Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch GLL 3-80 C Professional Originalbetriebsanleitung Seite 184

Linienlaser
Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GLL 3-80 C Professional:

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
184 | Қазақ
Пайдалану түрлерінің барлығын нивелирлеу
автоматикасымен немесе онсыз таңдауға болады.
Қабылдағыш режим
Лазер қабылдағышымен (28) жұмыс істеу үшін
пайдалану түріне байланыссыз қабылдағыш режимді
белсендіруге болады.
Қабылдағыш режимде лазер сызықтары жоғары жиілікте
жыпылықтап, лазер қабылдағышы үшін (28) көрінетін
болады.
Қабылдағыш режимді қосу үшін қабылдағыш режимінің
(5) пернесін басыңыз. Қабылдау режимі (6) индикаторы
жасыл түсте жанады.
Адам көзі үшін қабылдағыш режим қосулы болғанда
лазер сызықтарының көрінісі төмендетіледі. Лазер
қабылдағышысыз жұмыс істегенде қабылдағыш режимді
(5) түймешесін қайта басып өшіріңіз. Қабылдағыш
режимінің (6) көрсеткіші өшеді.
Нивелирлеу автоматикасы
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын көлденең жылжымайтын табанға қойып,
ұстағышта (24) немесе штативте (31) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/
өшіргішті (16) "
On" күйіне жылжытыңыз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° өз нивелирлеу
аймағындағы тегіс еместіктерді автоматты тегістейді.
Лазер сызықтары басқа қозғалмаса нивелирлеу
аяқталды.
Автоматты нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы өлшеу
құралы тұрған табан көлденең сызықтан 4° көп ауған
болса, лазер сызықтары жылдам жыпылықтайды. Сигнал
дыбысы қосулы болса сигнал жылдам тактта дыбыс
шығарады.
Өлшеу құралын көлденең қойып, өз нивелирлеу
аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы өз нивелирлеу
аймағында ±4° тұрса лазер сызықтары үздіксіз жанып,
сигнал дыбысы өшеді.
Пайдалану кезінде қағылулар болса немесе күй өзгерсе
өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Жаңа
нивелирлеуден соң қателердің алдын алу үшін көлденең
немесе тік лазер сызығының күйін негізгі нүктелерге
салыстырып тексеріңіз.
Нивелирлеу автоматикасысыз жұмыс істеу
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/
өшіргішті (16) " On" күйіне жылжытыңыз. Нивелирлеу
автоматикасы өшірулі болғанда нивелирлеу
автоматикасысыз жұмыс (4) көрсеткісі қызыл түсте
жанып, лазер сызықтары жай жыпылықтайды.
Нивелирлеу автоматикасы өшкенде өлшеу құралын еркін
қолда ұстау немесе қисайған табанға қою керек. Лазер
сызықтары бір біріне тік ретте болмайды.
1 609 92A 4F2 | (06.06.2018)
"Levelling Remote App" арқылы қашықтан
басқару
Өлшеу құралы Bluetooth® модулімен жабдықталған, ол
радио арқылы смартфоннан Bluetooth® интерфейсі
арқылы қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.
Бұл функцияны пайдалану үшін (App) "Levelling Remote
App" бағдарламасы керек болады. Оны соңғы құрылғыға
байланысты тисті App-Store-дан (Apple App Store, Google
Play Store) жүктеп алуға болады.
Bluetooth® байланысы үшін талап етілетін жүйелік
алғышарттар туралы www.bosch‑professional.com Bosch
интернет торабында табасыз
Bluetooth® арқылы қашықтан басқаруда мобильді соңғы
құрылғы мен өлшеу құралы арасында жаман қабылдау
шарттары пайда болады.
Bluetooth® қосу
Bluetooth® қашықтан басқаруға қосу үшін Bluetooth®
түймешігін (9) басыңыз. Мобильды құралыңызда
Bluetooth® ұяшығының белсенді болуын қамтамасыз
етіңіз.
Bosch бағдарламаларын бастаудан соң мобильды
құралмен өлшеу құралы арасында байланыс жасалады.
Бірнеше белсенді өлшеу құралы табылса керекті өлшеу
құралын таңдаңыз. Егер белсенді өлшеу құралы табылса
байланыс автоматты ретте жасалады.
Bluetooth® көрсеткісі (8) жанғанда байланыс бар болады.
Bluetooth® байланысы өлшеу құралы мен мобильді соңғы
құрылғы арасындағы ұзақ қашықтық немесе кедергі және
электрмагниттік ақаулық көздері себебінен үзілуі мүмкін.
Бұл жағдайда Bluetooth® көрсеткісі (8) жыпылықтайды.
Bluetooth® өшіру
Bluetooth® қашықтан басқару үшін өшіру үшін Bluetooth®
түймешігін (9) басыңыз немесе өлшеу құралын өшіріңіз.
Калибрлеу ескеруі CAL guard
CAL guard калибрлеу ескертуі өлшеу құралының күйін
бақылайды ол өшік болса да. Егер өлшеу құралы
аккумулятор немесе батарея арқылы энергия
жабдықтауысыз болса, ішкі энергия сақтағышы 72 сағат
ішінде сенсорлар ырқылы үздіксіз бақылауды
қамтамасыз етеді.
Сенсорлар өлшеу құралының алғашқы іске қосылуымен
белсендіріледі.
Калибрлеу ескертуінің іске қосылуы
Егер төмендегі оқиға пайда болса, калибрлеу ескертуі
CAL guard іске қосылып CAL guard (3) көрсеткісі қызыл
түсте жанады:
– Калибрлеу аралығы (әр 12 ай) өтті.
– Өлшеу құралы сақтау температурасы аймағынан тыс
сақталып тұр.
– Өлшеу құралы қатты қағылған (мысалы, құлап еденге
қағылғанда).
"Levelling Remote App" бағдарламасында үш оқиғаның
қайсысы калибрлеу ескертуін іске қосқанын көруге
болады. Бағдарламасыз себеп айқындалмайды, CAL
Bosch Power Tools

Quicklinks ausblenden:

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

Gll 3-80 cg professional