Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch 3 601 K81 3 Originalbetriebsanleitung Seite 290

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 60
Өлшеу құралы технологияға байланысты жүз пайыздық қауіпсіздікке
u
кепілдік бермейді. Қауіпті жағдайларды есептен шығару үшін әр қабырға,
төбе немесе еденді бұрғылау, аралау немесе фрезерлеуден бұрын құрылыс
жоспары, құрылыс фазасындағы фотосуреттер және т.б. ақпарат көздерін
пайдаланыңыз. Ауаның ылғалдығы немесе электр аспаптарына жақын болу
сияқты қоршаған орта әсерлері өлшеу құралының дәлдігіне әсер етуі мүмкін.
Қабырғалардың сипаты мен күйі (мысалы, ылғал, металл қамтитын құрылыс
заттары, ток өткізетін кілемдер, оқшаулау материалдары, плиткалар) және
нысандардың саны, түрі, өлшемі мен күйі өлшеу нәтижелеріне теріс әсер етуі
мүмкін.
Өлшеу кезінде жерге тұйықталудың жеткілікті болғанына көз жеткізіңіз.
u
Жерге тұйықталу жеткіліксіз болса (мысалы, оқшауланған аяқ киімнен немесе
сатыда тұрғаннан), кернеу өткізгіш сымдардың орналасқан жерін анықтау мүмкін
болмайды.
Егер ғимаратта газ құбырлары бар болса, қабырғаларда, төбелерде немесе
u
едендерде кез келген жұмыстарды өткізгеннен кейін газ құбырларының
зақымдалмағанын тексеріңіз.
Ток тұтынушылары (мысалы, шамдар, құрылғылар) ізделетін сымға жалғанған
u
және қосылған жағдайда, кернеу өткізгіш сымдарды оңай табуға болады.
Қабырғаларда, төбелерде немесе едендерде бұрғылау, аралау немесе
фрезерлеуден бұрын ток тұтынушыларын өшіріп, кернеу өткізгіш
сымдарды ажыратыңыз. Барлық жұмыстардан кейін астыңғы бетте тұрған
нысандар кернеу көзіне қосылмағанын тексеріңіз.
Заттарды гипскартон қабырғаларына бекіткен кезде, әсіресе астыңғы
u
конструкцияны бекіткенде қабырғаның немесе бекіткіш материалдардың
жеткілікті тұрақтылығын тексеріңіз.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы қабырғалар, төбелер мен едендерде металдарды (қара және түрлі-
түсті металдар, мысалы, арматура), ағаш арқалықтарды және кернеу өткізгіш
сымдарды іздеуге арналған.
Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймақтарда пайдалануға арналған.
Bosch Power Tools
Қазақ | 237
1 609 92A 7ZF | (21.06.2022)

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

D-tect 120 professional