Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti Nuron GDG 6-22 Bedienungsanleitung Seite 351

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
7
Күтім және техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Аккумулятор енгізілген кезде жарақат алу қаупі бар !
▶ Күтім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын
әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!
Өнімге қызмет көрсету
Қатты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
Бар болса, желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөліктерге зақым келтіре алады.
Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті пайдаланыңыз.
Литий-иондық аккумуляторға қызмет көрсету
Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын
құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.
Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың
тиюіне ешқашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы).
Аккумулятор су болса, оны зақымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны тұтанбайтын
контейнерге оқшаулап, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Аккумуляторды бөгде май мен майлағыштан таза ұстаңыз. Аккумуляторда шаң не кірдің қажетсіз жи-
налуына жол бермеңіз. Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылшақпен немесе таза, құрғақ шүберекпен
тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик
бөліктерге зақым келтіре алады.
Аккумулятордың контактілеріне тимеңіз және зауыттан тыс қолданылған майды контактілерден
кетіріңіз.
Корпусты сәл суланған шүберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөліктерге зақым келтіре алады.
Техникалық қызмет көрсету
Көзге көрінетін барлық бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімді
міндетті түрде Hilti қызмет көрсету орталығында жөндетіңіз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, олардың ақаусыз жұмыс істегенін тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды қолда-
ныңыз. Hilti мақұлдаған қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған керек-
жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group
7.1
Қыспа гайканы алмастыру
АБАЙЛАҢЫЗ
Зақым келтіру қаупі қыспа гайканы тартқаннан босаған цангалы қысқыштан.
▶ Қыспа гайканы алмалы-салмалы аспап енгізіліп тұрғанда еш жағдайда тартпаңыз.
1. Шпиндельді бұғаттау түймесін басып тұрыңыз.
2. Ашық ауызды гайка кілтімен қыспа гайканы ашыңыз.
3. Қажет болса, алмалы-салмалы аспапты цангалы қысқыштан шығарыңыз.
4. Цангалы қысқышы бар қыспа гайканы толықтай тік ажарлағыш машинадан бұрап шығарыңыз.
5. Цангалы қысқышы бар жаңа қыспа гайканы шпиндельге орнатып, қыспа гайканы шпиндельге бос
күйде бұрап бекітіңіз. Қыспа гайканы қатты тартпаңыз.
*2327660*
4
2327660
Қазақ
347

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Ssh 6--22

Inhaltsverzeichnis