Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Hilti Nuron GDG 6-22 Bedienungsanleitung Seite 342

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
2.2
Ажарлау, зімпара дискілерімен ажарлау, сым қылшақтармен жұмыс істеу, жылтырату,
фрезерлеу және абразивті ажарлау кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы
нұсқаулар:
▶ Бұл электр құрал ажарлағыш, зімпара дискілерімен ажарлағыш, сым қылшақ, жылтыратқыш
ретінде, фрезерлеу үшін және абразивті кескіш білдек ретінде пайдаланылуы тиіс. Аспаппен
бірге алынған барлық қауіпсіздік техникасы туралы нұсқауларды, нұсқауларды, схемаларды
және деректерді орындаңыз. Төменде берілен нұсқауларды орындамау электр тогының соғуына,
өртке және/немесе ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
▶ Өндіруші осы электр құрал үшін арнайы қарастырмаған және ұсынбаған керек-жарақтарды
қолданбаңыз.
Сіздің электр құралда қандай да сайманды бекіте алғаныңыз оны қауіпсіз
пайдалануға кепіл бермейді.
▶ Алмалы-салмалы аспаптың рұқсат етілген айналу жиілігі электр құралда көрсетілген ең
жоғары айналу жиілігімен кемінде бірдей болуы қажет. Рұқсат етілгеннен жылдамырақ айнала-
тын керек-жарақ сынуы және шетке ұшуы мүмкін.
▶ Алмалы-салмалы аспаптың сыртқы диаметрі және қалыңдығы электр құралдың өлшемдеріне
сай болуы керек. Өлшемдері қажеттіге сай келмейтін алмалы-салмалы аспаптарды жеткілікті
дәрежеде экрандау немесе басқару мүмкін емес.
▶ Ажарлағыш дөңгелектер, ажарлағыш білікшелер немесе басқа керек-жарақтар электр
құралдың ажарлағыш шпинделіне немесе цангалы қысқышына дәл сәйкес келуі керек.
Электр құралдың бекіткішіне сай емес алмалы-салмалы аспаптар біркелкі емес айналады, қатты
дірілдейді және электр құралды бақылау мүмкіндігінен айырылуға әкелуі мүмкін.
▶ Өзек темірге монтаждалған дөңгелектер, ажарлағыш цилиндрлер, кескіш құралдар немесе
басқа керек-жарақтар цангалы қысқышқа немесе қысқыш патронға толықтай енгізілуі
тиіс. Ажарлағыш диск пен цангалы қысшық не қысқыш патрон арасындағы өзек темірдің
«шығыңқы жері» немесе еркін бөлігі минималды болуы тиіс. Егер өзек темір толық қысылмаған
болса немесе ажарлағыш диск тым алыс тұрса, алмалы-салмалы аспап босап қалуы және жоғары
жылдамдықпен лақтырылуы мүмкін.
▶ Зақымдалған алмалы-салмалы аспаптарды қолданбаңыз. Әр пайдалану алдында ажарлағыш
дөңгелектер сияқты алмалы-салмалы аспаптарда сынықтар мен сызаттардың, ажарлағыш
білікшелерде сызаттар, тозу немесе қатты сырылудың, сым қылшақтарда босаған немесе
үзілген жерлердің бар-жоғын тексеріңіз.
құлағаннан кейін, оларда зақымдар бар-жоғын тексеріңіз немесе зақымдалмаған алмалы-
салмалы аспапты пайдаланыңыз. Айналатын алмалы-салмалы аспапты қолданғанда оператор
мен жанында тұрған тұлғалар одан қауіпсіз қашықтықта болуы керек. Аспапқа бір минут бойы
ең көп айналу жиілігімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру керек. Ақаулы алмалы-салмалы аспаптар
көбінесе осы бақылау уақыт аралығында істен шығады.
▶ Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз. Жағдайларға байланысты қорғауыш масканы
немесе қорғауыш көзілдірікті қолданыңыз. Қажет болғанда шаңнан қорғайтын масканы,
қорғауыш құлаққапты, қорғауыш қолғаптарды немесе сізді өңдеп жатқан материалдың майда
бөлшектерінен қорғайтын арнайы алжапқышты қолданыңыз. Әр түрлі жұмыстарды орындау
кезінде пайда болатын бөлшектердің көзге тиюінен қорғауды қамтамасыз ету керек. Жұмыс кезінде
пайда болатын шаңды респиратордың шаңнан қорғайтын сүзгіні ұстап тұруы керек. Қатты шу тым
көп әсер еткенде есту қабілеті жоғалуы мүмкін.
▶ Бөгде тұлғалар жұмыс аймағынан қауіпсіз қашықтықта болуын қадағалаңыз.
аймағындағы кез келген адам жеке қорғану құралдарын қолдануы керек. Дайындамалардың
немесе бұзылған алмалы-салмалы аспаптардың сынықтары шетке ұшуы және тіпті жұмыс
аймағының шектерінен тыс жарақаттауы мүмкін.
▶ Пайдаланатын сайманыңыз көзден таса электр желісіне тиіп кетуі мүмкін болса, аспаптың
арнайы жеке бөлінген жерінен ғана ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған
металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
▶ Электр құралды іске қосқан кезде әрдайым мықтап ұстаңыз. Толық айналу жиілігімен іске
қосылған кезде, қозғалтқыштың реакция моменті электр құралдың қатты айналып кетуіне әкелуі
мүмкін.
▶ Мүмкін болса, дайындаманы бекіту үшін қысқышты пайдаланыңыз.
еш жағдайда бір қолыңызда шағын дайындаманы, ал екінші қолыңызда электр құралды
ұстамаңыз. Шағын дайындамаларды қысу арқылы екі қолыңызды да электр құралды жақсырақ
бақылау үшін пайдалануға болады.
домалақ дайындамаларды кескен кезде оларды тек домалату үшін еңкейтіңіз, себебі алмалы-
салмалы аспап қысылып, лақтырылуы мүмкін.
338
Қазақ
Электр құрал немесе алмалы-салмалы аспап
Ағаш тығын, қарнақ материалы немесе құбырлар сияқты
2327660
Жұмыс
Жұмыс барысында
*2327660*

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Ssh 6--22

Inhaltsverzeichnis