Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GCM 8 SJL Professional Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GCM 8 SJL Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 11
OBJ_BUCH-1736-004.book Page 226 Friday, May 22, 2015 10:12 AM
226 | Қaзақша
Кез келген көлденең қисайту бұрышын реттеу
(J суретін қараңыз)
Көлденең қисайту бұрышын 52° (сол жақтық) мен 60° (оң
жақтық) аралығында реттеу мүмкін.
– Бекіту басы 20 тартылған болса оны босатыңыз.
– 21 тұтқышын тартып бір уақытта бұғаттау қапсырмасын
19 оған арналған ойыққа тірелгенше басыңыз. Осылай
аралау үстелі бос жылжытылады.
– Аралау үстелін 15 бекіту басында солға немесе оңға
бұрыш көрсеткіші 23 керекті еңіс бұрышын
көрсеткенше бұраңыз.
45° үлкен еңіс бұрышы үшін:
Аралау үстелінің ұзартқышын 13 толығымен сыртқа
(„Аралау үстелін ұзарту" 225 бетінде қараңыз).
– Бекіту басын 20 қайта тартыңыз.
– Тұтқышты 21 қайта босату үшін (стандартты еңіс
бұрышын реттеу үшін), тұтқышты жоғарыға тартыңыз.
Бұғаттау қысқышы 19 бастапқы күйіне оралып тұтқыш
21 ойықтарына 24 қайта түсуі мүмкін.
Вертикалды еңіс бұрышын реттеу
Тік стандартты қисайту бұрышын реттеу
(K суретін қараңыз)
Жиі қолданатын қисайту бұрышын жылдам және нақты
реттеу үшін 0°, 45°, 22,5° және 33,9° бұрыштары үшін
тіреуіштер қолданылады.
– Қысу тұтқышын 41 босатыңыз.
– 30 немесе 44 тіреуіштерін төмендегідей реттеңіз:
Қисайту
бұрышы
Тіреуіш Параметр
44
Тіреуішті толығымен артқа
жылжыту
45°
30
Тіреуішті толығымен алға бұрау
22,5°
30
Тіреуішті ортаға бұрау
33,9°
30
Тіреуішті артқа бұрау
– Манипуляторды қол тұтқасынан 8 керекті күйіне
қисайтыңыз.
– Қысу тұтқышын 41 қайта берік тартыңыз.
Кез келген тік қисайту бұрышын реттеу
Вертикалды еңіс бұрышын –2° мен + 47° аралығында
реттеу мүмкін.
– Қысу тұтқышын 41 босатыңыз.
– 30 ітреуішін толығымен артқа тартып, 44 тіреуішін
толығымен алға тартыңыз.
Осылай толық қайыру аймағы қолжетімді болады.
– Манипуляторды қол тұтқасында 8 бұрыш көрсеткіші 43
керекті қисайту бұрышын көрсеткінше қисайтыңыз.
– Манипуляторды осы күйде ұстап қысу тұтқышын 41
қайта бекітіңіз.
1 609 92A 1CK | (22.5.15)
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу (L суретін қараңыз)
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
– Іске қосу үшін қосқыш/өшіргішті 7 қолтұтқа 8
бағытында тартыңыз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 7
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Тек құлыптау қосқышын 9 басып манипуляторды төменге
апару мүмкін.
– Аралау үшін қосқыш/өшіргішті 7 тиюге қосымша
құлыптау қосқышын 9 басу керек.
Өшіру
– Өшіру үшін қосқыш/өшіргішті 7 жіберіңіз.
Пайдалану нұсқаулары
Жалпы аралау нұсқаулары
 Барлық кесіктерде алдымен ара дискісі тіреу
планкасын, тіреуіш бұранда немесе басқа аспап
бөліктерін тимеуіне көз жеткізіңіз. Мүмкін
орнатылған көмек тіреуіштерін алыңыз немесе
оларды лайықтаңыз.
Аралау дискісін соқтығысудан және соққыдан қорғаңыз.
Аралау дискісін бүйірлік қысымнан сақтаңыз.
Қисық дайындамаларды өңдемеңіз. Дайындама әрдайым
бағыттауыш панеліне басу үшін тура қырлы болуы керек.
Ұзын дайындамалар бос басында басылып тірелуі керек.
Кесік сызығын белгілеу (M суретін қараңыз)
Лазер сәулесі аралау дискісінің кесік сызығын көрсетеді.
Осылай дайндаманы аралау үшін тербелу қорғағыш
қаптамасын ашпай нақты орналастыру мүмкін.
– Ол үшін лазер сәулесін қосқышпен 40 қосыңыз.
– Белгіңізді дайындамада лазер сызығының оң шетіне
бағыттаңыз.
Ескертпе: Аралаудан алдын кесік сызығы дұрыс
көрсетілгенін тексеріңіз („Лазерді реттеу" 227 бетін
қараңыз). Лазер сәулесі, мысалы, дірілдеулер себебінен
белсенді пайдалануда реттелгені өзгеруі мүмкін.
Пайдаланушы күйі (N суретін қараңыз)
 Электр құралы алдына аралау дискісімен бір
сызыққа тұрмай, әрдайым аралау дискісінен шетте
тұрыңыз. Осылай денеңіз мүмкін кері соққыдан
сақталады.
– Алақан, бармақ және қолдарыңызды айналатын аралау
дискісінен алыстатыңыз.
– Манипулятор алдында қолдарыңызды айқастырмаңыз.
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis