•
Желдету ойықтарын құрғақ қылшақпен жайлап тазалаңыз.
•
Корпусты тек сәл суланған шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын
пайдаланбаңыз, өйткені олар пластмасса бөлшектерін зақымдауы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету
ЕСКЕРТУ
Ток соғу қаупі! Электрлік құрамдас бөлшектерді қате жөндеу ауыр жарақаттану мен өртке апарып
соғуы мүмкін.
▶ Аспаптың электр бөлігін жөндеуді тек маман-электрикке тапсырыңыз.
•
Барлық көзге көрінетін бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз
жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
•
Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда оны пайдаланушы болмаңыз. Бірден Hilti
қызмет көрсету орталығына жөндетіңіз.
•
Күтім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды
орнатып, жұмысын тексеріңіз.
Қауіпсіз қолдану үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен жұмсалатын материалдарды қолда-
ныңыз. Біз рұқсат еткен қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған керек-
жарақтар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group.
7.1
Ламельді ауыстыру
Тозған ламельді ауыстырыңыз.
1. Жұмыс құралын Keyless жылдам қысқыш гайкасы арқылы бөлшектеңіз.
2. Ламельді қорғаныс қақпағынан тартып шығарыңыз. Қажет болса, атауызды пайдаланыңыз.
3. Жаңа ламельді қорғаныс қақпағының науасына салып, орындарына бекітіңіз.
4. Жұмыс құралын Keyless жылдам қысқыш гайкасы арқылы бекітіңіз.
8
Тасымалдау және сақтау
•
Электр аспапты әрқашан ажыратылған ашасымен бірге сақтаңыз.
•
Аспапты құрғақ күйінде және балалар мен рұқсаты жоқ адамдардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
•
Электр аспапты ұзақ уақыт тасымалдаған не сақтаған соң, оны пайдалану алдында зақымдарының
бар-жоғын тексеріңіз.
9
Ақаулықтардағы көмек
Бұл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулықтар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Ақаулық
Аспап жұмыс істемейді.
*2204296*
Ықтимал себеп
Электр қамтуы жоқ.
Желілік кабель немесе аша
жұмыс істемейді.
Көмір қылшақтары тозған.
2204296
267
267
Шешім
▶ Басқа электр құралын жалғап,
жұмысын тексеріңіз.
▶ Желілік кабельді немесе
ашаны тексеру үшін электрші
маманға барыңыз және қажет
болса, ауыстырыңыз.
▶ Аспапты тексеру үшін
электрші маманға барыңыз
және қажет болса, көмір
қылшақтарын ауыстырыңыз.
Қазақ
269