Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti Nuron GDG 6-22 Bedienungsanleitung Seite 344

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
қисаю немесе бұғатталу мүмкіндігін, сонымен бірге қайтарымның пайда болу немесе оның бұзылу
мүмкіндігін арттырады.
▶ Айналып жатқан кескіш дөңгелектің алдыңғы мен артқы жағына қол сұқпаңыз.
Дайындамадағы кескіш дөңгелекті ары бағытпен қолмен жылжытқанда, электр құрал қайтарым
пайда болғанда тура сізге ыршып түсуі мүмкін.
▶ Кескіш дөңгелек сыналанған немесе жұмысты тоқтатқан жағдайда, аспапты өшіріңіз және
дөңгелек толық тоқтағанын күтіңіз. Әлі айналып жатқан дискіні кесу жерінен шығарып алуға
ешқашан әрекет жасамаңыз – қайтарым болуы мүмкін. Сыналану себебін анықтаңыз және
кетіріңіз.
▶ Әлі өңдеп жатқан бөлшекте болса, аспапты қайтадан қоспаңыз.
алдында аспап жұмыс айналу жиілігіне дейін тездегенше күтіңіз. Әйтпесе диск сыналануы,
дайындамадан ыршып кетуі немесе кері соққы пайда болуы мүмкін.
▶ Кескіш дөңгелек сыналанған жағдайда, қауіп дәрежесін азайту үшін үлкен өлшемді
тақталарды немесе бөлшектерді тіреңіз. Үлкен өңделетін бөлшектер өз салмағының әсерінен
иілуі мүмкін.
Өңделетін бөлшекті екі жағынан кесуді орындау орнының жанында, сондай-ақ,
бөлшек жиегінің бойында тіреу керек.
▶ Дайын қабырғаларда немесе басқа көрінбейтін аймақтарда батырып кескен кезде айрықша
сақ болыңыз. Газ және су құбырларын, электр сымдарын немесе басқа заттарды кесу кезінде
кескіш дөңгелекті салғанда, қайтарым пайда болуы мүмкін.
Сым қылшақтармен жұмыс істеу бойынша қосымша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары:
▶ Сым қылшақтар сым бөліктерін кәдімгі қолдану кезінде де жоғалтатынын ескеріңіз. Оларға
тым қатты басу қысымын қолданбаңыз. Ұшып кететін сым бөліктері киімнің жұқа матасы арқылы
оңай өтуі және/немесе теріге енуі мүмкін.
▶ Қылшақтарды пайдаланбас бұрын кемінде бір минут жұмыс істетіңіз.
қылшақтың алдында немесе қылшақпен бір сызықта ешбір адам тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Іске қосылу уақытында сым бөліктері ұшып шығуы мүмкін.
▶ Айналмалы сым қылшақты өзіңізден ары бағыттаңыз. Осы қылшақтармен жұмыс істеген кезде,
шағын бөлшектер мен өте кішкентай сым бөліктері жоғары жылдамдықпен ұшып шығуы және теріге
енуі мүмкін.
2.3
Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша ережелер
Адамдардың қауіпсіздігі
▶ Өнімді және керек-жарақтарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Өнімде немесе керек-жарақтарда ешқандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жарақат алу қаупі бар!
▶ Өнімді әрқашан екі қолмен тұтқыштарынан берік ұстаңыз. Тұтқышты құрғақ әрі таза күйінде ұстаңыз.
▶ Өнімді алып тастау алдында оның толығымен тоқтатылған күйге орнатылғанына дейін күтіңіз.
▶ Құралды алмастырған кезде қорғаныс қолғаптарын да киіңіз.
кесіктерге және күйіктерге апарып соғуы мүмкін.
▶ Ажарлау, егеуқұм қағазымен тазалау, кесу және бұрғылау кезінде пайда болатын шаңның
құрамында қауіпті химиялық заттар болуы мүмкін.
қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табиғи тас және
басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық затпен өңделген сүрек сияқты белгілі бір
сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар.
айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп класы
бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді пайдалану
немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп жүру сияқты қажетті шараларды
қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төмендегілер жатады:
▶ Жақсы желдетілген аймақта жұмыс істеу,
▶ Шаңның ұзақ уақыт бойы тиюіне жол бермеу,
▶ Шаңды көз бен денеден алыстату,
▶ Қорғаныс киімін киіп жүру және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.
▶ Саусақтың қан айналымын жақсарту үшін жиі үзіліс жасап, жаттығу жасаңыз. Ұзақ уақыт жұмыс
істеген кезде, қатты дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне
теріс әсер тиюі мүмкін.
▶ Өнімнің жарығына (жарық диоды) тікелей қарамаңыз және жарықты басқа адамдардың көзіне
тікелей бағыттамаңыз. Соқырлық қаупі бар.
▶ Құлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарақтардан жарақат алу қаупі бар. Жұмысты
бастамас бұрын аккумулятор мен қондырылған керек-жарақтың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
340
Қазақ
Жұмысты жалғастыру
Алмалы-салмалы аспапқа тию
Мысалдары келесідей: қорғасын немесе
Пайдаланушы мен оның
2327660
*2327660*
Осы уақытта

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Ssh 6--22

Inhaltsverzeichnis