Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GUS 12V-300 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 107

Akku-scheren
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GUS 12V-300 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса
дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл
бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды
қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу
үшін құрал өшірілген және қосылған болып
пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл
дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша
қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр
құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту,
қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
Жинау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген
u
жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету,
т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін
тудырады.
Аккумуляторды зарядтау
Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау
u
құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау
құралдары сіздің электр құралыңыздың ішінде литий-
иондық аккумулятормен сәйкес.
Нұсқау: аккумулятор ішінара зарядталған күйде
жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану
үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық
зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін
қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады.
Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
әкелмейді.
Литий-иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" (электрондық элементтерді қорғау) арқылы терең
заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятор заряды жоқ
болса электр құралы қорғаныс схемасы арқылы
өшіріледі: алмалы-салмалы аспап басқа қозғалмайды.
Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/
u
өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе
аккумулятор зақымдануы мүмкін.
Аккумуляторды шығару (A суретін қараңыз)
Аккумуляторды (6) шығару үшін аккумуляторды босату
түймелерін (7) басыңыз және аккумуляторды электр
құралынан тартып шығарыңыз. Бұл ретте күш
салмаңыз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы (9) 3
жасыл түсті жарық диоды аккумулятордың (6) заряд
деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік тұрғысынан заряд
деңгейін электр құралының жұмыссыз күйінде ғана
шақыруға болады.
Bosch Power Tools
Заряд деңгейін көрсету үшін өшірілген электр құралында
заряд деңгейі индикаторының түймесін (8) басып
ұстаңыз.
Жарық диодтары
Үздіксіз жарық 3× жасыл
Үздіксіз жарық 2× жасыл
Үздіксіз жарық 1× жасыл
Жыпылықтау 1× жасыл
Құралды алмастыру
(B1−B2 суреттерін қараңыз)
Кескіш пышақты шығармас бұрын суытыңыз.
u
Кескіш пышақ жұмыс істегенде қызуы мүмкін.
– Домалатпа бұранданы (1) босатып, қорғаныш
қаптаманы (3) толықтай жоғары қарай жылжытыңыз.
– Бұрауыш көмегімен кескіш пышақты (10) оның
саңылауы ашылғанша бұраңыз.
– Жұқа, тұрақты затты (мысалы, шеге) кескіш пышақты
бұғаттау үшін ашық саңылауға салыңыз.
– Пышақты бекітуге арналған бұранданы (11) ➊ айналу
бағытымен бұрап босатыңыз.
– Кескіш пышақты бұғаттау үшін пайдаланылған затты
алып тастаңыз.
– Кескіш пышақты (10) сәл көтеріп, төмен қарай тартып
шығарыңыз.
– Жаңа кескіш пышақты ажарланған шетін сыртқа
қаратып құрал бекіткішіне орнатыңыз. Кескіш пышақ
құрал бекіткішіне тірелгеніне көз жеткізіңіз.
– Пышақты бекітуге арналған бұранданы (11) ➋ айналу
бағытымен қайтадан бұрап бекітіңіз.
– Қорғаныш қаптаманы (3) кесілетін материал
қалыңдығына сәйкес реттеп, домалатпа бұранданы (1)
бұрап бекітіңіз.
Қорғаныш қаптаманы реттеу
Электр құралын еш жағдайда қорғаныш
u
қаптамасыз пайдаланбаңыз.
Саусақтарыңызды жарақаттанудан оңтайлы түрде қорғау
үшін әр жұмыс деңгейінен бұрын қорғаныш қаптаманы
(3) кесілетін материал қалыңдығына сәйкес реттеңіз.
Бұл ретте домалатпа бұранданы (1) босатыңыз.
Қорғаныш қаптаманы (3) кесілетін материалмен босаған
күйде жанасатындай етіп реттеңіз (2−11 мм
диапазонында). Домалатпа бұранданы қайта берік бұрап
қойыңыз.
Қорғаныш қаптаманы (3) әр пайдаланғаннан кейін және
электр құралында кез келген жұмыстарды өткізуден
бұрын толықтай түсіріңіз.
Қазақ | 107
Қуаты
≥66 %
≥33 %
<33 %
Резерв
1 609 92A 557 | (11.10.2019)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis