Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Marta MT-1963 Bedienungsanleitung Seite 31

Inhaltsverzeichnis

Werbung

 Аспапты ӛз бетімен жӛндеуге тырыспаңыз. Ақау туындаған жағдайда жақын орналасқан сервистік орталыққа жолығыңыз.
 Кеңес берілмеген қосымша керек-жарақты пайдалансаңыз, қауіп тӛнуі немесе аспап зақымдануы мүмкін.
 Аспапты тазалау алдында және оны пайдаланбасаңыз ылғи электр желіден ажыратыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Аспапты су толған ванна, раковина немесе басқа ыдыстардың қасында пайдаланбаңыз.
 Электр тоқ соқпау және тұтанбау үшін аспапты суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз. Егер бұл бола қалса, оны бірден электр желіден ажыратып,
тексеру үшін сервистік орталыққа жолығыңыз.
 Аспап физикалық және психикалық шектеулері бар, осы аспапты пайдалану тәжірибесі жоқ адамдармен (соның ішінде балалармен) пайдаланылуға
арналмаған. Бұл жағдайда пайдаланушыны оның қауіпсіздігіне жауап беретін адам алдын ала үйрету керек.
 Аспаппен жұмысты бастаудың алдында мультипісіргішті тегіс тұрақты бетке орнатыңыз.
 Аспапты ыстық газ және электр плитаға, духовкіге қоймаңыз; оны кез келген жылу кӛздері қасына орналастырмаңыз.
 Құрылғының айналасында жеткілікті бос кеңістік барына кӛз жеткізіңіз. Мультипісіргіш жиһаз, перде және т.б. сияқты потенциалды ӛртке қауіпті нысаннан
кем дегенде 15 см аралықта орнатылуы керек.
 Аспапты жарылатын және жеңіл тұтанатын материалдардың тура қасында қоспаңыз.
 Аспап электр желіге қосылып тұрғанша оны кӛтермеңіз және жылжытпаңыз.
 Азық-түлікті немесе суды мультипісіргіштің ішіне ұзақ уақытқа қалдырмаңыз.
 Аспапты балалар қол жеткізе алмайтын жерде сақтау керек.
 Аспапты жұмыс істеп тұрғанда ештеңемен жаппаңыз, бұл аспап ақауының себебіне айналуы мүмкін.
 Тостағаны бос мультипісіргішті ешқашан ӛшірмеңіз.
 Сұйықтықты мультипісіргіш корпусының ішіне тигізбеңіз. Суды тек әзірлеу тостағанына құйыңыз.
 Бӛтен зат пен сұйықтықты тостаған түбі мен қыздыру элементі арасындағы кеңістікке түсірмеңіз! Бұл ережені ұстанбасаңыз, күйіктің иісі, оғаш дыбыс шығып,
аспап зақымдануы мүмкін.
 Мультипісіргіштің қалыпты жұмысы үшін әдеттегіден тыс шу, иіс, түтін немесе аспап жұмысының басқа анық бұзылыстары туындағанда оны бірден желіден
ажырату керек. Тостаған мен қыздыру элементі арасында бӛтен зат немесе сұйықтық жоқтығына кӛз жеткізіңіз. Егер ақау себебі анықталмаса, сервистік
орталыққа жолығу керек. Аспапты ӛз бетімен жӛндеуге тырыспаңыз.
 Бу шығаратын тесікті жаппаңыз.
 Аспапты пайдаланған кезде қысым реттегішін бӛтен заттармен жаппаңыз.
 Аспап қысымда болғанда қысым индикаторын басуға үзілді-кесілді тыйым салынады.
 Егер қақпақтың ішкі шешілмелі пластинасында тығыздайтын сақина жоқ болса немесе оның қандай да бір зақымдары бар болса, аспапты пайдалануға
үзілді-кесілді тыйым салынады. Тек жинақтағы тығыздайтын сақинаны пайдаланыңыз.
 Егер тостағанда азық және \немесе сұйықтық болмаса, аспапты ешқашан пайдаланбаңыз.
 Қысымда әзерлеуді бастаудың алдында тостағанда сұйықтық (су немесе сорпа) барына кӛз жеткізіңіз. Қысымда әзірлеу бу қалыптасу үшін сұйықтықты
талап етеді.
 Аспап қысымда жұмыс істеген кезде ауа немесе бу қақпақ корпусқа қосылған жерде шықпауы керек.
 Аспаптан қақпақты тек қысым индикаторы тӛменгі күйде тұрғанда, яғни аспаптың ішінде қысым мәні қауіпсіз мәнге жеткенде ғана шешуге рұқсат етіледі.
 Аспапты пайдалана бастаудың алдында бу шығаратын тесік бітелмегенін ылғи тексеріп тұрыңыз.
 Қысым реттегішін кірлетпеңіз. Қысым реттегішін үнемі ластан тазалап тұрыңыз.
 Аспаппен жұмыс аяқталысымен әзірлеу тостағанын бірден суық суға салмаңыз – температура кенет ауысса, ішкі жабынды зақымдануы мүмкін. Тостағанды
жуу алдында суытыңыз.
 Тостағанның ішкі беті мұқият және абайлап жұмыс істеуді талап ететін жабындымен жабылған. Тостаған жабындысын зақымдамау үшін ӛндіруші
мультипісіргішпен бірге келетін керек-жарақты пайдалануға кеңес береді. Сонымен қатар, ағаш, пластик немесе силикон керек-жарақты пайдалануға
болады.
Назар аударыңыз: Аспап жоғары ішкі қысымды жасайды, сондықтан қауіпі кӛп аспап болып табылады және дҧрыс пайдаланылмағанда ыстық бу
немесе сҧйықтықтан кҥюге әкеліп соқтыруы мҥмкін.
 Аспапты ашу үшін ешқашан күш салмаңыз. Ашу алдында тостағанда ішкі қысым қоршаған орта қысымына толық теңесуі керек.
 Әзірлеу үдерісі аяқталысымен, сонымен қатар аспаптан дайын асты шығарғанда оны ылғи электр желісінен ажыратыңыз.
31

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis