Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Пайдалану Нұсқаулары - Bosch GKT 55 GCE Professional Originalbetriebsanleitung

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GKT 55 GCE Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-1471-004.book Page 147 Wednesday, March 9, 2016 3:58 PM
Пайдалану нұсқаулары
Аралау дискілерін соқтығысудан және соққыдан
қорғаңыз.
Электр құралды біркелкі және кесу бағытында азғантай
қысыммен жүргізіңіз. Тым қатты қысым қондырманың
қызмет көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады және
электр құралды зақымдауы мүмкін.
Аралаудың өнімділігі және сапасы көбінесе аралау
дискісінің күйі мен пішініне байланысты. Сондықтан тек
өткір және өңделіп жатқан материалға жарайтын аралау
дискілерін пайдаланыңыз.
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Ағашты аралау
Аралау дискісін дұрыс таңдау ағаштың түріне және
сапасына, сондай-ақ, бойлай немесе көлденеңінен
аралауға байланысты.
Көлденеңінен аралау кезінде ұзын серіппелі жоңқа пайда
болады.
Емен мен шамшат шаңы денсулыққа өте зиянды,
сондықтан тек шаңсорғышпен жұмыс істеңіз.
Синтетикалық материалдарды аралау
Ескертпе: Синтетикалық материалдарды, әсіресе ПВХ-ны
аралау кезінде электрстатикалық заряд пайда болуы
мүмкін ұзын серіппелі жоңқа пайда болады. Жоңқа
шығатын жер 18 бітелуі мүмкін. Шаңды сорумен жұмыс
істеген жөн.
Электр құралды қосылған күйде бөлшекке жүргізіңіз және
оны жайлап аралаңыз. Содан кейін тістер жабысып
қалмауы үшін үзілістерсіз жұмыс істеңіз.
Түсті металдарды аралау
Ескертпе: Түсті металдарға арналған аралау дискісін
пайдаланыңыз. Бұл таза аралауды қамтамасыз етеді және
аралау дискісінің сыналануын болдырмайды.
Электр құралды қосылған күйде бөлшекке жүргізіңіз және
оны жайлап аралаңыз. Шағын берумен, үзіліссіз жұмыс
істеңіз.
Профильдерде аралауды әрқашан жұқа жағында
бастаңыз, U тәрізді профильдерде аралауды ешқашан
ашық жағынан бастамаңыз. Аралау дискісінің сыналануын
болдырмау және электр құралдың кері соққысын
болдырмау үшін ұзын профильдерді тіреңіз.
Жеңіл материалдарды (минералдық толтырғыштары
бар материалдар) аралау
 Жеңіл құрылыс материалдарын аралау кезінде заң
нұсқауларын және материал өндірушісінің
ұсыныстарын орындаңыз.
Жеңіл құрылыс материалдарын тек құрғақ күйде және тек
шаңсорғышпен бірге аралауға рұқсат етіледі. Әрқашан
бағыттауыш шинамен 29 (құрал) бірге жұмыс істеңіз.
Шаңсорғышта тас шаңын соруға рұқсат болуы керек.
Bosch осындай шаңсорғыштарды ұсынады.
Bosch Power Tools
Бағыттауыш рейка көмегімен аралау (D суретін
қараңыз)
Бағыттауыш рейканың 29 көмегімен түзу сызықпен
аралауды орындауға болады.
Бағыттауыш рейканың резеңке жиегі ағашты аралау
кезінде материалдың шығып кетуін болдырмайды. Бұл
үшін аралау дискісі тікелей резеңке жиекке тістерімен
тақалып тұруы керек.
Ең бірінші аралау алдында бағыттауыш рейка 29
көмегімен резеңке жиекті пайдаланылатын дискілік араға
туралау керек. Бұл үшін бағыттауыш рейканы 29
дайындаманың бүкіл ұзындығымен қойыңыз. Шамамен
9 мм аралау тереңдігін орнатыңыз және аралаудың тік
бұрышын реттеңіз. Дискілік араны қосыңыз және оны
жайлап басып, аралау бағытында жүргізіңіз.
Жалғау бөлшегінің 30 көмегімен екі бағыттауыш рейканы
жалғауға болады. Бекіту жалғау бөлшегінде орналасқан
төрт винт көмегімен жүзеге асырылады.
Тіреуішті басқа бағыттауыш планкаға сәйкестендәру
(E суретін қараңыз)
Тіреуішке 7 кірістірілген жіңішке ойықты тек керек-
жарақтар жағынан көрсетілген бағыттауыш бұрандаларды
пайдалану мүмкін. Тіреуішті басқа өндірушінің кеңірек
бағыттауыш жалғастырғыштық бағыттауыш планкаларға
сәйкестендіру үшін пластмассалық ішпекті 34 алып
қойыңыз. Араны бағыттауыш планкаға орнатып, керек
болса, екі домалатпа бұрандамен 35 ара мен бағыттауыш
планканың дәлдігін реттеңіз.
Параллельді тірек бар аралау (F–G суреттерін
қараңыз)
Параллельді тірек 14 дайындама жиегі бойымен дәл
аралауларды жүзеге асыруға және өлшемі бірдей
жолақтарға кесуге мүмкіндік береді.
Параллельді тіреуіштіе бағыттауыш рейкалары 14
тіреуіштегі бағыттауыштардан 7 өткізіп жылжытыңыз.
Қатпарлы бұрандаларды 10 екі жағынан суретте
көрсетілгендей орнатып, бірақ қатпарлы бұрандаларды
10 тартпаңыз.
Керекті кесік енін шкала мәні ретінде тиісті 32 немесе 33
кесік белгісінде реттеңіз, "Аралау бұрышының белгілері"
бөлімін қараңыз. Қатпарлы бұрандаларды 10 бұрап
бекітіңіз.
Қосымша тірекпен бірге аралау (H суретін қараңыз)
Үлкен дайындамаларды өңдеу және түзу жиектерді кесу
үшін дайындамада қосымша тірек ретінде тақтаны немесе
рейканы бекітуге боалды және дискілік тақтаны тірек
тақтасымен бірге қосымша тіректің бойымен жүргізуге
болады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Дұрыс және сенімді істеу үшін электр құралмен
желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Қaзақша | 147
1 609 92A 2B0 | (9.3.16)

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis