Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Жалпы Нұсқаулар; Қауіпсіздік Техникасы Бойынша Нұсқаулар - Kärcher CNS 18-30 Battery Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für CNS 18-30 Battery:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Мазмұны
Жалпы нұсқаулар............................................... 312
Қоршаған ортаны қорғау ................................... 316
Жеткізілім жинағы .............................................. 317
Қорғаныс құрал-жабдықтары ............................ 317
Құрылғыдағы белгілер....................................... 317
Қорғаныш киім.................................................... 318
Құрылғының сипаттамасы................................. 318
Орнату ................................................................ 318
Пайдалануға енгізу ............................................ 319
Пайдалану .......................................................... 319
Тасымалдау........................................................ 321
Сақтау ................................................................. 322
Ақаулар кезіндегі көмек ..................................... 323
Кепілдік ............................................................... 323
Техникалық мағлұматтар .................................. 324
Діріл мəні ............................................................ 324
декларация......................................................... 324

Жалпы нұсқаулар

Құрылғыны алғаш рет пайдаланбас бұрын,
осы қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларын, осы
түпнұсқалық пайдалану нұсқаулығын,
аккумулятор жинағына қоса берілетін
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларын жəне қауіпсіздік
туралы нұсқаулығын жəне қоса берілетін
түпнұсқалық аккумулятор жинағын / зарядтау
құрылғысын пайдалану нұсқауларын оқыңыз. Оған
сəйкес əрекет етіңіз. Буклеттерді кейінірек
пайдалану үшін немесе кейінгі иелері үшін ұстаңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы нұсқауларға
қосымша құрылғы пайдаланылатын елдің қауіпсіздік
техникасы мен қайғылы жағдайлардың алдын
алудың жалпы нұсқауларын сақтау керек.
Қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулар
Шынжырлы арамен жұмыс жасағанда жарақат
алу қаупі жоғары, өйткені ол жоғары
жылдамдықта жəне өте өткір ара тістерімен
жұмыс істейді. Шынжырлы арамен жұмыс істеу
кезінде міндетті түрде қауіпсіздік шараларын
жəне өзін-өзі ұстау ережелерін сақтаңыз.
Осы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларға
қосымша сондай-ақ нақты елде əрекет ететін
(мысалы, билік органдарының, кəсіби
қауымдастықтардың немесе əлеуметтік қорлардың)
қауіпсіздік техникасының жəне оқытудың ережелері
сақталуы керек. Шынжырлы араны пайдалану
жергілікті ережелермен (күн жəне жыл уақытымен)
шектелуі мүмкін. Жергілікті ережелерді сақтаңыз.
312
ҚАУІП
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
● Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып
соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
АБАЙЛАҢЫЗ
● Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫ
● Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал
қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Электр құралдарының жалпы қауіпсіздік
ЕСКЕРТУ
● Барлық қауіпсіздік ережелерін жəне
нұсқауларды оқып шығыңыз.
Нұсқаулар мен қауіпсіздік техникасы бойынша
нұсқаулықты сақтамау электр тогының
соғуына жəне/немесе ауыр жарақатқа əкелуі
мүмкін. Болашақ үшін барлық қауіпсіздік пен
нұсқауларды сақтаңыз.
Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықта
қолданылатын «электр құралы» термині электр
қуатымен жұмыс істейтін электр құралдарына
(қуат сымы бар) жəне аккумуляторлық электр
құралдарына (қуат сымы жоқ) қатысты.
1
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
a Жұмыс аймағын таза ұстаңыз жəне жақсы
жарықтандырыңыз. Таза емес жəне
жарықтандырылмаған жұмыс орындары
апаттарға əкелуі мүмкін.
b Электр құралмен тұтанғыш сұйықтықтар,
газдар немесе шаңдар бар ықтимал
жарылғыш ортада жұмыс істемеңіз.
Электр құралы шаңды немесе буды
тұтандыруы мүмкін ұшқындар шығарады.
c Электр құралын пайдалану кезінде
балалар мен басқа адамдарды алыс
ұстаңыз. Алаңдағанда құрылғыны басқара
алмай қалуыңыз мүмкін.
2
Электрлік қауіпсіздік
a Электр құралының штекері розеткаға
сəйкес болуы керек. Штекерді ешбір
жағдайда өзгертуге болмайды. Электрлік
жерге тұйықталған электр құралдарымен
бірге жалғастырғыш тетікті қолданбаңыз.
Өзгертілмеген штекер жəне сəйкес келетін
розеткалар электр тогының соғу қаупін
азайтады.
b Дененің құбырлар, жылытқыштар, пештер
мен тоңазытқыштар сияқты жерге
тұйықталған беттермен байланысуын
болдырмаңыз. Егер денеңіздің жерге
тұйықталуы орын алса, электр тогының
соғу қаупі жоғары.
c Электр құралдарын жаңбырдан немесе
ылғалдан сақтаңыз. Судың электр
құралына енуі электр тогының соғу қаупін
арттырады.
Қазақша
Қауіп деңгейлері
ережелері

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis