Herunterladen Inhalt Inhalt Diese Seite drucken

Bosch GKT 55 GCE Professional Originalbetriebsanleitung Seite 146

Vorschau ausblenden Andere Handbücher für GKT 55 GCE Professional:
Inhaltsverzeichnis

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 6
OBJ_BUCH-1471-004.book Page 146 Wednesday, March 9, 2016 3:58 PM
146 | Қaзақша
– 3 тұтқышын кері қайырыңыз. Онда ара бастапқы күйіне
оралады.
Шаңды және жоңқаларды сору
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
 Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар
және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу
қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге
канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал
тек қана мамандармен өңделуі керек.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
 Жұмыс орнында шаңның жиналуын болдырмаңыз.
Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Сыртқы сорғыш
Шаңсорғыш шлангын 31 (жабдық) жоңқаларды шығаруға
арналған келте құбырға 18 қосыңыз. Сорғыш шлангін 31
шаңсорғышқа қосыңыз (жабдықтар). Осы нұсқаулықтар
соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Электр құралды қашықтан іске қосу құрылғысы бар Bosch
фирмасының әмбебап шаңсорғышының штепсельдік
розеткасына бірден қосуға болады. Ол электр құрал
қосылғанда автоматты түрде іске қосылады.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ шаңдар
үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
 Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Аралау тереңдігін орнату (B–C суреттерін қараңыз)
 Аралау тереңдігін дайындаманың қалыңдығына
байланысты реттеңіз. Дайындаманы көру мүмкін
болуы үшін ол тістің толық биіктігінен азырақ болуы
керек.
Кесік тереңдігінің көрсеткішін 8 бағыттауын планкасыз
аралау үшін ең төменгі күйге  немесе бағыттауыш
планкамен аралау үшін ең жоғарғы күйге  бұраңыз.
Шаберді 27 басып керекті кесік тереңдігін (материал
қалындығы + ара дискісі тістерінің биіктігі) кесік
тереңдігінің шкаласында 6 реттеңіз.
1 609 92A 2B0 | (9.3.16)
Бағыт бұрышын реттеу
Қатпарлы бұрандаларды 11 мен 17 босатыңыз. Араны
бұраңыз. Қажетті өлшемді 9 шкаласында қажет мәнді
орнатыңыз. 11 мен 17 қатпарлы бұрандаларын қайта
бекітіңіз.
Араны – 1 ° немесе +47 ° еңіс бұрышында реттеу мүмкін.
Ол үшін қайыруда қосымша 16 пернесін – 1 ° еңіс бұрышы
үшін немесе 12 пернесін +47 ° еңіс бұрышы үшін
басыңыз.
Ескертпе: Бұрышпен аралау тереңдігі аралау тереңдігінің
шкаласында 6 көрсетілген саннан азырақ.
Аралау бұрышының белгілері (D суретін қараңыз)
0 аралау бұрышының белгісі° (32) тік бұрышпен аралау
кезіндегі аралау дискісінің күйін көрсетеді. 45 аралау
бұрышының белгісі° (33) 45° бұрышпен, бағыттауыш
рейканы пайдаланусыз аралау кезіндегі аралау дискісінің
күйін көрсетеді.
Пайдалануға ендіру
 Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдары 220 В жұмыс істеуі
мүмкін.
Қосу/өшіру
Электр құралын пайдалану үшін алдымен құлыптау
пернесін 2 басып кейін қосқыш/өшіргішті 1 басып ұстап
тұрыңыз.
Қосу блогы 2 басылғанда батыру құралы босатылып,
араны төмен басуға болады. Осылай ара дискісі
дайындамаға орнығады. Көтергенде ара бастапқы
қалпына түсіп, батыру құралы қайта құлыптанады.
Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті 1
жіберіңіз.
Ескертпе: Қауіпсіздік себебінен қосқыш/өшіргішті 1
құлыптауға болмайды, ол жұмыс істеу кезінде басылған
болуы қажет.
Энергия қуатын үнемдеу үшін электр құралын тек
пайдаланарда қосыңыз.
Іске қосу тогының шектеулері
Іске қосу тогын шектеудің электрондық жүйесі электр
құралды қосу кезіндегі қуатты шектейді және 16 А
розеткадан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Тұрақты электроника
Тұрақты электроника бос жүрісте және жүктеме кезінде
айналымдар санын тұрақты дерлік деңгейде сақтайды
және жұмыстың біркелкі өнімділігін қамтамасыз етеді.
Айналымдар санын таңдау
Айналымдар санын таңдайтын реттеуші арқылы 24 қажетті
айналымдар санын реттеуге болады.
Қажет айналымдар саны пайдаланылатын аралау
дискісіне байланысты (пайдалану нұсқаулығының
соңындағы аралау дискілеріне шолуды қараңыз).
Bosch Power Tools

Werbung

Inhaltsverzeichnis
loading

Inhaltsverzeichnis