16 Қызмет көрсету
► От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
► Желдету ойықтарын жаққышпен тазалаңыз.
► Көгалшапқышты тігінен қойыңыз.
► Пышақ айналасындағы аймақты және
пышақты ағаш таяқшамен, жұмсақ
щеткамен немесе дымқыл шүберекпен
тазалаңыз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
салыңыз.
Нұсқау
■ Құрылғы жоғары қысымды тазалағышпен
немесе ағынды сумен тазаланса, оған
зақым келуі мүмкін.
► Құрылғыны жоғары қысымды
тазалағышпен немесе ағынды сумен
тазаламаңыз.
16 Қызмет көрсету
16.1
Техникалық қызмет көрсету
аралықтары
Техникалық қызмет көрсету аралықтары
қоршаған орта шарттарына және жұмыс
шарттарына байланысты болады. STIHL
төмендегі техникалық қызмет көрсету
аралықтарын ұсынады:
Қозғалтқыш
► Қозғалтқышқа қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығында көрсетілгендей
техникалық қызмет көрсетіңіз.
Көгалшапқыш
► Көгалшапқышты жыл сайын STIHL
делдалына тексертіңіз.
16.2
Пышақты бөлшектеу және
монтаждау
16.2.1
Пышақты бөлшектеу
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тігінен қойыңыз.
0478-111-9815-B
► Пышақты (1) ағаш кесіндісімен (2) тіреп
қойыңыз.
► Шайбасы (3) бар бұранданы көрсеткі
бағытымен бұрап шығарыңыз да, алып
тастаңыз.
► Пышақты (1) шығарып алыңыз.
► Бұранданы (3) шайбасымен бірге кәдеге
жаратыңыз.
Пышақты (1) монтаждау үшін жаңа
бұранданы шайбамен бірге пайдаланыңыз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
салыңыз.
16.2.2
Пышақты монтаждау
► Қозғалтқышты өшіріңіз.
► От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
► Көгалшапқышты тігінен қойыңыз.
► Шайбасы (1) бар бұранданың ирек
оймасына Loctite 243 фиксаторын жағыңыз.
► Пышақты (2) тірек бетіндегі шығыңқы
жерлер ойықтармен жанасатындай етіп
орнатыңыз.
► Бұранданы шайбамен (1) бұраңыз.
► Пышақты (2) ағаш кесіндісімен (3) тіреп
қойыңыз.
► Шайбасы (1) бар бұранда 60 Нм тарту
моментімен тартыңыз
► От алдыру білтесі сымының штекерін
салыңыз.
16.3
Пышақты қайрау және
теңгеру
Пышақты дұрыс қайрау және теңгеру үшін көп
жаттығу қажет.
қазақ
305