Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch 3 601 K81 3 Originalbetriebsanleitung Seite 296

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 60
Астыңғы беттегі кеңірек нысандарды өлшеу индикаторының (i) және дәлдік
шкаласының (j) үздіксіз жоғары амплитудасы арқылы анықтауға болады. Жарық
сақинасы (1) сары түспен жанады. Жоғары амплитуданың ұзақтығы шамамен нысан
еніне сәйкес келеді.
Егер өте кішкентай немесе терең жатқан нысандар ізделсе және өлшеу
индикаторы (i) азғантай ғана ығысса, өлшеу құралын нысан үстінен көлденеңінен
және тігінен қайта-қайта жылжытыңыз. Дәлдік шкаласының (j) амплитудасына және
"Гипскартон" және "Металл" жұмыс режимдерінде орынды дәл анықтауға мүмкіндік
беретін нысан ортасының индикаторына CENTER (k) да назар аударыңыз.
Қабырғаны бұрғылау, аралау немесе фрезерлеуден бұрын басқа ақпарат
u
көздері арқылы қауіптерден сақтануыңыз қажет. Өлшеу нәтижелеріне
қоршаған орта әсерлері немесе қабырға сипаты әсер ете алатындықтан, өлшеу
индикаторы (i) датчик аймағында ешбір нысанды көрсетпеуі, дыбыстық сигнал
берілмеуі және жарық сақинасы (1) жасыл түспен жанып тұруы мүмкін.
Жұмыс режимдері
Жұмыс режимін тиісінше таңдау арқылы үздік өлшеу нәтижелеріне қол жеткізуге
болады. Металл нысандардың максималды анықтау тереңдігіне "Металл" жұмыс
режимінде қол жеткізуге болады. Кернеу өткізгіш сымдардың максималды анықтау
тереңдігіне "Ток кабелі" жұмыс режимінде қол жеткізуге болады.
Таңдалған жұмыс режимін кез келген уақытта жасыл түспен жанып тұрған жұмыс
режимінің индикаторы (4) арқылы анықтауға болады.
"Гипскартон" жұмыс режимі
"Гипскартон" жұмыс режимі гипскартон қабырғаларында ағаш пен металл
нысандарды табуға арналған.
"Гипскартон" жұмыс режимін іске қосу үшін "Гипскартон" жұмыс режимінің
түймесін (11) басыңыз. "Гипскартон" жұмыс режимі түймесінің үстіндегі жұмыс
режимінің индикаторы (4) жасыл түспен жанып тұрады.
Өлшеу құралын зерттелетін бетке қойғаннан кейін, жарық сақинасы (1) жасыл
түспен жанып, құралдың өлшеуге дайын болғаны туралы хабарлайды.
"Гипскартон" жұмыс режимінде қолжетімді барлық нысан түрлері табылып,
көрсетіледі:
(c)
металдан жасалмаған, мысалы, ағаш арқалықтар
(d)
магниттік емес, бірақ металл, мысалы, мыс құбыры
(e)
магниттік, мысалы, арматура
(f)
кернеу өткізгіш, мысалы, ток сымы
Bosch Power Tools
Қазақ | 243
1 609 92A 7ZF | (21.06.2022)

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

D-tect 120 professional