Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch EasyChain 18V-15-7 Originalbetriebsanleitung Seite 206

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 3
206 | Қазақ
артқы тұтқасынан, ал екінші қолыңызды қосымша
тұтқасынан ұстаңыз. (F суретін қараңыз)
Бұтақ-кескіш араны тек қана оқшауланған
u
тұтқаларынан ұстаңыз, себебі шынжырлы ара
көзге көрінбейтін электр кабелдеріне тиіп қалуы
мүмкін. Ара шынжыры кезкелген электр тоқ өткізгіш
кабелдеріне жанасып тиіп кетуі осы құралдың
металдан жасалған бөлшектерін кернеу астына қойып,
электр соққысына апаруы мүмкін.
Көзді қорғайтын құралдарды киіп жүріңіз.
u
Қорғаныс құлаққаптарын, бас, қолдар мен
аяқтарды қорғайтын жеке қорғаныс құралдарын
киіп жүріп жұмыс істеуіңіз лазым. Лайықты
қорғаныс құралдарын киіп жүріп жұмыс істеу жұмыс
барысында ұшып жататын жоңкалар арқылы мен ара
шынжырын кездейсоқ түрде түртіп қалу арқылы пайда
бола алатын жарақаттану қауібін азайтады.
Бұтақ-кескіш арамен ешқашан ағаш, басқыш,
u
шатыр немесе тұрақсыз тірек үстінде тұрып жұмыс
істемеңіз. Бұтақ-кескіш арамен бұл түрде жұмыс істеу
ауыр жарақаттануға апара алады.
Әрқашан тұрақты түрде тұрғаныңызға назар
u
аударып, бұтақ-кескіш араны тек қана бекем,
қауіпсіз және тегіс жер үстінде тұрғаныңызда
қолданыңыз. Сырғанақ болған табан немесе тұрақты
емес тұру жерлер теңгерімнің жоғалуына немесе
бұтақ-кескіш араның басқарылуының жоғалуына
апаруы мүмкін.
Кернеу астында тұрған бұтақтарды кескенде осы
u
бұтақ қатты қайтарым бере алатынына назар
аударыңыз. Ағаш талшықтарындағы кернеу
босатылып шыққан уақытта осы кернеу астында тұрған
бұтақ араны қолданып тұрған адамға тиіп, және/
немесе осы адамның бұтақ-кескіш ара үстінен
бақылауды жоғалтуына апара алуы мүмкін.
Әсіресе аласа ағаштар топтары мен жас ағаштарды
u
арамен кескенде аса сақ болыңыз. Олардың
жіңішке материалы ара шынжырында шатасып оралып
қалып, шынжырды араның өзіңізге қарай жүре қалуы
немесе өзіңізді тепе-теңдіктен шығарып жіберуі
мүмкін.
Бұтақ-кескіш араны өшіріліп қойылған қалыпта
u
алдыңғы тұтқасынан ұстап тасуыңыз лазым, оны
тасып жүргенде ара шынжыры алғы жаққа қарап
тұруы керек. Бұтақ-кескіш араны тасымалдағанда
немесе сақтауға қойғанда әрқашан оның үстінен
шынжырды қорғау жапқышын жауып қою қажет.
Бұтақ-кескіш араны ұқыпты түрде қолдану арқылы
жұмыс істеп тұрған ара шынжырымен кездейсоқ
жанасып қалуы мүмкіншілігі азайтылады.
Майлау, шынжыр кернеуі бойынша, сонымен
u
қатар шапқы мен шынжырды алмастыру бойынша
нұсқауларға сай әрекет етіңіз. Лайықсыз түрде
керілген немесе майланған шынжырлар жыртылып
кете алады немесе қайта соққы қауібін арттыра алады.
Тек қана ағаш кесу үшін. Бұтақ-кескіш араны
u
мақсатталмаған жұмыстар үшін қолданбаңыз.
F 016 L94 333 | (23.05.2023)
Мысалы: Бұтақ-кескіш араны металл, пластмасса,
тас қалаулары немесе ағаштан жасалмаған
құрылыс материалдарын кесу үшін қолданбаңыз.
Бұтақ-кескіш араны мақсатталмаған жұмыстар үшін
қолдану қауіпті жағдайларға апаруы мүмкін.
Осы бұтақ-кескіш ара ағаштарды кесіп құлату үшін
u
мақсатталмаған. Бұтақ-кескіш араны мақсатталған
түрден тыс жұмыстар үшін пайдалану осы құралды
пайдаланытан адамның немесе жанында тұрған
адамдардың ауыр түрде жарақатталуына апара алады.
Құралда қысылып қалған материалды алып тастау
u
барысында, бұтақ-кескіш араны сақтауға қойғанда
немесе құрал бойынша күтім жұмыстарында осы
құжат бойынша барлық нұсқауларға сай әрекет
етіңіз. Алдымен құралдың ажыратып-қосқышы
өшіріліп және аккумуляторы шығарылып қойылғанын
тексеріп алыңыз.
Кері соққының пайда болуы себептері мен оларды
u
болдырмау жолдары:
– Жүргізу шинасының ұшы кез келген бір затқа
жанасып тигенде немесе ағаш бүгіліп, ара шыншыры
кесілген жерде қысылып тұрып қалғанда кері
соққының пайда болуы мүмкін.
– Кейбір кездерде, жүргізуші шинасының ұшын түртіп
қалу кездейсоқ артқа қарай бағытталған реакцияға
апарып, осы реакция салдарынан жүргізу шинасы
жоғарыға қарай және қолданушы бағытына қарай
соғылып апарылуы мүмкін.
Ара шынжыры жүргізу шинасының ұшында қысылып
қалуы шинаны дереу қолданушы бағытына кері итеріп
жіберуі мүмкін.
– Осы реакциялардың әрқайсысы ара ұстау мен
қолдану бойынша бақылауды жоғалтып, қатты
жараланып қалуыңызға апаруы мүмкін. Тек қана бұтақ-
кескіш араны ішіне құрастырылып орнатылған
қауіпсіздік құрылғылар жүйесіне сүйенуге болмайды.
Бұтақ-кескіш араның пайдаланушы ретінде Өзіңіз,
апаттар мен жарақаттануларға жол бермей жұмыс
істей алу үшін, түрлі сақтандыру шараларын қолданып
жүруіңіз лазым.
Кері соққы бұтақ-кескіш араны қате немесе жаңылыс
түрде пайдалану салдарынан пайда болады. Төменде
көрсетілгендей, лайықты қауіпсіздік шараларын
қолдану арқылы осы кері соққының пайда болуына
жол берілмейтін болады:
Қолдарыңыздың басбармақтары мен
u
бармақтарын бұтақ-кескіш араның тұтқалары
айналасынан бекем ұстап отыра, араны екі
қолыңызбен бекем ұстаңыз. Денеңіз бен
қолдарыңызды кері соққы күштеріне қарсы тұрып,
төзе алатындай тұрысқа қойыңыз. Лайықты
шаралар қолданылғанда құрал пайдаланушысы кері
соққы күштеріне қарсы тұрып, оларға төзе алады.
Бұтақ-кескіш араны ешқашан қолдарыңыздан босатып
шығарып жібермеңіз.
Денеңізді лайықсыз және қалыпсыз тұрыста
u
ұстамаңыз және кесілетін өнімдерді
иықтарыңыздан биігірек болғанда кеспеңіз.
Bosch Power Tools

Werbung

loading