
Құрылғыны тасымалдау
тұтқасынан (1) жəне бас тұтқаның
жоғарғы бөлігінен (2) ұстап немесе
бас тұтқаның жоғарғы бөлігі
жайылған кезде бас тұтқаның төменгі
бөлігінен (3) ұстап көтеріңіз немесе
тасымалдаңыз.
Құрылғыны бекіту:
● Аэратор мен шөп жинағышты (керек-
жарақ – жеткізілім жинағына
кірмейді) жүк тиеу алаңына арнайы
бекіту құралдарымен бекітіңіз.
Құрылғыны тек дөңгелектеріне қойып
тасымалдаңыз.
12
447

Werbung

loading