Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti NURON AG 6D-22-150 Bedienungsanleitung Seite 282

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für NURON AG 6D-22-150:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
2. Қорғауыш қаптаманы алып тастаңыз.
6.8
Алдыңғы қақпақты орнату немесе бөлшектеу
Алдыңғы қақпақты стандартты қорғауыш қаптамаға енгізу керек.
1. Алдыңғы қақпақты жабық жағымен стандартты қорғауыш қаптамаға қаратып жоғары қарай орна-
тыңыз.
▶ Құлып шерту дыбысымен бекітілуі тиіс.
2. Бөлшектеу үшін алдыңғы қақпақтың құлпын ашыңыз.
3. Стандартты қорғауыш қаптамадан алдыңғы қақпақты бөлшектеңіз.
6.9
Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе бөлшектеу
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі. Алмалы-салмалы аспап қызып кетуі мүмкін.
▶ Алмалы-салмалы аспапты ауыстырған кезде қорғауыш қаптаманы тіреңіз.
Кесу мен ажарлау сапасы төмендесе, алмасты дискілерді алмастыру керек. Өзге жағдайларда
алмас сегменті биіктігінің 2 мм-ден аз болуы ауыстыруға себеп болады.
Басқа диск түрлерін кесу сапасы төмендеген кезде немесе бұрыштық ажарлағыш бөліктері
(дискіден басқа) жұмыс кезінде жұмыс материалына тиген жағдайда алмастыру керек.
Абразивті дискілерді тозу мерзімі өткеннен соң алмастыру қажет болады.
6.9.1
Алмалы-салмалы аспапты орнату
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі. Аспап қозғалтқышы тоқтап қалғанда алмалы-салмалы аспап ажыратылып қалуы
мүмкін.
▶ Алмалы-салмалы аспапты не қыспа гайканы бекітпес бұрын алмалы-салмалы аспап толығымен
тоқтағанша күтіңіз.
▶ Алмалы-салмалы аспап пен қыспа фланецтің бөліктері аспап моторы тоқтап қалған кезде
шпиндельден ажыратылмайтындай етіп оларды қыспа гайкамен бұрап бекітіңіз.
1. Қыспа фланец пен қыспа гайканы тазалаңыз.
2. Қыспа фланецтегі дөңгелек қималы сақинаның бар екендігін және зақымдалмағанын тексеріңіз.
▶ Жетіспейтін немесе зақымдалған қималы сақинаны алмастырыңыз.
3. Қыспа фланецті шпиндельге берік және айналмайтындай етіп орнатыңыз.
4. Алмалы-салмалы аспапты орнатыңыз.
5. Шпиндель мойнындағы қыспа гайканы айналдырыңыз.
6. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
7. Қыспа гайканы қыспа гайка кілтінің көмегімен тартыңыз.
6.9.2
Алмалы-салмалы аспапты бөлшектеу
ЕСКЕРТУ
Сыну және бұзылу қаупі бар. Шпиндель айналып тұрғанда шпиндельді бұғаттау түймесі басылып
тұрса, алмалы-салмалы аспап босап қалуы мүмкін.
▶ Шпиндельді бұғаттау түймесін тек шпиндель өшірулі күйінде болғанда басыңыз.
1. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
2. Гайка кілтін орналастырып және оны сағат бағытына қарсы айналдырып, қыспа гайканы босатыңыз.
3. Шпиндельді бұғаттау түймесін жіберіп, алмалы-салмалы аспапты алып тастаңыз.
274
Қазақ
8
9
2282186
*2282186*

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis