Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch PCM 8 S Originalbetriebsanleitung Seite 221

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für PCM 8 S:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 1
Шуыл бойынша ақпарат
Дыбыс шығару мәндері EN 62841-3-9 бойынша
есептелген.
A-мен белгіленген электр құралын шуыл деңгейі әдетте
төмендегіге тең: дыбыс күші 94 дБ (A); дыбыс қуаты
102 дБ (A). Өлшеу дәлсіздігі K = 3 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын кийіңіз!
Осы ескертпелерде берілген шуыл шығару мәні
нормалық өлшеу әдісі бойынша есептелген болып электр
құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдаланылуы
мүмкін. Ол шуыл шығару мәнін шамалап өлшеу үшін де
жарамды.
Берілген шуыл шығару мәні электр құралының негізгі
жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа
жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен
немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса шуыл шығару
мәндері өзгереді. Бұл жұмыс барысындағы шуыл шығару
мәнін арттырады.
Шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген
және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да
ескеру қажет. Бұл жұмыс уақытындағы шуыл шығару
мәнін төмендетеді.
Жинау
Электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол
u
бермеңіз. Орнату кезінде және электр
құралындағы барлық жұмыстарда желі айыры
тоққа қосылмауы керек.
Жеткізу көлемі
Ол үшін пайдалану нұсқаулығының
басындағы жинақ құрамының
сипаттамасын қараңыз.
Электр құралын алғаш рет іске қосудан бұрын төменде
жазылған бөліктердің барлығы жинақта бар-жоғын
тексеріңіз:
– Ара дискісі орнатылған панельдік ара
– Шаң жинағыш қап (23)
– жылжымайтын аралау үстелінің ұзартқышы (17) (2
дана),
бекіткіш бұрандалар (16) (2 дана)
– иілімді аралау үстелінің ұзартқышы (48) (2 дана)
– Бұрандалы қысқыш (19)
– Алты қырлы гайка кілті (38)
– Аударылудан қорғаныш қапсырма (30), бекіткіш
бұрандалары (42) бар
PCM 8 ST үлгісіндегі қосымша бөліктер (түпқоймасы
бар құрылғы нұсқасы)
Түпқойма
– Төменгі профильдер (F), (C) (әрқайсысы 4 дана)
– Байланыстыру профильдері (E), (D) (әрқайсысы 2
дана)
Bosch Power Tools
– Жоғарғы профильдер (A), (B) (әрқайсысы 2 дана)
– Астыңғы тақта (i) (2 дана)
Бекіту жинағы
– Түпқойманың бекіткіш бұрандалары (g) (26 дана)
– Фланецтік гайкалар (h) (30 дана)
– Электр құралының бекіткіш бұрандалары (j) (4 дана)
– Астына салатын шайбалар (k) (4 дана)
Нұсқау: электр құралында зақымдардың бар-жоғын
тексеріп шығыңыз.
Электр құралын пайдаланудан бұрын қорғаныш аспаптар
немесе кішкене зақымдалған бөліктердің ақаусыз және
тиісінше жұмыс істеуін мұқият тексеріп шығыңыз.
Жылжымалы бөліктердің ақаусыз жұмыс істеуін және
қысылмауын немесе бөліктердің зақымдалмағанын
тексеріп шығыңыз. Барлық бөліктер дұрыс орнатылған
және ақаусыз жұмыс істеуді қамтамасыз ететін барлық
шарттарға сай болуы керек.
Зақымдалған қорғаныш аспаптар мен бөліктер өкілетті
шеберханада жөнделуі немесе алмастырылуы тиіс.
Жинақтан тыс қосымша қажетті құралдар:
– Түпқойманы орнатуға арналған сақиналы немесе
айырлы кілт (12 мм)
Құрамдас бөліктерді орнату
– Жинақтағы құрылғы элементтерін орнату кезінде
жұмысты оңтайландыру үшін электр құралының
тасымалдау күйінде тұрғанына көз жеткізіңіз.
– Жинақтағы барлық бөліктерді абайлап орауыштан
шығарып алыңыз.
– Орауыш материалын электр құрылғысы мен
жинақтағы керек-жарақтардан толықтай алып
тастаңыз.
Аударылудан қорғаныш қапсырманы орнату (A
суретін қараңыз)
Электр құралын алғаш рет пайдаланудан бұрын
аударылудан қорғаныш қапсырманы (30) орнатуыңыз
керек.
– Электр құралын бұрап, оны қорғаныш қаптамаға (4)
және аралау үстеліне (8) абайлап қойыңыз.
– Аударылудан қорғаныш қапсырманы (30) тіреуіш
тақтадағы арнайы саңылауларға аударылудан
қорғаныш қапсырма мен тіреуіш тақта саңылаулары
сәйкес келгенше енгізіңіз.
– Бекіткіш бұрандаларды (42) бұрандалы саңылауларға
енгізіп, жинақтағы алты қырлы гайка кілтімен (38)
бұрап бекітіңіз.
– Электр құралын жұмыс істеу үшін дұрыс күйде
тұратындай етіп бұраңыз.
Аударылудан қорғаныш қапсырманы ешқашан
u
алып тастамаңыз. Аударылудан қорғалмаған электр
құралы тұрақты тұрмай, максималды еңіс бұрышында
аралау кезінде аударылуы мүмкін.
Қазақ | 221
1 609 92A 4DT | (06.12.2018)

Quicklinks ausblenden:

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Diese Anleitung auch für:

Pcm 800 sPcm 8st

Inhaltsverzeichnis