Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GLL 3-50 Professional Originalbetriebsanleitung Seite 131

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GLL 3-50 Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
Рұқсат етілген ең жоғары 40 °C температурасынан
асқаннан соң лазер диодын қорғау үшін құрал өшеді.
Суығаннан соң өлшеу құралы қайта қосылуы мүмкін.
Өшу автоматикасын өшіру
Өлшеу құралы 30 мин жұмыс істегеннен соң автоматты
өшеді. Өшу автоматикасын өшіру үшін өлшеу құралын
қосуда пайдалану түрлері түймешігін 4 3 с басып тұрыңыз.
Өшу автоматикасы өшкенде лазер сызықтары 3 с соң
қысқа жыпылықтайды.
 Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз
қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан
соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін
шағылыстыру мүмкін.
Автоматты өшуді белсендету үшін өлшеу құралын өшіріп
қайта қосыңыз (пайдалану түрлері түймешесін 4 баспай).
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралында төрт пайдалану түрлері бар болып
оларды әрқашан ауыстыру мүмкін:
– көлденең күйдегі пайдалану (пайдалану түрі A):
көлденең лазер сызығын шығарады
– айқыш-ұйқыш сызықтармен пайдалану (пайдалану
түрі B): бір көлденең бір тік лазер сызығын шығарады
– тік күйдегі пайдалану (пайдалану түрі C): екі тік және
тікбұрышты лазер сызығын шығарады,
– көлденең мен тік күйде пайдалану (пайдалану түрі D):
бір көлденең және екі тік лазер сызығын шығарады
Барлық пайдалану түрлерінде еденге негізгі нүкте
шығарылады.
Қосудан соң өлшеу құралы "D" пайдалану түрінде болады.
Пайдалану түрін ауыстыру үшін пайдалану түрлері
түймешесін басыңыз 4.
Төрт пайдалану түрлерінің барлығын нивелирлеу
автоматикасымен немесе онсыз таңдауға болады.
Айқыш-ұйқыш сызықтармен және тік күйдегі пайдалануда
айналатын дөңгелекпен 18 вертикалды сызықтарды
өлшеу нысанасына дәл бағыттау керек.
Пульстік функция
Лазер қабылдауышымен 27 жұмыс істеу үшін – пайдалану
түріне – байланыссыз пульстік функцияны белсендіруге
болады.
Пульстік функцияда лазер сызықтары жоғары жиілікте
жыпылықтап, лазер қабылдауышы үшін 27 көрінетін
болады.
Пульстік функцияны қосу үшін 3 түймешесін басыңыз.
Пульстік функция қосулы болса көрсеткіш 2 жасыл
жанады.
Адам көзі үшін пульстік функция қосулы болғанда лазер
сызықтарының көрінісі төмендетіледі. Лазер
қабылдауышысыз жұмыс істегенде пульстік функциясын
3 түймешесін қайта басып өшіріңіз. Пульстік функция
өшірулі болғанда 2 көрсеткіші өшеді.
Bosch Power Tools
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын көлденең бекем табанға қойыңыз немесе
стандартты фотоштативте бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін
қосқыш/өшіргішті 14 төмендегі функцияға жылжытыңыз
"
on".
Нивелирлеу автоматикасы ±4° өз нивелирлеу
аймағындағы тегіс еместіктерді автоматты тегістейді.
Лазер сызықтары жыпылақтауды аяқтаса өлшеу құралы
нивелирленген болады.
Автоматты нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы өлшеу
құралы көлденең сызықтан 4° көп ауыған болса лазер
сызықтары жыпылықтайды. Бұл жағдайда өлшеу құралын
көлденең қойып, нивелирлеу аяқталғанша күте түрыңыз.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Жаңа
нивелирлеуден соң қателердің алдын алу үшін көлденең
немесе тік лазер сызығының күйін негізгі нүктелерге
салыстырып тексеріңіз.
Нивелирлеу автоматикасынсыз жұмыс істеу
Нивелирлеу автоматикасынсыз жұмыс істеу үшін
қосқыш/өшіргішті 14 төмендегі функцияға жылжытыңыз
"
on". Нивелирлеу автоматикасы өшкенде лазер
сызықтары ұзақ уақыт жыпылықтайды.
Нивелирлеу автоматикасы өшкенде өлшеу құралын еркін
қолда ұстау немесе қисайған табанға қою керек. Айқыш-
ұйқыш сызықтармен жұмыс істегенде екі лазер сызығы
бір біріне перпендикуляр ретте болмауы мүмкін.
Нивелирлеу дәлдігі
Дәлдікке әсер ететін жағдайлар
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден
жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін
ауытқуы мүмкін.
Еден жағынында температура өзгерістері қатты болғаны
үшін өлшеу құралын 20 м қашықтықтан бастап штативке
орнату керек. Өлшеу құралын мүмкіншілік бойынша
жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы
қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі
мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін
тексеріңіз.
Алдымен көлденең лазер сызығының биіктік және
нивелирлеу дәлдігін және тік лазер сызығының
нивелирлеу дәлігін тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы тексеруде максималды ауытқуды
арттырса, оны Bosch сервис орталығында жөндетіңіз.
Көлденең сызықтың биіктік дәлдігін тексеріңіз
Тексеру үшін 5 м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде A мен
B екі қабырғаның арасында керек болады.
– Өлшеу құралын А қабырғасының қасында штативке
немесе қатты тегіс табанда орнатыңыз. Өлшеу құралын
қосыңыз. Айқыш-ұйқыш сызықтармен пайдалануды
нивелирлеу автоматикасымен таңдаңыз.
Қaзақша | 131
1 609 92A 25M | (16.2.16)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis