Herunterladen Diese Seite drucken

Жұмыс Нұсқаулары; Қолмен Беру Машинасын Пайдалану - RIDGID K-400 Bedienungsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für K-400:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 65
K-400 Ағын құбырын тазалау машинасы
Жұмыс нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Көзді ластан және басқа бөгде заттардан қорғау үшін үнемі
көзді қорғау құралдарын пайдаланыңыз.
Тек RIDGID дренаждау құбырын тазалау қолғаптарын
ғана киіңіз. Айналатын кабельді басқа ештеңемен, соның
ішінде қолғаппен немесе шүберекпен қысуға болмайды.
Оларға кабель шырмалып, ауыр жарақат тудырады.
Қауіпті химикаттар не бактериялар болуы мүмкін ағын
құбырларын тазалау кезінде өрттер және инфекциялардың
алдын алу үшін қорғаныш жабдықты, мысалы, көзілдірікті,
бет қалқасын немесе респираторларды киіңіз. Машина мен
жұмыс аймағындағы химикаттар мен бактериялардан артық
қорғау үшін RIDGID ағын құбырды тазалау қолғаптарының
ішінен латекс, резеңке немесе басқа сұйықтық өткізбейтін
қолғаптар киіңіз. Каучук табанды, тайғанамайтын аяқ киім
сырғанаудың алдын алып, электр тогының әсіресе ылғал
беттерде соғуына жол бермейді.
Бұралған не кабельдерден, кабель ұшының бос тұруынан,
машинаның қисаюынан, химиялық өрттен, инфекциялардан
және басқалай себептерден жарақат алу қаупін азайту үшін
жұмыс нұсқауларын орындаңыз.
1. Машина мен жұмыс аймағының тиісті түрде онатылғанына
және жұмыс аймағында бөгде адамдар мен басқа да
назар аударушы нәрселердің жоқтығына кез жеткізіңіз.
2. Кабельді барабаннан тартып алып, барабанға салыңыз.
Кабельді ағын құбырына барынша салыңыз. Кабельдің
ұшы ағын құбырынан шықпайтындай етіп, кемінде бір фут
кабельді ағын құбырына салып, машинаны қосқан кезде
айналдыра олап тастаңыз.
3. Сәйкес жұмыс позициясын бағалаңыз.
• Аяқ қосқыштың ҚОСУ/ӨШІРУ әрекетін басқара
алатыныңызды және қажет болғанда аяқ қосқышты
жылдам босата алатыныңызды тексеріңіз. Аяқ қосқышты
әлі баспаңыз.
• Жақсы балансты сақтап тұрағыныңызды, артық
жүктеме жоғын және аяқ қосқышқа, ағын құбыр тазалау
машинасына, ағын құбырына құламайтыныңызды,
басқа қауіптердің жоқтығын тексеріңіз.
474
• Кабельдер ағын құбыры мен кептелу орнына салынған
кезде кабельдерді басқарып және ұстап тұру үшін
оларды үнемі кемінде бір қолмен ұстап тұра алуыңыз
керек.
• АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышы қолжетімді болуы керек.
Бұл жұмыс позициясы кабель мен машинаны бақылауға
көмектеседі. (12-суретті қараңыз.)
12-сурет – Жұмыс күйінде, кабельді қолмен беру
4. АЛҒА/ӨШІРУ/КЕРІ қосқышын АЛҒА (АЛҒА) позициясына
жылжытыңыз. Аяқ қосқышты әлі баспаңыз. АЛҒА/
ӨШІРУ/КЕРІ кабельді жылжыту бағытына емес, кабельді
айналдыруға арналған. Кабельді осы нұсқауларда
көрсетілмейінше, кері айналдыруға болмайды. Ағын
құбырын тазалаңышты КЕРІ бағытпен іске қосу кабельді
зақымдауы мүмкін.
Қолмен беру машинасын пайдалану
Екі қолыңызға да қолғап киіп, кабельді қысып ұстап, кабельде
аздаған дөңес болатын етіп, барабаннан кабельдің қысқа
бөлігінен (6-12 дюйм) тартыңыз. Қолғап киген қол кабельлерді
қолдау және ұстап тұру үшін оның үстінде болуы керек. Сәйкес
емес кабель тірегі кабельді майыстыруы не бұрауы және
кабельдерді зақымдауы не операторды жарақаттауы мүмкін.
(12-суретті қараңыз.)
Кабельді ағын құбырында іске қосу
Кабельдің кемінде бір шеті ағын құбырында екенін тексеріңіз.
Машинаны іске қосу үшін тепкішек қосқышын басыңыз.
Айналмалы кабельді ағын құбырына салыңыз. Қолыңыздағы
қолғаппен кабельге басқанда айналмалы кабель ағын
құбырына баяу өтеді. Кабельді бақылаушы адам, сонымен
қатар, тепкішек қосқышын қадағалауы тиіс. Бір адам
кабельді басқарып, екіншісі тепкішек қосқышын басқарғанда
ағын құбырын тазалау машинасымен жұмыс істемеңіз. Бұл
кабельдің бұралуына, шиыршықталуына және сынуына
әкеліп соғуы мүмкін. Кабельдердің шиыршықталуы, бұралуы
немесе сынуы ауыр жарақаттарға әкеліп соғуы мүмкін.

Werbung

loading