Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch EasyChain 18V-15-7 Originalbetriebsanleitung Seite 212

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 3
212 | Қазақ
Жүріс және тұрыс бойынша жалпы нұсқаулар
( Gсуретін қараңыз)
– Құралды алғашқы рет қолданатын пайдаланушылар
ағаш діңгектерін кесуді алдымен діңгектерді тұғырық
үстіне қойып үйреніп алуы тиіс.
– Бұтақ-кескіш араны денеңіздің жағынан, Өзіңізге
ыңғайлы болған қолыңызбен ұстаңыз.
– Жылжымалы шынжыр қорғағышы (1) қосымша
тұтқаны қорғау үшін орнатылған. Құрал ағашты кесіп
жатқан уақытта осы қорғағыш жоғарыға қарай
жылжиды. Кесу әрекеттері аяқталғаннан кейін осы
шынжыр қорғағыш (1) өзінің бастапқы позициясына
кері қайтады.
– Ара шынжыры ағашпен жанасу алдынан толық
жылдамдықпен жүріп тұруы қажет.
– Арамен жұмыс істегенде ара шынжырына күшпен
баспаңыз, оны тек қана ұстап, өз-өзімен жұмыс
істетіңіз.
– Бұтақ-кескіш араны әлі аяқталмаған кесіктен ара
шынжыры іске қосылып тұрған қалыпта шығарыңыз.
– Арамен кесік жасау соңында сақ болыңыз. Бұтақ-
кескіш ара бір кескіш жиегімен жұмыс істей
бастағаннан сәттен бастап ауырлық күші кездейсоқ
түрде өзгеріледі. Аяқтардың жарақаттанып қалу қаупі
бар.
Араның кері соғуы (H суретін қараңыз)
Ара шынжырын ешқашан алып тастамаңыз немесе
өзгертпеңіз! Араның ұшы кездейсоқ түрде ағашқа қарсы
басылғанда кері соққыға жол бермеу үшін, осы ара
шынжырының кездейсоқ іске қосылып кетуін
болдырмайтын қорғаныс жүйесімен жабдықталған.
Араның кері соғуы деген ұғым жұмыс істеп тұрған бұтақ-
кескіш араның, шапқы ұшы кесілетін өнімді түртіп
қалғанда немесе ара қысылып ілініп қалғанда пайда
болатын, жоғарыға және артқа қарай кездейсоқ соға
бастауын білдіреді.
Араның кері соққысы пайда болғанда бұтақ-кескіш ара
күтпеген түрде әрекеттене бастап, қолданушының немесе
арамен кесу жұмысы өткізіліп жатқан аумақта тұрған
басқа адамдардың ауыр жарақаттануына апара алады.
Бүйірлі кесімдер, бойынан және ұзындығынан жасалатын
кесімдер аса абай түрде жасалуы тиіс, сондықтан қауіпті
жағдайларда жарақаттануларды болдырмау үшін Қосу/
Өшіру түймешігін (5) босатып жіберіңіз.
Араның кері соққысын болдырмау үшін төменгідей
әрекеттенуіңіз лазым:
– Бұтақ-кескіш араны мүмкін болғанша тегіс қылып қоя
отырып жұмыс істеңіз.
– Ешқашан кеңейтілген немесе аса тозып қалған ара
шынжырымен жұмыс істемеңіз.
– Дөкір болып қалған ара шынжырын алмастырыңыз.
– Иықтарыңыздың биіктігінен жоғары болған өнімдерді
ешқашан арамен кеспеңіз.
F 016 L94 333 | (23.05.2023)
– Ешқашан шапқы ұшымен кеспеңіз.
– Бұтақ-кескіш араны әрқашан екі қолыңызбен бекем
ұстап жүріңіз.
– Әрқашан тек қана Bosch компаниясы арқылы рұқсат
етілген, кері соққыны болдырмайтын не азайтатын
шынжырлы араларды қолданыңыз.
– Шынжырдың кернеуі лайықты түрде орнатылғанына
назар аударыңыз.
Ағаш діндерін / отын кесу (хх I1 және
I2суреттерін қараңыз)
– Ағаш діндерін кесу үшін тегіс және тұрақты жерге
қойылған аралау тіреуін қолданыңыз.
– Тек қана ағаштар мен ағаштан жасалған заттарды
аралап кесіңіз. Аралап кескен барысында тас, шегелер
және т. б. тиіп қалмауға назар аударып жүріңіз, себебі
осындай заттар жоғарыға қарай шашылып, шынжырда
зақымдай алады немесе құрал пайдаланушысының не
құрал айналасында болған адамдардың ауыр түрде
жарақаттанып қалуына апара алады.
– Ағаш діндерін арамен кесу алдынан оларды әрқашан
қауіпсздендеріп бекітіп алыңыз.
– Ағаш діндерінің қысылып қалуына немесе ара
шынжырының сыналануына жол бермеу үшін,
діңгектерді әрқашан белгіленген қауіпсіздендіру
нүктелері үстінен кесіңіз.
– Ара шынжыры ешқашан жер немесе жұмыс жеріндегі
кесу жабдықтарына тиіп қалмауына көз жеткізіп
жүріңіз.
– Сүрініп қалу қауібіне апара алу себебінен ағаш
түбірлеріне, бұтақтарға, тамырларға және т.б. назар
аударыңыз.
– Мәндері Техникалық сипаттамасында көрсетілген кесу
мәнінен (130 мм) асып кететін ағаштарды осы
құралмен кеспеу лазым.
Бұтақта немесе ағашта бұтақшаларды қию (J
суретті қараңыз)
– Бұтақшаларды кесу деген ұғым шабылып құлатылған
ағаштан немесе ірі бұтақтан бұтақшаларды кесіп алуды
білдіреді.
– Ағашты тіреп тұратын үлкенірек, төменге қарай
бағытталған бұтақтарды жұмыс барысы басында
кеспей ағашта қалдырыңыз.
– Шағын бұтақшаларды бір кесу әрекетте кесіп алып
тастаңыз.
– Бұтақтарды/бұтақшаларды кескенде абай болыңыз,
себебі олар кері серіппелі әрекетпен кері соғуы
мүмкін.
– Бұтақ-кескіш араны ешқашан басқышта тұрып немесе
иық биіктігінен жоғары ұстап қолданбаңыз.
– Шынжыр жылдамдығы кесу кезінде тұрақты түрде
қалса, аралау барысы оңтайландырылады.
Bosch Power Tools

Werbung

loading