Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch 3 601 K81 3 Originalbetriebsanleitung Seite 295

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 60
242 | Қазақ
Егер шамамен 5 минут ішінде өлшеу құралында ешқандай түйме басылмаса және
ешбір нысан анықталмаса, өлшеу құралы батарея зарядын үнемдеу үшін автоматты
түрде өшіп қалады.
Дисплей жарығын қосу/өшіру
Дисплей жарығының түймесі (6) арқылы дисплей жарығын қосып өшіруге болады.
Дыбыстық сигналды қосу/өшіру
Дыбыстық сигнал түймесі (7) дыбыстық сигналды қосып өшіруге мүмкіндік береді.
Дыбыстық сигнал өшіп тұрғанда, дисплейде дыбыстық сигнал индикаторы (a)
жанады.
Жұмыс істеу қағидасы (B суретін қараңыз)
Өлшеу құралы арқылы датчик аймағының (13) астыңғы беті A өлшеу бағытымен
максималды анықтау тереңдігіне дейін зерттеледі. Қабырға материалынан
айырмашылығы бар нысандар анықталады.
Өлшеу құралын қабырға үстінен B бағытымен тік сызық бойынша жылжытыңыз.
Өлшеу құралын әрдайым көтермеу немесе қысу күшін өзгертпей, сәл басу арқылы
астыңғы беттің үстінен жылжытыңыз.
Өлшеу кезінде жылжымалар (12) астыңғы бетке әрдайым тиіп тұруы керек.
Өлшеу процесі
Өлшеу құралын тексерілетін бетке қойып, B бағытымен жылжытыңыз.
– Егер өлшеу құралы нысанға жақындаса, өлшеу құралындағы (i) амплитуда
көтеріліп, жарық сақинасы (1) сары түспен жанады.
– Өлшеу құралы нысаннан алыстаса, амплитуда төмендейді.
– Нысан ортасының үстінде өлшеу индикаторы максималды амплитуданы
көрсетеді; жарық сақинасы (1) қызыл түспен жанып, дыбыстық сигнал беріледі.
Нысандар кіші болған немесе терең жатқан жағдайда, жарық сақинасы (1) сары
түспен жанып тұрады және дыбыстық сигнал берілмейді.
Кеңірек нысандар жарық сақинасы немесе дыбыстық сигнал арқылы бүкіл
u
ені бойынша көрсетілмейді.
Нысанның орналасқан жерін дәлірек анықтау үшін өлшеу құралын бірнеше рет (3×)
нысан үстінен ары-бері жылжытыңыз. Барлық жұмыс режимдерінде дәлдік
шкаласы (j) автоматты түрде іске қосылады. Дәлдік шкаласы, нысан датчик
ортасының астында болғанда немесе өлшеу индикаторы (i) максималды
амплитудаға жеткенде, толық амплитуданы көрсетеді. Оған қоса "Гипскартон" және
"Металл" жұмыс режимдерінде нысан ортасының индикаторы CENTER (k) да
жанады.
1 609 92A 7ZF | (21.06.2022)
Bosch Power Tools

Werbung

loading

Diese Anleitung auch für:

D-tect 120 professional