Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch PKS 40 Originalbetriebsanleitung Seite 138

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für PKS 40:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
138 | Қазақ
фланецтің (20) орнату күйі дұрыс болуын
қадағалаңыз.
– Шпиндельді бұғаттау түймесін (5) басып, ұстап
тұрыңыз.
– Алты қырлы дөңбек кілтпен (3) қысқыш винтті (23) ➋
бағытында бұрап бекітіңіз. Тарту моменті 6–9 Нм
құрауы керек, қолмен бұрау плюс ¼ айналымға сәйкес
келеді.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сыртқы сорғыш
Сору адаптерін  (керек-жарақ) сорғыш шлангіге (26)
(керек-жарақ), шерту дыбысымен тірелетіндей, енгізіңіз.
Сору адаптерін  электр құралындағы жоңқаны шығаруға
арналған келте құбырмен (16) және сорғыш
шлангіні (26) шаңсорғышпен (керек-жарақ)
байланыстырыңыз.
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Германияда ағаш шаңдарына TRGS 553 негізінде
тексерілген сорғыш аспаптар талап етіледі, жеке
сорғыштарды өндірісте пайдалануға болмайды. Басқа
материалдар үшін пайдаланушы арнайы қызмет көрсету
орталықтарынан сәйкес талаптарды сұрау қажет.
Шаң қабымен жеке сору
Шағын жұмыстарда шаң қабын (жабдық) жалғауға
болады. Шаң қабының бекіткіштерін жоңқаны шығаруға
арналған келте құбырға (16) берік жалғаңыз. Шаң қабын
1 609 92A 8K8 | (14.02.2023)
уақытында босату арқылы шаң соруды оңтайлы күйде
сақтаңыз.
Пайдалану
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Пайдалану түрлері
Кесік тереңдігін реттеу (B суретін қараңыз)
Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
u
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Қосқұлақты сомынды (14) босатыңыз. Кесу тереңдгі аса
терең болмауы үшін электр құрылғысын негізгі тақтадан
(13) тартып шығарыңыз, кесу тереңдігі үлкен болуы
керек болса, электр құрылғысын негізгі тақтаға (13)
қарай итеріңіз. Кесу тереңдігі шкаласының (15) қажетті
деңгейін орнатыңыз. Қосқұлақты сомынды (14) қайта
бекітіңіз.
Бағыт бұрышын реттеу
Қатпарлы бұранданы (7) босатыңыз. Араны бүйірге
қайырыңыз. Қажетті өлшемді шкалада (6) орнатыңыз.
Қатпарлы бұранданы (7) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында (15) көрсетілген саннан кем.
Кесік белгілері (C суретін қараңыз)
Алға қарай ашылатын "CutControl" терезесі (9) дискілік
араны дайындамаға сызылған кесік сызығында дәл
басқаруға арналған. "CutControl" терезесінде (9)
тікбұрышты кесік және 45° кесік үшін белгі бар.
0° кесу белгісі (25) тік бұрышпен аралау кезіндегі аралау
дискісінің күйін көрсетеді. 45° кесу белгісі (24) 45°-
бұрышпен аралау кезіндегі аралау дискісінің күйін
көрсетеді.
Дұрыс кесік істеу үшін дискілік араны суретте
көрсетілгендей дайындамаға орнатыңыз. Сынақ кесігін
жасап көріңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты
u
электр құралының зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтерге сай болуы қажет. 230 В белгісімен
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis