Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GardenPump18V-2000 Originalbetriebsanleitung Seite 127

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GardenPump18V-2000:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Сорғы жұмыс істеп тұрғанда сорғы доңғалағына ешбір
u
зат сұқпаңыз.
Қолдану
Электрбұйымды қолдану алдынан оның жұмысқа
u
лайықты қалыпта болуын және жұмыс қауіпсіздігін
тексеру керек. Лайықсыз қалыпта болғанында оны
қолдануға болмайды.
Құралды өзгерту бойынша ешбір жұмыстарын
u
өзбасыңызбен өткізбеңіз. Рұқсат етілмеген өзгерту
жұмыстары құралыңыздың қауіпсіздігін зақымдап,
шуылдар мен вибрациялардың күшейтіліп, құрал
жұмысының нашарлануына апара алады.
Басқару үстелін әрқашан қабырға бекіткішіне немесе
u
шан бекіткішіне бекем түрде бекітіп қойыңыз.
Саңылауларды бұрғылап тесу барысында абайлап
әрекеттеніңіз.
Басқару үстелін ешқашан суға малмаңыз.
u
Сорғы тек қана басқару үстелінің қақпағы жабылып
u
және тұйықтаушы қапсырмасы төменгі позицияда
бекем орналастырылып қойылғанда іске қосылып,
жұмыс істей алады.
Басқару үстелін көлеңкелі жерлерде ғана орнатыңыз.
u
Басқару үстелі қауіпсіздік себептерінен термо-
электрлік жүйесімен жабдықталған. Құрал тым қызып
кеткенде осы жүйе құралды өшіріп қояды.
Жалғастыру кабелін жұмыс мақсаттан тыс, сорғыны
u
тасу, ілу немесе тарту секілді әрекеттер үшін
қолданбаңыз. Жалғастыру кабелін ыстықтан,
майлардан және өткір ұштардан қорғаңыз.
Шүмектің кейбір параметрлері арқылы заттардың кері
u
атылып кетілулері мүмкін. Лайықты жеке қорғану
жабдықтарын, мысалы қорғау көзәйнегін, киіп жүріңіз.
Электр құралды ешқашан сүзгісіз, кір қалыпта болған
u
сүзгісімен немесе зақымданып бұзылған сүзгімен
қолданбаңыз.
Құбыршектік желдеткіші бар жалғастырғышты
u
ешқашан басқа мақсаттар үшін, мысалы қысымы
жоғарырақ болған су құбырларына жалғастыру үшін,
қолданбаңыз.
Басқару үстелінің қақпағын әрқашан жабылып
u
тұрғанын қамтамасыз етіңіз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану бойынша
нұсқаулар
Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар.
u
Акумуляторды ыстықтан (мысалы, ұзақ
уақыт бойы күн сәулеленуінен де), оттан,
судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу
қауібі бар.
Аккумуляторда зақымданған жерлері бар болғанда
u
немесе ол дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы
мүмкін. Бұл жағдайда жұмыс аумағына таза ауа
кіргізіп, шағымдар болса, дәрігерге жүгініңіз. Бу
тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Bosch Power Tools
Аккумуляторды тек қана құрал шығарушының
u
өнімдерінің ішіне салып пайдаланыңыз. Осы әрекет
арқасында аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден
сақтайсыз.
Шеге немесе бұрауыш сияқты үшкір заттар арқылы
u
немесе сыртқы күш және әсер салу арқылы
аккумулулятордың зақымданып қалуы мүмкін. Бұл
қысқа тұйықталуға апарып, аккумулятор жанып,
түтіндеп, жарылып немесе қызып кетуі мүмкін.
Аккумулятордың қысқа тұйықталуын өткізбеңіз.
u
Жарылу қаупі бар.
Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза
u
және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
жүріңіз.
Құралды тек қана оның жеткізілім қорабында болған
u
қуаттандыру құралымен қуаттандырыңыз.
Тек қана құрал өндірушісі арқылы мақұлданған
u
аккумуляторларды пайдаланыңыз, "Техникалық
мәліметтер" тарауын қараңыз.
Аккумуляторды құралға енгізу алдынан құрал өшіріліп
u
қойылған қалыпта болғанын тексеріп алыңыз.
Аккумуляторды қосылып тұрған бақ электрбұйымына
енгізу апаттарға апара алады.
Аккумуляторды сұйықтықтардан және ылғалдықтан
u
қорғап жүріңіз.
Бақ электр бұйымын температура аумағы -20 °C және
u
50 °C аралығында болған жерлерде ғана сақтаңыз. Бақ
электр бұйымын, мысалы, жазда көлікте
қалдырмаңыз.
Лайықсыз түрде пайдаланған аккумулятордан
u
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Оған кенеттен
жанасып тиіп қалғанда, тиген жерді сумен шайыңыз.
Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алу үшін
дәрігерге жүгініңіз. Аккумулятордағы сұйықтық терінің
тітіркендіруіне немесе күйдіруіне апаруы мүмкін.
Сақтау
Күз және қыс айларында мұздану қаупі пайда болғанда
u
сорғыны су шанынан шығарып алыңыз.
Сорғыны сақтауға қою алдынан әрқашан алдымен
u
сорғыдан суды толығымен шығарып алыңыз.
Сорғы мен басқару үстелін мұздану қаупі бола
u
алмайтын жерде сақтаңыз.
Құралды ғимарат ішінде сақтайтын болсаңыз әрқашан
u
алдымен құралдың батареясын шығарып алыңыз.
Техникалық күтім, құрамдас және қосалқы
бөлшектер
Техникалық күтім жұмыстарын өткізу алдынан
u
әрқашан құралдың батареясын шығарып алыңыз.
Тек қана шығарушы тарапынан рұқсат етілген
u
қосымша және қосалқы бөлшектерін қолдануға
болады. Шығарушының түпнұсқалық қосымша және
қосалқы бөлшектерін қолдануы электрбұйымның
қатесіз немесе ақаусыз жұмыс істеуін қамтамасыз
етеді.
Қазақ | 127
F 016 L94 292 | (07.02.2023)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis