Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch D-tect 120 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 111

Ortungsgerät
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für D-tect 120 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 8
OBJ_BUCH-2149-002.book Page 111 Monday, September 29, 2014 2:25 PM
Аккумуляторды пайдалану және күту
 Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші
көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз.
Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне
арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін
пайдалану өрт қаупін тудырады.
 Электр құралдарына арналған аккумуляторларды
ғана пайдаланыңыз. Басқа аккумуляторларды
пайдалану жарақаттарға немесе өртке әкелуі мүмкін.
 Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді
тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан,
кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа
ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор
түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге
немесе өртке әкелуі мүмкін.
 Дұрыс пайдаланбағандықтан, аккумулятордан
сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ
тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық
көзге тисе, медициналық көмек алыңыз.
Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе
күйдіруі мүмкін.
 Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі
бар.
Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-
ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан
және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу қаупі бар.
 Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс
пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл
жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар
болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс
алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
 Бұл аккумуляторларды тек өзіңіздің Bosch
өніміңізде пайдаланыңыз. Тек осы жағдайда
аккумулятор ауыр шамадан тыс жүктемелерден
қорғалған болады.
 Тек өлшеу құралының зауыттық тақтайшасында
көрсетілген кернеуі бар түпнұсқа Bosch
аккумуляторларын пайдаланыңыз. Басқа
аккумуляторларды, мысалы, көшірмелерді, қалпына
келтірілген аккумуляторларды немесе басқа маркалы
аккумуляторларды пайдаланғанда, батарея жарылған
кезде жарақаттар алу және мүлікті зақымдау қаупі бар.
 Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе
сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы
мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп,
аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе
қызып кетуі мүмкін.
Bosch Power Tools
Өнім және қызмет сипаттамасы
Өлшеу құралының суреті бар бетті ашып, пайдалану
нұсқаулығын оқу кезінде оны ашық ұстаңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы қабырға, төбе мен едендерде нысандарды
ісдеуге арналған. Табандың материалы мен күйіне
байланысты метал нысандарын, ағаш балкаларын, су
толтырылған пластик құбырларын, сым және кабельдерді
табу мүмкін.
Өлшеу құралы шектік мәндерді EN 55011 бойынша
алады.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі
өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
1 Белгілеу көмегі жоғарыда
2 Жарық диоды
3 Дисплей
4 Белгілеу көмегі солда немесе оңда
5 Сигнал дыбысы пернесі
6 Қосу-өшіру түймесі
7 Жұмыс түрі бетон пернесі
8 Жұмыс түрі әмбебап пернесі
9 Жұмыс түрі гипсокартор пернесі
10 Ұстау аймағы
11 10,8 В аккумулятор немесе AA батарея адаптерін
салу орны
12 Аккумулятор/AA батарея адаптерінің босату пернесі
13 Аккумулятор*
14 Сенсор аймағы
15 Сериялық нөмір
16 AA батарея адаптерінің құлыптау қақпағы *
17 AA батарея адаптерінің орамасы *
18 AA1 батарея адаптері*
*Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты
жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің
жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Индикаторлық элементтер
a „Тоө өткізетін сым" нысан түрінің индикаторы
b Батарея көрсеткіші
c Өшірілген сигнал дыбысы индикаторы
d „Радиотолқындар арқылы ақаулық" индикаторы
e Акуумулятор температурасын бақылау индикаторы
f Ескерут функциясының индикаторы
g „Қызмет көрсету керек" индикаторы
h Өлшем индикаторы
i „Орта қиылыс" нысан ортасының индикаторы
j Әрекет индикаторы
k Нысан ортасын анықтау үшін бағытталу көрсеткілері
Қaзақша | 111
1 609 92A 0Y7 | (29.9.14)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis