Herunterladen Diese Seite drucken

Bosch EasyChain 18V-15-7 Originalbetriebsanleitung Seite 210

Werbung

Verfügbare Sprachen
  • DE

Verfügbare Sprachen

  • DEUTSCH, seite 3
210 | Қазақ
Құрастырып орнату
Аккумуляторды енгізу/шығару ( Dсуретін
қараңыз)
Нұсқау: Лайықты болмаған аккумуляторларды қолдану
құралдың дұрыс істемеуіне немесе зақымдануына апара
алады.
Қуаттандырылған аккумуляторды (16) енгізіңіз.
Аккумулятордың толығымен енгізіліп қойылғанын
тексеріңіз.
Аккумуляторды (16) құралдан шығарып алу үшін,
аккумуляторды бұғаттан шығару түймешігін (25) басып,
аккумуляторды шығарып алыңыз.
Аккумуляторды қуаттандыру
Желі кернеуіне назар аударыңыз! Тоқ көзінің
u
кернеуі қуаттандыру құралының зауыттық
тақташасындағы мәндеріне сай болуы тиіс. 230 В
белгісімен белгіленген қуаттандыру құралдары
220 В жұмыс істей алады.
Аккумулятор, температура деңгейінің тек 0 °C мен 35 °C
арасында ғана қуаттандыруды мүмкін ететін температура
бақылаушы жүйесімен жабдықталған. Осының
арқысында аккумулятордың жұмыс уақыты ұзақ болуы
қамтамасыз етіледі.
Нұсқау: Құрал сатылып не жеткізіліп берілген кезде оның
аккумуляторы жартылай қуаттандырылған қалыпта
болады. Аккумулятор жұмысының толық көлемін
қамтамасыз ету үшін оны алғашқы рет пайдалану
алдынан алдымен толығымен қуаттандырып алыңыз.
Литий-иондық аккумуляторды әрқашан қуаттандырып
отыруға болады, бұл оның пайдалану мерзімін ешбір
түрде қысқартпайды. Қуаттандыру барысын үзу
аккумулятордың зақымдануына апармайды.
Литий иондық аккумулятор "Electronic Cell Protection
(ECP)" жүйесі арқылы терең қуатсызданудан қорғалған.
Аккумулятор толығымен қуатсызданып қалған жағдайда
құрал қорғау жүйесі арқылы өшіріліп қойылады: Бақ
электрбұйымы жұмыс істемей тұр.
Құралдың автоматты түрде өшірілгенінен кейін
қосқыш/өшіргіш түймешігін қайта баспаңыз. Бұл
аккумулятордың зақымдауына апаруы мүмкін.
Аккумуляторды кәдеге жарату туралы нұсқауларын
ескеріңіз.
Қуаттандыру барысы
Құрал желі айыры электр розеткасына енгізіліп,
аккумуляор (16) қуаттандыру құралына енгізілген сәтте
қуаттандыру барысы басталады.
"Ақылды" қуаттандыру әдісі арқасында аккумулятордың
қуаттандыру күйі автоматты түрде белгіленіп отырып,
аккумулятор температурасы мен кернеуіне қарай отыра
оңтайлы түрде қуаттандыру тоғы таңдалып отырылады.
Осының арқасында аккумулятор қорғалып, қуаттандыру
құралында сақталғанда әрқашан толығымен қуаттанған
қалпында қала береді.
F 016 L94 333 | (23.05.2023)
Ара шынжырын құрастырып орнату және
керу (B1 – B7 суреттерін қараңыз)
Құрастырып орнату үшін ешбір аспапты
u
қолданбаңыз.
Жұмыс барысында араның керілу күйін жүйелі
u
түрде тексеріп жүріңіз. Бұтақ-кескіш араны қате
түрде теңшелген немесе қате керілген шынжырмен
пайдалану шынжырдың үзіліп қалуына, кері соққыға
және/немесе жарақаттануға апара алады.
Әсіресе жаңа ара шынжырларын қолданғанда
u
алғашқы уақытта кеңейтудің жоғары бола алуына
назар аударуыңыз лазым.
Ара шынжыры тым қызып тұрғанда оны кермеңіз,
u
себебі ол суытылғаннан кейін тартылып және
тарылып қалып, одан кейін шапқыға тым жақын
жатуы мүмкін.
Тек қана жетек буынының қалыңдығы (ойық ені)
u
1,1 мм болатын ара шынжырларын
пайдаланыңыз.
– Бұтақ-кескіш араны тегіс бір жер үстіне жатқызып
қойыңыз.
– Керу шығыршығы (2) толығымен сағат тілі бағытына
қарсы бұрылып қойылғанына көз жеткізіңіз.
– Ара шынжырын (14) шапқының (15)ұясына енгізіңіз.
Дұрыс жүріс бағытына назар аударыңыз, ол үшін ара
шынжырын жүріс бағыты белгісімен және кесу бағыты
белгісімен (19)салыстырыңыз.
– Шыпқыны (15) бекіту болты (21) үстінен орнатып,
шынжыр бөлшектерін шынжыр шығыршығы
(24)айналасынан бекітіңіз.
– Бөлшектердің барлығы дұрыс орнатылғанын тексеріп,
шапқы мен ара шынжырын осы позицияда ұстап
тұрыңыз. Шынжыр тізбегін туралау кезінде қосымша
көмек ретінде магнитті (20) қолданыңыз.
– Шынжыр жартылай керілгенше дейін керу
шығыршығын (2) сағат тілі бағытымен бұрыңыз.
– SDS жапқышые (11) үстінен салып, кернеу түймешігін
(12) сағат тілі бағытымен, жапқыш жартылай бекітіліп
қойылғанынша дейін, бұрыңыз.
– Керу шығыршығын (2) лайықты шынжырлы кернеу
орнатылғанша дейін сағат тілі бағытымен (+) бұрыңыз.
Ара шынжыры (14), оны оның ортасынан шамамен
2−3 мм көтере алу мүмкін болғанда, дұрыс кернелген
деп саналады.
– Дұрыс кернеу мәні орнатылғанда кернеу түймешігін
(12) сағат тілі бағытымен, кернеу түймешігі бекем
орнатылғанша дейін, бұрып, кернеу түймешігіндегі
(12) иінтіректі төменге қарай бұрыңыз. Шынжыр
шинасы орнатылған позицияда бекітілді. Керу
шығыршығын (2) әріғарай бұрамаңыз.
– Шынжыр тым қатты керілген жағдайда кернеу
түймешігіндегі (12) иінтіректі жоғарыға қарай бұрап,
одан кейін оны сағат тілі бағытымен жартылай
бұрыңыз. Керу шығыршығын (-) бағытына қарай
бұрап, керу үшін арналған қадамдарды қайталаңыз.
Bosch Power Tools

Werbung

loading