Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Қауіпсіздік Шаралары - Redmond Multicooker RMC-250 Bedienungsanleitung

Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 24
Осы бұйымды пайдаланудың алдында оны пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият
оқыңыз және анықтамалық ретінде сақтап қойыңыз. Аспапты дұрыс пайдалансаңыз,
оның қызмет ету мерзімі көпке ұзарады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
• Қауіпсіздік техникасы талаптары мен бұйымды пайдалану
ережелерін ұстанбаудан туындаған зақымдар үшін өндіруші
жауапкершілікке тартылмайды.
• Аспап тек тұрмыстық пайдалануға арналған. Құрылғының
өндірістік немесе кез келген басқа пайдаланылуы бұйымды дұрыс
пайдалану ережелерінің бұзылысы болып табылады.
• Құрылғыны электр желіге қосудың алдында оның кернеуі аспап
қоректенуінің номиналды кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз
(бұйымның техникалық сипаттамасын немесе зауыттық
кестешесін қараңыз).
• Аспаптың тұтынылатын қуатына арналған ұзартқышты
пайдаланыңыз — параметрлердің сәйкес келмеуі қысқа
тұйықталуға немесе кабельдің тұтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Аспапты тек жерлендірілген розеткаға қосыңыз — бұл тоқ соғуға
қарсы қорғаныстың міндетті талабы. Ұзартқышты
пайдаланылғанда ол да жерлендірілгеніне көз жеткізіңіз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспап жұмыс істеп тұрғанда
оның корпусы, табағы мен металдық бөлшектері
қызады! Абай болыңыз! Асханалық қолғапты
пайдаланыңыз. Ыстық буға күйіп қалмау үшін
қақпақты ашқанда құрылғының үстінде еңкеймеңіз.
• Аспапты пайдаланған соң, сонымен қатар оны тазалау немесе
жылжыту кезінде розеткадан ажыратыңыз. Электр бауды сымынан
ұстамай, ашасынан құрғақ қолмен ұстап шығарыңыз.
• Электр қоректену бауын есіктен немесе жылу көздерінің қасында
жүргізбеңіз. Электр бауы бұралмауын және бүгілмеуін, өткір
заттарға, жиһаздың бұрыштары мен шеттеріне тимеуін байқаңыз.
• Есте сақтаңыз: электр қоректену кабелін кездейсоқ зақымдасаңыз,
кепілдік шарттарына сәйкес келмейтін ақауларға, сонымен қатар
60
электр тоғының соғуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Зақымданған
электр бауы сервис-орталықта жылдам ауыстыруды талап етеді.
• Аспапты жұмсақ бетке орнатпаңыз, оны жұмыс кезінде жаппаңыз
— бұл құрылғының қызуына және бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
• Аспапты ашық ауада пайдалануға тыйым салынады — құрылғы
корпусының ішіне ылғал немесе бөтен заттар тисе, қатты
зақымдар болуы мүмкін.
• Аспапты тазалаудың алдында ол электр желі д ен ажыратылғанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз. Аспапты тазалау бойынша
нұсқаулықтарды қатаң ұстаныңыз (" А спапты тазалау және күту" қараңыз).
Аспап корпусын суға батыруға немесе су ағынына
түсіруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
• Бұйым қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлғалардың байқауында
болмаған балалардың, тиісті біліктілік пен тәжірибесі жоқ,
сонымен қатар физикалық, сенсорлық, ақыл-ой қабілеттері
шектелген адамдардың пайдалануына арналмаған. Балаларды
қосылып тұрған аспаптың қасында қараусыз қалдырмаңыз.
• Аспапты өздігіңізбен жөндеуге немесе құрылымына өзгеріс
енгізуге тыйым салынады. Қызмет көрсету және жөндеу бойынша
барлық жұмыстарды авторландырылған сервис-орталық жасауы
керек. Біліксіз жасалған жұмыс аспаптың бұзылуына, жарақат
пен мүлік зақымдануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Назар аударыңыз! Аспапты кез келген ақау болғанда
пайдалануға тыйым салынады.
Техникалық сипаттамалары
Үлгі ......................................................................................................................................... RMC-250
Қуаты .............................................................................................................................. 860-1000 Bт
Кернеуі .......................................................................................................... 220–240 В, 50/60 Гц
Табағының көлемі ........................................................................................................................4 л
Табағының жабындысы ................................................................күйіп қатқанға қарсы қыш
3D-қыздыру ...................................................................................................................................бар
СК-дисплей ....................................................................................................................................бар
Бу шығаратын клапан...................................................................................................шешілмелі
Бағдарламалар
1. МУЛЬТИПОВАР
4. ВАРКА/БОБЫ (АСУ/БҰРШАҚ)
2. ТУШЕНИЕ (БҰҚТЫРУ)
5. СУП (КӨЖЕ)
3. ВЫПЕЧКА (ПІСІРМЕ)
6. ЖАРКА (ҚУЫРУ)
7. РИС/КРУПЫ (КҮРІШ/ЖАРМА)
15. ДИЧЬ (ЖАБАЙЫ ҚҰС)
8. МАКАРОНЫ (МАКАРОН)
16. МОЛОЧНАЯ КАША (СҮТТІ БОТҚА)
9. ПАР (БУ)
17. ФРИТЮР
10. ПЛОВ (ПАЛАУ)
18. ПИЦЦА
11. ДЕТСКОЕ ПИТАНИЕ (БАЛАЛАР ТАМАҒЫ)
19. ХЛЕБ (НАН)
12. ТВОРОГ (ІРІМШІК)
20. ДЕСЕРТЫ (ДЕСЕРТ)
13. ЙОГУРТ
21. ЭКСПРЕСС
14. ТОМЛЕНИЕ (ЖАСЫТУ)
Функциялары
"МАСТЕРШЕФ" (әзірлеу уақыты мен температурасын ақырын теңшеу; өзіндік
бағдарламаны жазу және қайта жаңғырту) ........................................................................бар
Дайын ас температурасын ұстау (автоысыту)..........................................24 сағатқа дейін
Автоысытуды алдын ала өшіру ...............................................................................................бар
Асты ысыту ..........................................................................................................24 сағатқа дейін
Стартты шегеру ...................................................................................................24 сағатқа дейін
Жинағы
Мультиасу .................................................................................................................................1 дана
Табағы ........................................................................................................................................1 дана
Шешілмелі ішкі қақпақ ........................................................................................................1 дана
Буда әзірлеуге арналған тіреуіш ......................................................................................1 дана
Буда әзірлеу контейнері ......................................................................................................1 дана
Табақ қысқышы ......................................................................................................................1 дана
Фритюрде қуыру үшін тұтқасы бар себет .....................................................................1 дана
Ожау ...........................................................................................................................................1 дана
Жалпақ қасық .........................................................................................................................1 дана
Аспаздық күрекше ................................................................................................................1 дана
Ожау/қасыққа арналған ұстағыш ....................................................................................1 дана
"200 рецепт" кітабы ..............................................................................................................1 дана
Пайдалану бойынша нұсқаулық .......................................................................................1 дана
Сервистік кітапша ..................................................................................................................1 дана
Электрқоректену бауы .........................................................................................................1 дана
Орамы ........................................................................................................................................1 дана
Өндіруші өз өнімін жақсарту барысында дизайны, жинағы, сонымен қатар
техникалық сипаттамаларына өзгерістерді бұл өзгерістер туралы қосымша
хабарламай енгізуге құқылы.
Мультипісіргіштің құрылымы A1
1. Аспаптың корпусы
10. Жалпақ қасық
2. Тасымалдау тұтқасы
11. Аспаздық күрекше
3. Аспаптың қақпағы
12. Буда әзірлеуге арналған тіреуіш
4. Шешілмелі ішкі қақпақ
13. Буда әзірлеу контейнері
5. Табақ
14. Табақ қысқышы
6. Конденсатты жинайтын контейнер
15. Фритюрде қуыруға арналған себет
7. Бу шығатын тесік
16. Ожау/қасыққа арналған ұстағыш
8. Дисплейі бар басқару панелі
17. Электрқоректену бауы
9. Ожау
18. Өлшеу стаканы
Басқару панелі A2
1. "Подогрев/Отмена" ("Ысыту/Болдырмау") түймешігі — ысыту функциясын қосу/
өшіру; әзірлеу бағдарламасы жұмысын тоқтату; енгізілген параметрлерді түсіру.
2. "Отсрочка старта" ("Стартты шегеру") түймешігі — шегерілген старт уақытын
орнату режимін қосу; осы режимде минут/сағат мәнін таңдауға ауысу; өзіндік
әзірлеу бағдарламасын жазу.
3. Дисплей.
4. "Старт/Автоподогрев" ("Старт/Автоысыту") түймешігі — таңдалған әзірлеу
бағдарламасын қосу; автоысыту функциясын алдын ала өшіру.
5. "t°С" түймешігі — автоматты бағдарламаларда дайындау температурасы мен
уақытын орнату режимін қосу ("ЙОГУРТ", "ЭКСПРЕСС" бағдарламасынан басқа).
6. "Меню" ("Мәзір") түймешігі — автоматты түрде әзірлеу бағдарламасын таңдау
режиміне ауысу; таңдалған бағдарламаның зауыттық теңшелімдеріне түсіру;
барлық бағдарламаларда әдепкі бойынша белгіленген параметрлерге оралу
(күту режимінде).

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis