Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GCM 18V-216 D Professional Originalbetriebsanleitung Seite 281

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
– Жаңа ара дискісін ішкі қысқыш фланецке (53)
орнатыңыз.
– Қысқыш фланецті (52) және ішкі алты қырлы
бұранданы (51) орнатыңыз. Шпиндель бекіткішін (31)
тірелгенше басып, ішкі алты қырлы бұранданы сағат
тілінің бағытына қарсы бұрап бекітіңіз.
– Маятниктік қорғаныш қаптаманы баяу артқа қарай
қайта апарыңыз.
Пайдалану
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс
(E суретін қараңыз)
Тасымалдау кезіндегі қорғаныс (34) электр құралын
әртүрлі жұмыс орындарына тасымалдау кезінде қолайлы
пайдалануға көмектеседі.
Электр құралын қорғауышынан босату (жұмыс күйі)
– Манипуляторды тұтқасында (7) аз төмен басып
тасымалдау қорағауышын (34) босатыңыз.
– Тасымалдау қорғағышын (34) толық сыртқа тартыңыз.
– Манипуляторды жай жоғарыға бағыттаңыз.
Электр құралын қорғауышын орнату (тасымалдау
күйі)
– Бекіткіш бұранда (1) тарту аспабын (2) қысса, оны
босатыңыз. Манипуляторды толығымен алға тартып,
тарту аспабын бұғаттау үшін бекіткіш бұранданы
қайтадан тартыңыз.
– Тереңдік шектегішін (39) жоғары қарай тартыңыз.
Тіреуіш планканы жылжыту (H суретін қараңыз)
Көлденең және/немесе тік еңіс бұрыштарын аралау кезінде кесу бағытына байланысты сол немесе оң жақ жылжымалы
тіреуіш планканы (26) сыртқа тарту немесе толықтай алып тастау керек.
Тік еңіс
Көлденең еңіс
бұрышы
бұрышы
0°–22,5°
> 0°
(сол жақ/оң жақ)
22,5°–47°
≤ 48°
(сол жақ/оң жақ)
(сол жақ/оң жақ)
Дайындаманы бекіту (I суретін қараңыз)
Оңтайлы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін
дайындаманы әрдайым мықтап қысу керек.
Мықтап қысу үшін тым кішкентай болатын
дайындамаларды өңдемеңіз.
Bosch Power Tools
– Аралау үстелін (12) бұғаттау үшін бекіткіш тетікті (16)
тартып қойыңыз.
– Манипуляторды тұтқасынан (7) төмен қарай
қайырыңыз да, тасымалдау бекіткіші (34) толығымен
ішке кіруі тиіс.
Манипулятор енді тасымалдауға дайын болып
бұғатталған.
Жұмыс істеуге дайындау
Дәл кесіктерді қамтамасыз ету үшін қарқынды түрде
пайдаланғаннан кейін электр құралының негізгі
реттеулерін тексеріп, қажетінше реттеу керек болады.
Ол үшін тәжірибе мен тиісті арнайы аспаптар қажет
болады.
Bosch сервистік орталығы бұл жұмысты жылдам әрі
сенімді түрде өткізеді.
Аралау үстелін ұзарту/кеңейту (F−G суреттерін
қараңыз)
Ұзын және ауыр дайындамалар бос басында басылып
тірелуі керек.
Аралау үстелін аралау үстелінің ұзартқыштары (23)
көмегімен солға немесе оңға ұзартуға болады.
– Қысқыш бұранданы (22) босатыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын (23) қажетті ұзындыққа
дейін сыртқа тартыңыз.
– Аралау үстелінің ұзартқышын бекіту үшін қысқыш
бұранданы (22) қайтадан тартып қойыңыз.
Дайындама тіреуіштерінің (24) икемді штепсельдік
жүйесі ұзарту немесе кеңейту нұсқаларының алуан
түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.
– Қажет болса, дайындама тіреуішін (24) электр
құралындағы бекіткіштерге (47) немесе екінші
дайындама тіреуішінің бекіткіштеріне (48) енгізіңіз.
Электр құралын еш жағдайда дайында
u
тіреуіштерінен ұстап тасымаңыз.
Электр құралын тасымалдау үшін тек тасымалдау
аспаптарын пайдаланыңыз.
– Сол жақ/оң жақ бұғаттау бұрандасын (44) босатыңыз.
– Сол жақ/оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (26) толықтай сыртқа тартыңыз.
– Сол жақ/оң жақ бұғаттау бұрандасын (44) босатыңыз.
– Сол жақ/оң жақ жылжымалы тіреуіш планканы (26) толықтай сыртқа тартыңыз.
– Жылжымалы тіреуіш планканы жоғары көтеріп қойыңыз.
– Дайындаманы (26) және (25) тіреуіш планкаларына
қарай басыңыз.
– Жинақтағы бұрандалы қысқышты (41) арнайы
саңылауларға (42) енгізіңіз.
Қазақ | 281
1 609 92A 8HU | (20.12.2022)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis