Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch EXACT ION 18 V-LI 6-1500 WK Originalbetriebsanleitung Seite 143

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-2165-003.book Page 143 Thursday, March 16, 2017 3:22 PM
 Бұранданың жасырын тоқ сымына тиюі ықтимал
жұмыстарды орындауда құралды
оқшауландырылған тұтқасынан ұстаңыз. Бұранда
тоқ өтетін сымға тиген жағдайда металды құрал
бөлшектеріне тоқ беріліп, соғуына алып келуі мүмкін.
 Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Кері
соққыға әкелетін жоғары реакция сәттеріне дайын
болыңыз. Жұмыс құралы келесі жағдайларда
тұтығады:
– электр құралына шамадан тыс жүктеме түскенде
немесе
– өңделіп жатқан бөлшек қисайса.
 Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап
бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары
мезеттер пайда болуы мүмкін.
 Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе
қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен
салыстырғанда, берік ұсталады.
 Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр
құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін.
Үшкірлеу, аралау, тегістеу, бұрғылау
ЕСКЕРТУ
және ұқсас әрекеттерді орындау
кезінде пайда болатын шаң концерогенді, тератогенді
немесе мутагенді әсер етуі мүмкін. Осы шағдар
төмендегі заттектерді қамтиды:
– Лак немесе бояулардағы қорғасын;
– кірпіш, цемент және басқа тас заттектеріндегі
кристаллды кремнезем;
– химиялық өңделген ағашта күшән мен хромат.
Ауырып қалу қаупі осы заттектерге душар болуға
байланысты. Қауіпті төмендету үшін дұрыс желдетілетін
бөлмелерде тиісті сақтық жабдықтарын киіп жұмыс істеңіз
(мысалы арнайы құрастырылған ең кіші шаң бөлшектерін
сүзгілейтін шаңтұтқыштар).
 Электр құралын (мысалы қызмет көрсету,
аспаптарды алмастыру т.б.) пайдалануда және
оларды тасымалдау және сақтауда айналу
бағытының реттеушісін орта күйге жылжытыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
 Кездейсоқ қосылуға жол бермеңіз. Аккумуляторды
салудан алдын қосқыш/өшіргіш өшірулі күйде
болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты
қосқыш/өшіргішке қойып тасымалдау немесе қосулы
электр құралына аккумулятор салу жазатайым
оғиғаларға алып келуі мүмкін.
 Тек қана мінсіз, тозбаған алмалы-салмалы
аспаптарды пайдаланыңыз. Ақауы бар алмалы-
салмалы аспаптар бұзылып, жарақат пен зиян келтіруі
мүмкін.
 Алмалы-салмалы аспаптарды орнатуда олардың
аспап патронында сенімді тұруына көз жеткізіңіз.
Егер алмалы-салмалы аспаптар аспап патронымен
қатты біріктірілмесе, босап кетіп, басқару мүмкін
болмайды.
Bosch Power Tools
 Ұзын бұрандаларды бұрап кіргізуде абай болыңыз,
бұранда түріне және алмалы-салмалы аспапқа
байланысты сырғу қаупі бар. Кері жағдайда ұзын
бұрандаларды басқару қиын болып, олар бұрауда
сырғы, жарақаттауы мүмкін.
 Электр құралын қосар алдында орнатылған бұрау
бағытына назар аударыңыз. Егер мысалы,
бұранданы шығармақшы болғаныңызда бұрау бағыты
бұранданы бұрап кіргізуге реттелген болса, бұл электр
құралының басқарылмайтын әрекеттенуіне алып келуі
мүмкін.
 Электр құралын дрель ретінде пайдаланбаңыз.
Ажырату тіркесімі бар электр құралдары бұрғылауға
арналмаған. Тіркесім автоматты ретте ескертусіз
ажыратылуы мүмкін.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch
өніміңізде пайдаланыңыз. Тек осы жағдайда
аккумулятор ауыр шамадан тыс жүктемелерден
қорғалған болады.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Өнім және қызмет сипаттамасы
Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді оқыңыз.
Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын
және ескертпелерді сақтамау тоқтың
соғуына, өрт және/немесе ауыр
жарақаттануларға апаруы мүмкін.
Электр құралының суреті бар бетті ашып пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы берілген өлшем және қуат аймағында
бұрандаларды, сомындарды және басқа бұрандалы
біріктірмелерді бұрап кіргізу немесе шығаруға арналған.
Электр құралын дрель ретінде пайдалануға болмайды.
Осы элекр құралының жарығы электр құралының тікелей
жұмыс жайын жарықтандыруға арналған болып үйде
бөлмені жарықтандыруға арналмаған.
Қaзақша | 143
1 609 92A 3U1 | (16.3.17)

Werbung

loading