Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GTR Professional 550 Originalbetriebsanleitung Seite 145

Trockenbauschleifer
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Аралық төсеменің (15) үстіңгі беті жабысқақ матадан
тұрады, ол ажарлағыш дискілерді жылдам әрі оңай
бекітуге мүмкіндік береді.
Ажарлағыш дискіні (14) аралық төсеменің (15) астыңғы
жағына берік бекітіңіз.
Оңтайлы шаң сорылуын қамтамасыз ету үшін ажарлағыш
дискідегі (14) ойықтардың аралық төсемедегі (15)
ойықтарға және ажарлау тәрелкесіндегі (17)
саңылауларға сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
Нұсқау: қаттылығы орташа ажарлау тәрелкесін
(керек-жарақ) пайдаланған кезде, аралық төсем (15)
қажет болмайды, ажарлағыш диск (14) ажарлау
тәрелкесіне (17) тікелей бекітіледі. Оған қоса ауыстыру
әрекеті осы жерде сипатталғандай орындалады.
Тегістеу тәрелкесін таңдау
Жұмсақ
– тегіс және дөңес беттерде әмбебап
қолдануға арналған
ажарлау
тәрелкесінің
– Жинақ жұмсақ ажарлау тәрелкесі
A)
жинағы
мен аралық төсемеден
(2 608 000 766)
(2 608 000 765) тұрады. Ажарлау
тәрелкесін тек аралық төсемемен
бірге пайдалануға болады.
Қаттылығы
– жоғары тазарту өнімділігі, кермек
ерітіндіден жасалған сылақ және
орташа ажарлау
қабырға бояуларын кетіру үшін
тәрелкесі
оңтайлы
(2 608 000 764)
– тегіс беттерде пайдалануға
арналған
– Соруға оңтайлы қолдау көрсету
мүмкіндігі шаңсорғышты
пайдаланған кезде жұмысты
жеңілдетеді.
A) Стандартты жеткізілім жиынтығы
Аралық төсемені алмастыру
(A суретін қараңыз)
Жұмсақ ажарлау тәрелкесін (стандартты жеткізілім
жиынтығы) пайдаланған кезде, әрдайым аралық
төсеме (15) пайдаланылуы тиіс.
Аралық төсемені (15) алып тастау үшін оны бүйірінен
көтеріп, ажарлау тәрелкесінен (17) тартып алыңыз.
Жаңа аралық төсемені орнатпас бұрын ажарлау
тәрелкесінен (17) кір мен шаңды, мысалы, жаққышпен
тазалап шығыңыз.
Ажарлау тәрелкесінің (17) үстіңгі беті жабысқақ матадан
тұрады, ол аралық төсемені жылдам әрі оңай бекітуге
мүмкіндік береді.
Аралық төсемені (15) ажарлау тәрелкесінің (17) астыңғы
жағына берік бекітіңіз.
Оңтайлы шаң сорылуын қамтамасыз ету аралық
төсеменің (15) ойықтары ажарлау тәрелкесіндегі (17)
саңылауларға сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
Bosch Power Tools
Ажарлау тәрелкесін алмастыру
(B суретін қараңыз)
Нұсқау: Зақымдалған тегістеу тәрелкесін (17) бірден
алмастырыңыз.
Ажарлағыш дискіні (14) және аралық төсемені (15)
тартып шығарыңыз. Бұранданы (16) толықтай бұрап
шығарыңыз және ажарлау тәрелкесін (17) шығарыңыз.
Жаңа ажарлау тәрелкесін (17) орнатып, бұранданы
қайтадан мықтап тартыңыз.
Нұсқау: Тегістеу тәрелкесін орнатуда ұстағыш тістері
тегістеу тәрелкесінің тесіктеріне кіруін қамтамасыз етіңіз.
Нұсқау: Зақымдалған тегістеу тәрелкесінің ұстағышы, тек
Bosch электр құралы үшін өкілетті сервистік қызметі
арқылы алмастырылуы керек.
Ұзартқыш құбырды енгізу/шығару
(C−D суреттерін қараңыз)
Ұзартқыш құбырларды (10) тек қажет болғанда енгізіңіз:
ұзартқыш құбырсыз жұмыс істеген кезде, ажарлау үшін
қолданылатын қажетті күш айтарлықтай азаяды.
Нұсқау: ең көбі 2 ұзартқыш құбырды енгізуге болады.
Ажарлағыш бастиек/ұстауға арналған тетік/ұзартқыш
құбыр арасындағы қосылымды босату
(C суретін қараңыз):
– ➊ Қысқыш иінтіректі (9) ашыңыз.
– ➋ Бекіткіш ілмекті (8) ашыңыз.
– ➌ Алдында қосылған бөлшектерді бөлшектеңіз.
Ажарлағыш бастиек/ұстауға арналған тетік/ұзартқыш
құбыр арасындағы қосылымды жабу
(D суретін қараңыз):
– ➍ Қалаулы қосылымға байланысты ажарлағыш
бастиекті (11), ұстауға арналған тетікті (7) немесе
ұзартқыш құбырларды (10) бір-біріне кіргізіңіз.
– ➎ Бекіткіш ілмекті (8) жабыңыз.
– ➏ Қысқыш иінтіректі (9), ол ажарлағыш
бастиекке (11), ұстауға арналған тетікке (7) немесе
ұзартқыш құбырға (10) тік бұрышта тұратындай
басыңыз.
– ➐ Эксцентриктік бұранданы (21) мықтап тартыңыз.
– ➑ Қысқыш иінтіректі (9) жабыңыз.
Әрдайым барлық жалғағыш тетіктердің бекіткіш ілмекпен
(8) және қысқыш иінтіректермен (9) бекітілгенін және
берік байланыстырылғанын тексеріп тұрыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы
мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда
немесе жанындағы адамдарда аллергиялық
реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының
ауруларын тудыруы мүмкін.
Белгілі бір шаң түрлері канцерогенді болып есептеледі.
– Мүмкіндік болса, осы материал үшін жарамды
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілгеніне көз жеткізіңіз.
Қазақ | 145
1 609 92A 7KA | (28.03.2022)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis