Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 24
7. "–" түймешігі — сағатты теңшеу, әзірлеу уақытын орнату және стартты шегеру
режимдерінде сағат пен минуттар мәнін азайту; автоматты бағдарламаларда
температура мәнін азайту ("ЙОГУРТ", "ЭКСПРЕСС" бағдарламасынан басқа);
автоматты түрде әзірлеу бағдарламасын таңдау.
8. "+" түймешігі — сағатты теңшеу, әзірлеу уақытын орнату және стартты шегеру
режимдерінде сағат пен минуттар мәнін көбейту; автоматты бағдарламаларда
температура мәнін көбейту ("ЙОГУРТ", "ЭКСПРЕСС" бағдарламасынан басқа);
автоматты түрде әзірлеу бағдарламасын таңдау.
9. "ОК" түймешігі — автоматты бағдарламаны таңдау, әзірлеу уақыты мен
температурасын, ағымдағы уақытты орнату режимінде келесі қадамға ауысу.
Дисплей құрылымы A3
1. Әзірлеу бағдарламаларында температура мәнінің индикаторы ("ЙОГУРТ",
"ЭКСПРЕСС" бағдарламасынан басқа).
2. Әзірлеу үдерісінің индикаторы.
3. Автоматты түрде әзірлеу бағдарламаларының индикаторы.
4. Таймер / ағымдағы уақыт индикаторы / стартты шегеру уақытының индикаторы.
5. Ағымдағы уақытты орнату режимінің / стартты шегеру уақытының индикаторы.
6. Әзірлеу уақытын таңдау режимінің индикаторы.
7. Тағамдарды қыздыру / автожылыту функцияларының жұмыс істеу индикаторы.
REDMOND RMC-250 мультипісіргіші сенсорлық басқару панелімен және аспаптың
жұмыс режиміне байланысты үш әртүрлі жарық түсіру түрі бар СК-дисплеймен
жабдықталған.
Дисплейдің түсі
Жұмыс режимі
"Стартты шегеру" функциясы жұмыс істеуде, дисплейде таймерді
КӨК
онату уақыты мен стартты шегеру индикаторы көрінеді
Әзірлеу бағдарламасы жұмыс істеуде, дисплейде бағдарлама
ЖАСЫЛ
жұмысының керісінше есептелуі көрінеді, таңдалған бағдарлама
индикаторы және әзірлеу уақытын таңдау режимінің индикаторы.
Тағамдарды автожылыту немесе қыздыру функциясы жұмыс істейді,
ҚЫЗҒЫЛТ
дисплейде функцияның тік есептелген жұмыс істеу уақыты көрінеді
I. ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛДЫНДА
Орамын абайлап ашыңыз және бұйымды қораптан шығарыңыз, барлық орау
материалдары мен сериялық нөмірі бар жапсырмадан басқа жарнамалық
жапсырмаларды алып тастаңыз.
Бұйымның сериялық нөмірі болмауы оған кепілдік қызмет көрсету құқығыңызды
сізден автоматты түрде айырады.
Аспап корпусын ылғал матамен сүртіңіз. Табақты жылы сабынды сумен жуыңыз.
Мұқият кептіріңіз. Бірінші рет пайдаланылғанда бөтен иіс пайда болуы мүмкін, бұл
аспап ақауының салдары болып табылмайды. Бұл жағдайда аспапты тазалаңыз
("Аспапты тазалау және күту" қараңыз).
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар
алдында кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау қажет.
II. МУЛЬТИПІСІРГІШТІ ПАЙДАЛАНУ
Алғаш рет қосудың алдында
Аспапты бу клапанынан шығатын бу тұсқағаз, декоративтік жабындылар, электрондық
аспаптар мен жоғары ылғал мен температурадан зардап шегуі мүмкін басқа заттар
немесе материалдарға тимейтіндей қатты тегіс көлденең бетке орнатыңыз.
Әзірлеудің алдында мультипісіргіштің сыртқы және көзге көрінетін бөліктерінде
зақымдар, жарық және басқа ақаулар болмауына көз жеткізіңіз. Табақ пен қыздыру
элементі арасында бөтен заттар болмауы керек.
Зауыттық теңшелімдерге түсіру
REDMOND RMC-250 мультипісіргіші энергияға тәуелсіз жадыға ие. Электрқоректену
уақытша өшкенде сіз тапсырған барлық теңшелімдер сақталады. Зауыттық
орнатылымдарға түсіру үшін "Меню" түймешігін басып ұстаңыз. Сигнал естіледі, аспап
әдепкі орнатылған мәндерге оралады.
Сағатты теңшеу
Аспапты электр желісіне қосыңыз. "+" немесе "–" түймешігін басып ұстаңыз. "+", "–", "ОК"
түймешіктерінің индикаторлары, сонымен қатар ағымдағы уақыт индикаторы (дисплейде)
жыпылықтайды. "+" түймешігі басылғанда уақыттың мәні көбейеді "–" түймешігі
басылғанда — азаяды. Ең үлкен мән болғанда уақыттың орнатылуы диапазонның басынан
жалғасады. Мәнді жылдам өзгерту үшін қажетті түймешікті басып ұстаңыз. Сағат мәнін
таңдап "ОК" түймешігін басыңыз, одан кейін минуттардың мәнін таңдаңыз. Ағымдағы
уақытты орнату аяқталысымен "Подогрев/Отмена" түймешігін басыңыз.
Әзірлеу уақытын орнату
REDMOND RMC-250 мультипісіргішінде әр бағдарлама үшін әдепкі орнатылған әзірлеу
уақытын өзгерту мүмкіндігі қарастырылған. Тапсырылатын уақыттың өзгерту қадамы
мен ықтимал диапазоны таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты.
Әзірлеу уақытын өзгерту үшін:
1. "Меню" түймешігін басып, автоматты түрде әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз.
"+", "–", "Старт/Автоподогрев" және "ОК" түймешіктерінің индикаторлары
жыпылықтайды. Дисплейде қажетті әзірлеу бағдарламасы көрінгенше "+" немесе
"–" түймешігін басыңыз. Дисплейде әр бағдарлама үшін әдепкі әзірлеу уақыты
көрінеді.
2. "ОК" түймешігін басыңыз (оның индикаторы жанады) және таңдалған
бағдарлама үшін жұмыс уақытын орнатыңыз. "+", "–", "Старт/Автоподогрев" (және
"t°С" — "МУЛЬТИПОВАР" бағдарламасы таңдалғанда) түймешіктерінің
индикаторлары, сонымен қатар әзірлеу уақытының индикаторы (дисплейде)
жыпылықтайды. Егер таңдалған бағдарламада стартты шегеру функциясы
қарастырылса, "Отсрочка старта" түймешігінің индикаторы жыпылықтайды.
3. "+" түймешігі басылғанда уақыттың мәні көбейеді, "–" түймешігі басылғанда
— азаяды. Сағат мәнін таңдап, "ОК" түймешігін басыңыз, одан кейін минуттардың
мәнін таңдаңыз. Мәнді жылдам өзгерту үшін қажетті түймешікті басып ұстаңыз.
Ең үлкен мән болғанда уақыттың орнатылуы диапазонның басынан жалғасады.
4. Жасалған орнатылымдарды болдырмау үшін "Подогрев/Отмена"
түймешігін басып, ұстап тұрыңыз, одан кейін әзірлеу бағдарламасын
қайиа таңдау керек.
Стартты шегеру бағдарламасы
"Стартты шегеру" функциясы тағам дайын болуы тиіс тәулік уақытын енгізуі тиіс.
Әзірлеу үдерісін ұзақ уақытқа шегеруге болады (24 сағатқа дейін). Стартты шегеру
уақытын орнату қадамы — 10 минут.
1. Автоматты бағдарламаны және әзірлеу уақытын таңдаған соң "Отсрочка старта"
түймешігін басып, стартты шегеру уақытын орната аласыз (түймешіктің
индикаторы жанады, дисплейде стартты шегеру режимінің индикаторы көрінеді).
"+", "–", "ОК", "Старт/Автоподогрев" (және "t°С" — "МУЛЬТИПОВАР" бағдарламасы
таңдалғанда) түймешіктерінің индикаторлары жыпылықтайды.
2. "+" және "–" түймешіктерін басып, сағат мәнін орнатыңыз ("+" түймешігі
басылғанда уақыттың мәні көбейеді, "–" түймешігі басылғанда — азаяды). Мәнді
жылдам өзгерту үшін түймешікті басып ұстаңыз. Ең үлкен мән болғанда уақыттың
орнатылуы диапазонның басынан жалғасады.
3. Сағатты орнатқан соң "Отсрочка старта" түймешігін қайта басыңыз. "+" және "–"
түймешіктерін басып, минуттардың мәнін орнатыңыз.
4. Жасалған орнатылымдарды болдырмау үшін "Подогрев/Отмена" түймешігін
басу, одан кейін бүкіл әзірлеу бағдарламасын қайта енгізу керек.
Дайын ас температурасын ұстау функциясы (автоысыту)
Автоысыту әзірлеу бағдарламасының жұмысы аяқталысымен бірден автоматты түрде
қосылады және дайын ас температурасын 75–80°С шегінде 24 сағаттың ішінде
ұстайды. Автоысыту режимінде "Старт/Автоподогрев" түймешігінің индикаторы өшеді,
"Подогрев/Отмена" түймешігінің индикаторы жанатын болады. Дисплейде "ПОДОГРЕВ"
индикаторы көрінеді және функция жұмысының уақытын тура есептеу басталады.
Автоысытуды алдын ала өшіру
Бағдарлама басталған соң автоысытуды алдын ала өшіру үшін "Подогрев/Отмена"
түймешігінің индикаторы өшкенше "Старт/Автоподогрев" түймешігін басып ұстаңыз.
Автоысытуды қайта қосу үшін "Старт/Автоподогрев" түймешігін тағы бір рет басып
ұстаңыз, "Подогрев/Отмена" түймешігінің индикаторы жанатын болады.
Асты ысыту
Суық асты ысыту үшін:
1. "Автоматты бағдарламаларды пайдаланғанда жалпы әрекеттер тәртібі"
тарауының 1–2 т. ұстаныңыз.
2. "Подогрев/Отмена" түймешігін басып ұстаңыз. Түймешіктің индикаторы жанатын
болады, ысыту функциясы қосылады. Дисплейде "ПОДОГРЕВ" индикаторы
көрінеді және функция жұмысының уақытын тура есептеу басталады. Аспап
асты 75°С дейін ысытады. Осы температура 24 сағаттың ішінде ұсталады. Қажет
болғанда "Подогрев/Отмена" түймешігін басып, ысытуды өшіруге болады
(түймешіктің индикаторы өшеді).
"МАСТЕРШЕФ" функциясы
"ЙОГУРТ", "ЭКСПРЕСС" бағдарламасынан басқа, кез келген бағдарламаның жұмысы
барысында әзірлеу температурасы мен уақытын өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл кезде
теңшелімдеріңізді мультипісіргіш жадысында сақтап, ары қарай пайдалануға болады.
Әзірлеу температурасын өзгерту үшін:
1. Бағдарлама жұмыс істеп түрғанда "t°С" түймешігін басыңыз. Дисплейде
температура мәнінің индикаторы жыпылықтай бастайды.
2. "+" және "–" түймешіктерін басып, температура мәнін 35 тен 170°С дейін
аралықта 5°С өзгерту қадамымен орнатыңыз.
3. Температураның жаңа мәнін сақтау үшін басқару панеліндегі түймешіктерді
бірнеше секундтың ішінде баспаңыз.
Егер әзірлеу бағдарламасы аяқталған соң белгіленген температура 75°C-ден
аспаса, автожылыту функциясы өшірілеін болады (температураның алдыңғы
теңшелімдері бұл ретте ескерілмейді).
Әзірлеу уақытын өзгерту үшін:
1. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда "t°С" түймешігін екі рет басыңыз. Дисплейде
әзірлеу уақыты мәнінің индикаторы жыпылықтай бастайды.
2. "+" және "–" түймешігін басып, қажетті минуттар мәнін орнатыңыз. Орнату қадамы
мен уақытты өзгерту аралығы таңдалған әзірлеу бағдарламасына байланысты.
3. Минуттардың мәнін орнатып, "ОК" түймешігін басыңыз. Одан кейін "+" және "–"
түймешіктерін басып, сағат мәнін орнатыңыз.
4. Әзірлеу уақытының жаңа мәнін сақтау үшін басқару панеліндегі түймешіктерді
бірнеше секундтың ішінде баспаңыз.
Егер әзірлеу уақытының мәні "00:00" болып орнатылса, бағдарламаның жұмысы
тоқтайды.
"Подогрев/Отмена" түймешігін басып, бағдарлама жұмысын кез келген кезеңінде
үзуге де болады. Бағдарлама жұмысы кезінде әзірлеу температурасы мен
уақытының зауыттық теңшелімдеріне 10 дейін өзгеріс енгізуге болады (11-ші
және келесі өзгерістер сақталмайды).
Өзіндік әзірлеу бағдарламасын жазу
Әзірлеу бағдарламасы аяқталысымен (дыбыс сигналынан кейін) 3 минуттың ішінде
(дисплейде уақыт керісінше секундтап есептеледі) "Отсрочка старта" түймешігін
басып ұстаңыз. Әдепкі бағдарлама теңшелімдері өзгереді. Егер бағдарламаны
сақтаудың керегі болмаса, "Подогрев/Отмена" түймешігін басыңыз.
Бағдарламаны қайта жаңғырту
1. "Меню" және "+"/"–" түймешіктерін басып, әзірлеу бағдарламасын таңдаңыз.
Егер бағдарламада жеке теңшелімдер сақталып тұрса, дисплейде әдепкі әзірлеу
уақытының орнына "----" белгісі жанады.
2. "Старт/Автоподогрев" түймешігін басыңыз. Бағдарлама жұмыс істеп тұрғанда
оның параметрлері өзгертілу кезінде сигнал естіледі.
Автожылыту функциясының сақталған бағдарламасы ойнатылғанда өшірілетін
болады, егер бұл теңшелімдермен қарастырылған болса (әзірлеу температурасы
бағдарлама жұмысы аяқталған соң 75°C-ден асқан). Қажет болса, автожылытуды
"Старт/Автоподогрев" түймешігін басып, ұстап тұрып қосуға болады ("Подогрев/
Отмена" түймешігінің индикаторы жанып тұрады).
RMC-250

KAZ

61

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis