Herunterladen Diese Seite drucken

Stihl RLE 540 Gebrauchsanleitung Seite 443

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Ескерту жəне нұсқау жапсырмалары
əрқашан таза жəне оқылатын күйде
болуы керек. Зақымдалған немесе
жоғалған жапсырмаларды STIHL
делдалдарының жаңа түпнұсқа
жапсырмаларына ауыстырыңыз.
Бөлшекті жаңасына ауыстырған кезде,
жаңа бөлшекте дəл сондай
жапсырманың бар болғанына көз
жеткізіңіз.
Аэратор блогын жұмысын тек мықты
жұмыс қолғаптарын киіп, аса жоғары
сақтық деңгейінде орындаңыз.
Аэратор блогында жұмыс істегенде
желілік ашаны тартып шығарған кезде
пышақтың өздігінен қозғалып қалу
мүмкіндігін ескеріңіз.
Құрылғы əрқашан жұмыс істейтін күйде
болуы үшін барлық гайкаларды,
болттарды жəне бұрандалардың берік
бекемделген күйде болуын
қадағалаңыз.
Құрылғы мен шөп жинағышта (керек-
жарақ – жеткізілім жинағына кірмейді)
тозған жəне зақымдалған жерлердің
бар-жоғын, əсіресе қоймаға қою
алдында үнемі тексеріп отырыңыз
(мысалы, қысқы үзіліс алдында).
Қауіпсіздік түсінігіне орай, тозған жəне
зақымдалған бөлшектерді дереу
ауыстыру керек, соның арқасында
құрылғы қауіпсіз əрі қалыпты қолданыс
күйінде болады.
Егер техникалық қызмет көрсету кезінде
қандай да бір бөліктер немесе
қорғаныш құрылғылары алынып
тасталса, нұсқаулықтың талабына
сəйкес оларды орнына орнату қажет.
0478 670 9906 B - KK
4.8 Ұзақ мерзім бойы сақтау
Суыған құрылғыны сақтау үшін құрғақ,
жабық орынға қойыңыз.
Оқымаған адамға (мысалы, балаларға)
ұсақтағышпен жұмыс істеуге тыйым
салынған.
Ұзақ уақыт сақтау алдында
(мысалы, қыс айларында) құрылғыны
мұқият тазарту қажет.
Құрылғыны тек жұмысқа жарамды
күйінде ғана пайдаланған жөн.
Құрылғыны абайсызда аунап кетпейтін
тегіс жерде сақтаңыз.
4.9 Кəдеге жарату
Ауыстырылған құрылғы нұсқаулыққа
сəйкес кəдеге жаратылатынына көз
жеткізіңіз. Кəдеге жарату алдында,
құрылғыны қолданысқа жарамсыз
етіңіз. Сонымен қатар, жазатайым
жағдайлардан сақтану үшін əсіресе
желілік кабельді немесе электрлік қуат
кабелін электр қозғалтқыш
ажыратқышынан ағыту ұсынылады.
Аэратор блогынан жарақат алу қаупі
бар!
Өз мерзімін қызмет етіп аяқтаған
құрылғыны ешқашан назарсыз
қалдырмаңыз. Құрылғы жəне пышақтар
балалардың қолы жетпейтін орам
диапазонында сақталғанына көз
жеткізіңіз.
5. Таңбалардың
сипаттамасы
Назар аударыңыз!
Құрылғыны қолданысқа
енгізу алдында пайдалану
жөніндегі нұсқаулық пен
қауіпсіздік техникасының
жөніндегі нұсқауларды
мұқият оқып шығыңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Басқа адамдар қауіпті
аймақтан алшақ
орналасуы керек.
Сақ болыңыз, өткір
пышақ!
Қол мен аяқ саусағын
алшақ ұстаңыз. Қызмет
көрсету, реттеу немесе
тазалау жұмыстары үшін
немесе жалғастырушы
шоғырсым оралып қалған
немесе зақымдалған
болса, желілік ашаны
розеткадан тартып
шығарыңыз. Пышақты,
электр қозғалтқыш
өшкеннен кейін ғана
айналдырыңыз.
Ток соғу қаупі бар!
Жалғастырушы
шоғырсымды
пышақтардан алшақ
ұстаңыз.
441

Werbung

loading